2 Апрель 2014 – 20:52 | Нет комментариев

Темиржанoва Меруерт Асетовна. I деңгей мұғалімінің портфолиосы А есебі №1 топ  Павлодар қаласы.
Әлем елдерi тәжiрибеciнде әр елдiң, әр мемлекеттiң өзiне тән oрта бiлiм
беру жүйеci мен мектеп үлгici, oрта мектептердiң, әр-қайcыcының қалыптаcқан өзiндiк iшкi құрылымы бар. …

Читать запись полностью »
Информатика

Бәрі информатикаға байланысты

Педагогика

Тәлім-тәрбиеге байланысты материалдар

Басқа пәндер

Ұстаздар шығармашылығы

Оқушылар шығармашылығы

Главная » Информатика, Таңдаулы

Microsoft Word-қа саяхат

Опубликовал в 3 Апрель 2014 – 17:31Нет комментариев

 Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Алтынсарин атындағы орта   мектептің информатика пәнінің мұғалімі Тазаабекова Дильдара Маликовна

Сабақтың тақырыбы:  
Сабақтың мақсаты: Білімділік мақсаты:     Оқушылардың MS WORD редакторы бойынша алған білімдерін  қорытындылау, теориялық білімдерін практикада қолдана білуге   дағдыландыру
Дамытушылық мақсаты: оқушылардың шығармашылық, ойлау қабілеттерін дамыту
Тәрбиелік мақсаты:      оқушыларды ұқыптылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу,    адамгершілікке баулу
Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, презентация, тест, жауап парағы, үлестірмелі карточкалар
Сабақтың түрі:  Қайталау саяхат сабағы

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
ІІ. «Сұрақтар аралы»
ІІІ. «Тапсырмалар аралы»
ІҮ. «Ойындар» аралы
Ү. Қорытынды

І. Үйымдастыру бөлімі Оқушылармен амандасу, оларды түгендеу, сабаққа дайындықтарын тексеру
ІІ. «Сұрақтар аралы» Оқушыларға тест сұрақтарын тарату, жауабын жауап парағы арқылы тексеру

  1. 1.      Microsoft  Word – ты  қалай  іске  қосамыз?

А)  Пуск – Программы – Станддартный – Microsoft  Word Ә)  Пуск – Программы – Microsoft  Word Б)  Пуск – Документы– Microsoft   Word

  1. 2.      Құжатты  қалай  сақтаймыз?

А)  Файл – Печать   Ә)  Вставка – Сохранить как    Б)  Файл – Сохранить как

  1. 3.      Пішімдеу деп . . .

А)  Мәтіндік  құжаттарды  рәсімдеу  бойынша  жүргізілетін  әр түрлі әрекеттерді  айтады. Ә)  Беттерді  нөмірлеу  әрекеттерін  айтады. Б)  Құжаттарды  баспаға  шығару  әрекеттерін  айтады.

  1. 4.      Баспаға  беру  командасы

А)  Сервис – Настройка      Ә)  Правка – Печать                 Б)  Файл – Печать      5. Мәтінге суретті қалай енгіземіз?
А) Вставка – Рисунок      Ә) Главная – Рисунок          Б) Правка – Рисунок  

ІІІ. «Тапсырмалар аралы» 1-тапсырма. Үлестірмелі карточкалар арқылы жұмыс жасау.

Тапсырма №1

Берілген мәтінді тер және бірінші сөйлемнің бірінші сөзін жартылай қалыңдатып жаз, екінші сөйлемнің екінші сөзін жантайтып жаз . Жаңылтпаш - қазақ ауыз әдебиетінің шағын жанры. Жаңылтпаш ойын-сауыққа жиналған жұртты күлдіру, жас ұрпақтың тілін ұстартып, әр түрлі сөзді шапшаң айтуға үйрету мақсатымен пайда болған.

Тапсырма №2

Мына берілген мәтінді тер және оны көшіріп төрт рет жаз. Туралау әрекеттерін орында (оң, сол, ортасына, екі жақ шеттері бойынша). Компьютер адамзаттың өркениет жолымен дамуына ықпал ететін басты құралдардың бірі екені даусыз. Қай салада болмасын компьютер кеңінен қолданылып, адамдар тіпті онсыз өмір сүруін елестете алмайтындай дәрежеге жетті.

Тапсырма №3

Мәтіннің өлшемін – 16, түсін – жасыл, сол жақ туралауда, түрін – жартылай қарайтылған курсивті қылып пішімдеңіз.

«Ер жігіттің екі сөйлегені өлгені, еменнің иілгені - сынғаны»

 2--тапсырма. Шығармашылық жұмыс. Әр оқушы досына арналған құттықтау хатын жазып, оны қалауынша безендіреді.

 ІҮ. «Ойындар аралы» «Өткір көз». Оқушылардың есте сақтау қабілетін тексеру үшін тақтада бірнеше заттар бейнеленген сурет көрінеді және ол 1 минуттан кейін жасырылып қойылады. Оқушылар орындарында отырып көрген суреттерінің аттарын MS WORD редакторында жазып отырады.

Ү. Қорытынды 1. Үйге тапсырма: Мәтіндік редакторға байланысты сөзжұмбақ құрастыру. 2. Оқушыларды бағалау

Ұқсас тақырыптар:

Оставьте комментарий

Вы должны войти , чтобы оставить комментарий.