Әлмерек Абыздың жетім баланы асырап алуы
Бұл мақала 1200 рет оқылды, 5 рет бүгін
Әлмерек Абыз үлкен жиынға кетіп бара жатып, жолда қозы бағып жүрген, арып-ашыған жеті-сегіз жасар бір балаға кезігіпті. Сол жерге ат шалдырып отырып, баланы шақырып алады да,
-Балам қай баласың- деп жөн сұрайды.
-Мен мына Көрімбайдың малшысымын. Олар мені керуеннен сатып алыпты. Ата-анам жаугершілікте қаза болған. Көрімбай маған жазда қой баққызады. Ақысына тамағымды да жөндеп бермейді. Тіпті қой сауып ішсем, біліп қойса сабап тастайды- деп мұңын шағады бала. Әлмерек Абыз жер қайысқан малы бар Көрімбайдың шықбермес екенін білуші еді. Ел оны қаламақ тектес деп жақтырмайтын. Оның үстіне ата-анасы жау қолынан қаза болған балаға мейірімі түседі. Осы жолы да жоңғарға қарсы көтерлістің жай-жапсарын талқылауға бара жатыр еді.
-Балам шешінші денеңді көрейін -деді. Бала шешінген соң арқасындағы қалын көріп, көңіліне түйіп алады. Кетерінде баланы әбден тойғызып алып былай депті:
-Балам ата-анаң да табылар, жауға да шабарсың, кегіңді де аларсың -деп батасын беріп жүріп кетіпті. Алқалы жиында жоңғарға қарсы соғыс ашу мәселесі шешілген соң, Әлмерек Абыз билер мен сұлтандарды, байларды жиып алып:
-Уа, халайық мен осыдан 4 жыл бұрын баламды жоғалттым. Жау шапқанда жұртта қалыпты. Соның дерегін білетіндер бар ма? Баламның арқысында, оң жақ жаурынында қалы бар. Көрсем таныр едім. Осыны ескере жүріңіздер деп хабар салыпты.
Көп ұзамай Әлмерек Абызға сүйінші сұраған хабар келеді. Бірақ Көрімбай баланы бергісі келмеген соң, билер сотына береді. Сол жерде баланы шешіндіріп, қалын көрген соң билір бір ауыздан Әлмеректің пайдасына үкім шығарады. Ата-анасы соғыста қаза болған баланың еңбегін жеген Көрімбайға айып салып, бүкіл жылқысын соғыс мақсатына алып сарбаздарға таратып беріпті. Ол баланы Атамыз Найза деп атапты. Өз баласындай етіп тәрбиелеп, үйлендіріп, еншісін беріп шығарады. (Қошпанов Әбдрақман ақсақалдың әңгімесінен)
Сол баладан (Найза атамыздан) Әлмерек Абыз бес немере көреді. Бесеуі де найзагер батыр болып шағады. Жайшылықта найзаларын шаңырақтан шығарып қояды екен. Үйлері қатар отырғанда, алыстан келе жатқан алдамға алдымен көзге бес найза көрінеді екен. Сол себепті осы бес баланың ұрпақтары Құрманның ішіндегі “Бес найза” аталып кетеді. Бұл әңгіме атақты жазушы Бердібек Соқпақбаевтың “Өлгендер қайтып келмейді” деген кітабында айтылған.
Әлмерек Абыз ұрпақтарының шежіресі. Егер сіз бұл шежіреде жоқ болсаңыз, өзіңіздің Әлмеректен басталатын шежіреңізді жазып сайт авторының эл.почтасына жіберіңіз. Әлмерек Абыз туралы ғылыми, көркем шығармалар жазам деген ғалымдар мен жазушылар шығып жатса Абыз ұрпақтары демеуші болуға келіседі. Хабарласыңыздар.
Әлмерек Абыз ұрпақатарының шежіресін білетіндер болса маған жіберулеріңізді өтінем.
Күмбезді жасатқан және құрлысын жүргізген, басқа да қол ұшын берген азаматтарға АЛЛАның нұры жаусын! Алматы қаласының шығыс жағындағы Әлмерек Абыз күмбезінің қазіргі шырақшысына деген азаматқа Абыз ұрпақтары атынан алғысымызды айтамыз!
Ермек Мырзагелді мырзаның жетекшілігіндегі Тегін емдеу орталықтары қазіргі күні Қазақстанның барлың аймақтарынан ашылып жатыр. Алматы қаласында тегін емдеу мекемесі мына адрес бойынша табасыз:
ул. Матезалке-55
(Саяхат автовокзалынан төмен қарай бір аялдама)