Архивтеу программалары. Инф-8.
Мақсаты:
• Архив түсінігімен таныстыру;
• Архивтік программалардың түрлерімен таныстыру;
• WinRAR программасымен жұмыс істеу тәртібі;
САБАҚ БАРЫСЫ:
І. Ұйымдастыру сәті: оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, оқушыларды түгендеу, сынып журналын толтыру
ІІ.Өткен сабақты қайталау:
1. Компютерлік вирус дегеніміз не?
2. Вирус түрлері;
3. Антивирустық программалар;
ІІІ. Жаңа сабақ өту
1. Архивтеу туралы мәлімет.
Файлдарды ұзақ сақтау үшін немесе компьютер желісі арқылы оңай әрі тез тасымалдау үшін файлдар арнайы файлдық менеджерлер және арнайы архивтеу программалары көмегімен архивтеледі (сығылады).
Архивтеу алгоритмдері мен әдістері. Мәліметтерді еш нұқсансыз (жоғалусыз) архивтейтін әртүрлі архивтеу алгоритмдері бар. Мәліметтерді қайтадан қалпына келтіргенде ол бастапқы күйге келеді. Мәліметтерді сығудың ең қарапайым алгоритмі (мәтінде бірдей символдар тізбегі, ал графикалық редакторда - бір түспен боялған облыс және т.б болуы мүмкін) қайталанатын биттерді алмастыруға негізделген. Мысалы, мәтінде 10 байт болатын 10 бос орын тізбегі қатар келеді. Архивтеу барысында ол 3 байтпен (бірінші байт - алмастырылатын символды кодтайды; екінші байт - архивтеу жалаушасын көрсететін арнайы байт, ол бірінші байттағы байттарды архивтен тізбек түрінде ашу қажеттілігін көрсетеді; үшінші байт - қайталанатын байттар санын көрсетеді) алмастырылады .
2. Архивтеуші программалардың түрлері.
Файлдарды архивтейтін көптеген арнайы программалар - архиваторлар (WinZip, WinRAR, PowerArchiver жѕне т.б.) бар.
Ең көп тараған архивтеу және оларды басқару құрылғыларының бірі - MS-DOS, Windows, Linux жѕне т.б. жүйелерде жұмыс істей алатын, толық орысшаланған WinRAR архиваторы болып табылады.
WinRAR RAR және ZIP архивтерімен жұмыс істеуге, сонымен бірге мәліметтерді сығудың тиімді алгоритмдерін қолданып көптомды және өзі ашылатын архивтер және сол сияқтыларды құруға мүмкіндік береді.
3. WinRAR программасы.
Файлдарды архивтеу.
WinRAR архиваторының көмегімен файлдардарды архивтеуді, және файлдарды архивтен қайтадан алуды ұйымдастыруға болады.
1. WinRAR архиваторын іске қосыңыз.
2. Файлдарды белгілеңіз және Командалар-Архивке файл қосу командасын енгізіңіз
1-сурет (үстінгі). WinRAR архиваторының терезесі.
Жаңа архив құру барысында архивтеу параметрлерін беру керек. Ең алдымен архивтік файл атын және дискідегі оның сақталынатын орнын беру қажет. Одан кейін архивтеудің RAR немесе ZIP форматын таңдау қажет.
WAV форматындағы дыбыстың және BMP форматындағы графикалық файлдарды архивтеу үшін қосымша сығу дәрежесі кәдімгі әдістен 30 %-ға жоғары арнайы мультимедиа-сығу әдісін қолдануға болады. Ол үшін:
1. Архив аты және параметрі тақтасында төмендегі архивтеу параметрлерін беру керек:
- архивтік файл аты;
- архивтің дискідегі сақталатын орны;
- архив пішімі;
- сығу ѕдісі;
- сљөдік өлшемі;
- том өлшемі;
- жағалау әдісі;
- архивтеу параметрі.
2-сурет (астынғы). Архив атын және параметрін көрсету терезесі.
2. Файлдарды архивтен шығару үшін алдымен архивтік файлдарды таңдап алып, [Командалар-Таңдалған архивтен шығару] командасын енгізу қажет.
IV. Сабақты бағалау, үй тапсырмасы.
Ұқсас тақырыптар:
- Үздік информатик (стс).
- Информатика. «Үздік информатик» (стс).
- Сабақтар көшіру-2009.
- Операциялык жуйе (ашық сабақ).
- И-7. Windows-тың негізгі обьектілері (ашық сабақ).
- Информатика, матемтаика. «Жыл - информатигі» (стс).
- Сабақтар көшіру-2010.
- И-10. Программалаудың құрлымдық, модульдік әдістері.
- Информатика пәні 7-8-10-сынып бойынша жыл стандарты
- Информатика 7-11. Оқу бағдарламасы, барлық сыныптар бойынша толық түсіндірмелерімен (екі бағыт).