«Paint» графикалық редакторында практикалық жұмыс (4-5)
Бұл мақала 2452 рет оқылды, 20 рет бүгін
Алматы облысы
Райымбек ауданы. №2 Кеген орта мектебі
Информатика пәнінің мұғалімі
Нұрқалиева Жансая
Сабақтың мақсаты: Редактордың құрал-саймандарын дұрыс пайдалана білу және командаларды орындай алу қызметін меңгерту.
Дамытушылық мақсаты: Графикалық бейнелеу жұмыстарын орындау арқылы бейнелік ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Эстетикалық талғамын қалыптастыру, нәтиже алуға және уақытты үнемдеуге дағдыландыру.
Сабақтың типі: Оқушы білімін бекіту.
Әдісі: Деңгейлеп – саралап оқыту.
Пәнаралық байланыс: геометрия, бейнелеу өнері.
Сабақтың түрі: практикалық.
Көрнекілік: Компьютер, үлестірмелі қағаздар, бағалау парағы.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушыларды түгендеу.
2. Оқушыларға сабақтың мақсатын, барысын айту.
Бүгінгі сабағымыз үш кезеңнен тұрады: бірінші кезең: тест оқушылардың осыған дейін алған білімдерін тексеру мақсатында. Екінші кезең: әр оқушыға өз деңгейдеріне қарай қағаз бетіне салынған суреттер таратылады. Сол суреттерді компьютер бетіне түсірулері керек. Үшінші кезең: оқушылардан қызықты диктант алынады. Осы үш кезеңді бағалай келе, ең соңында қорытынды баға шығады.
1-кезең
1. «Paint» графикалық редакторы не үшін қажет?
А) жазу үшін;
В) сурет салу үшін;
С) есеп шығару үшін.
2. «Paint» графикалық редакторының терезесінің элеметтерін атаңдар.
А) тақырып жолы, жұмыс алаңы, мәзір қатары, құралдар, бояу тақтайшасы;
В) тақырып жолы, жұмыс алаңы, құралдар, бояу тақтайшасы;
С) тақырып жолы, жұмыс алаңы.
3. Негізгі түс қалай таңдалады?
А) тышқанның оң жақ батырмасын басу арқылы;
В) тышқанның сол жақ батырмасын басу арқылы;
С) ешқандай батырма баспай таңдауға болады.
4. Сызық қалыңдығы қалай таңдалады?
А) сызық қалыңдығы таңдалмайды;
В) қаріпті үлкейту керек;
С) сызық құралын таңдағанда төменгі жақта сызық түрлері шыққанда.
5. Үнсіз келісім кезінде фондық түс және кескін түсі қандай болады?
А) фондық түс қара, кескін түсі ақ;
В) фондық түс ақ, кескін түсі қара;
С) фондық түс қызыл, кескін түсі көк болады.
6. Тышқанның оң батырмасымен сурет салуға болады ма?
А) болады, бұл кезде сурет фондық түспен салынады;
В) болмайды, сурет тек сол батырмасы көмегімен салынады;
С) болады.
7.Салынған суреттің көшірмесін қалай алуға болады?
А)суретті белгілеп алып, Сурет-Көшіру-Қою командаларын орындау арқылы;
В) Суретті белгілеп алып, CTRL +C пернесін басу;
С) Түр – Көшіру – Қою.
8. Суретті баспаға шығару әректі қалай орындалады?
А) суретті белгілеп алып Файл – Баспаға жіберу;
В) Файл - Жіберу;
С) Файл – Форма макеті – Баспаға жіберу.
2-кезең
Әр оқушыға деңгейлік тапсырмалар беріледі.
3-кезең
«Қызықты диктант». Мұғалім берілген тапсырманы оқиды, ал оқушылар сол тапсырмаларды компьютерде орындайды.
- Үлкен шеңбер салыңдар.
- Сол шеңбердің төменгі бөлігін өшіріңдер. Сол кезде доға пайда болады.
- Кішкентай шеңбер салыңдар.
- Сол шеңбердің үш рет көшірмесін жасап, бірінен соң бірін орналастырыңдар.
- Оларды доғаның астына орналастырыңдар.
- Кіші шеңберлердің төменгі бөліктерін өшіріңдер.
- Центрінен бастап түзу сызық жүргізіңдер.
Сол кезде қандай сурет шықты? (Қолшатыр)
Бағалау. Оқушылардың білімдерін бағалау.
Үйге тапсырма беру.
Ұқсас тақырыптар:
- Информатика. Paint графикалық редакторында жұмыс істеу.
- Инф-7. «Информатика патшалығында» СТС.
- Paint графикалық редакторында үзінділермен жұмыс жасау. Саяхат-сабақ
- И-10. Программалаудың құрлымдық, модульдік әдістері.
- Информатика. Paint еліне саяхат.
- Paint графикалық редакторының командалары. Мәтіні бар сурет салу.
- Открытый урок по информатике на тему: «Панель инструментов. Палитра цветов. Меню»
- Информатика 5-7. Paint графикалық редакторы.
- Информатика. Ашық сабақ әзірлемесі. «Мәтінді басу. Алмасу буферімен жұмыс жасау, көшіру деректерді енгізу.»
- Инф-7. Компьютерде графикалық ақпараттарды өңдеу. Paint графиктік редактор.