Өткен жылдар жемісі. Тәуелсіз Қазақстаның тарихи кезеңдері (ТС материалдары).
5 Ноябрь 2013 – 09:32 | Нет комментариев

Саирова Назира К. Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы білім бөлімінің әдіскері.
1990- 25 қазанда Қазақстан Егемендігі туралы Декларация қабылданды.
1991-Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты республикамыздың Президенті етіп сайлайды.
16-желтоқсанда Қазақстан республикасы жоғарғы сессиясы «Тәуелсіз демократиялық және құқықтық мемлекет»-деп …

Читать запись полностью »
Информатика

Бәрі информатикаға байланысты

Педагогика

Тәлім-тәрбиеге байланысты материалдар

Басқа пәндер

Ұстаздар шығармашылығы

Оқушылар шығармашылығы

Главная » Әлмерек абыз

Әлмерек ұрапақтары: Әлмерек Абыз атындағы теггін емдеу сауықтыру орталығы және Ермек Мырзагелді

Опубликовал в 20 Август 2011 – 16:29Комментариев 4
Әлмерек ұрапақтары: Әлмерек Абыз атындағы теггін емдеу сауықтыру орталығы және Ермек Мырзагелді

Әлмерек Абыз атындағы теггін емдеу сауықтыру орталығы:

Алматы қаласы, Өтеген батыр (Мате Зальке) №56 үй.
Сайран автовокзалынан төмен қарай жарты аялдама жерде.

Үйдің маңдайшасында “Әулие Әлмерек Абыз атындығ тегін емдеу, рухани сауықтыру” орталығы деген жазуы бар. Келгендерді кедергісіз қабылдай берді. Дертіне шипа іздеп келген қазақ та, орыс та, өзбек те, шешен де толып жүр. Емдеудің барлық түрі тегін.  Мысалы Бішкекте темекіні қойдыру үшін үш күндік сенастқа 1000 доллар сұрайтынын интернеттегі жарнамадан оқығам.

Алғаш келгендерге мынандай шарттар қояды:
1. Ең бастысы (жазылам, емделем, темекіні қоям -дегендей) сеніммен келу;

2. Емнің барлық түрі құран арқылы жүргізілетіндіктен толық дәретпен келу;
3. Садақа (шамамен 300 тг. міндетті емес) салуға ұсыныс айтады.

Егер бара қалсаңыз, көрмесеңіз сенбейтін не бір қызықтарға куә боласыз.

Сұрақтарыңыз болса мына нөмірге телефон шалып көріңіз:

Самат Кеңесұлы 8 778 368 78 52,  8 747 452 94 15

Гаухар (жетекші): 8 702 138 5000

Ермек Мырзагелдінің интервьюінен

Мырзагелдиев Ермек 1957 жылы Алматы облысы, Кеген ауданы, Шырғанақ ауылында дүниеге келдім. 1974 жылы Ыдырыс Көшкінов атындағы орта мектепті бітіріп 1974-1979 жылы Қазақ Мемлекеттік Университетін бітірдім, екінші Алматы халық шаруашылығы институтын 1986 жылы бітірдім. Екі жоғары білімім бар. 1979 жылдан 1983 жылдарда Кеген ауданының Кеген мал бордақылау бірлестігінде экономист, Кеген ет-сүт совхозында экономист, Кеген ауыл шаруашылық бөлімінде бас экономист болып қызмет істедім. 1984-1997 жылдарда Еңбекшіқазақ ауданында салық бөлімінде инспектор, Алматы облыстық салық комитетінде, Қаржы министрлігінде бас маман болып жұмыс істедім.

1997 жылдан Қазақстан халық емшілер ассоциациясының вице-президенті болып жұмыс істеймін. 2004 жылдан К3-1/8 куәлігі бойынша Халықаралық дәстүрлі халық медицинасы, психологтар және емшілер ассоциациясының Қазақстан Республикасы бойынша вице-президенті болып тағайындалдым. 2005 жылдан 0015 куәлігі бойынша “Всемирное объединение земной цивилизации, знахарей, целителей, эниоинженеров” қауымдастығына вице-президенті болып тағайындалдым.

Халық емшілігінде сіңірген еңбегім үшін “Жұлдызды магистр” орденімен және Халықаралық жәрежедегі ұстаздық еңбегі үшін орденімен марапатталдым. 2005 жылы Москва қаласында Дүниежүзілік “Элита” съезіне делегат болып қатыстым.

1. Қазақстанның құрметті Халық емшісі атағы берілді.

2. Шығыс халықтар медицинасының магистрі атағы беріліп, оның алтын медалі берілді.

3. Гиппократ атындағы күміс медалімен,

4. Алтын “пирамида” медалімен,

5. Ресей мұсылмандар қоғамының алтын медалімен,

6. ІІІ мыңжылдықтың үздік емші атағы мен алтын медалімен марапатталдым.

7. Ресей халқының Халық емшісі атағын алдым.

8. Қазақстан емшілер қауымдастығының құрметті мүшесі және оның алтын медалімен марапатталдым.

9. Ресей Халық емшілігін дамытудағы еңбегі үшін І- дәрежелі алтын медалімен марапатталдым.

10. Дүниежүзілік ең үздік магистр атағы беріліп, алтын белгісімен марапатталдым.

11. Франциядағы Халықаралық М.Нострадамус атындағы академияның толық мүшесі және академик атағы беріліп, алтын белгісімен марапатталдым.

Жәнібек шежіресі кітабынан

авторы:

Әбілқасым Нұрмұқанбетов

Сайтқа жіберген Алматылық Назым /жиен қыз/

 

Ұқсас тақырыптар:

Комментариев 4 »

Оставьте комментарий

Вы должны войти , чтобы оставить комментарий.