Тақырыбы: Мыс
Атырау облысы Индер ауданы М.Мөңкеұлы атындағы орта мектебі. Нурланова Гулдана Нурлановна Химия-биология пәні мұғалімі
Мақсаты:
Білімділік : Мыс туралы өз бетінше білім алуларына жағдай жасалып, оның физикалық, химиялық қасиеттерімен таныстырылып, сиппатталды.
Дамытушылық: Салыстыру, талдау топта бірін-бірін силау ойды құрметтеуге үйрету, химиялық тілмен сөйлесу мәдениетін, ой өрісін, шығармашылық мүмкіндігін дамыту.
Тәрбиелік: топтасып жұмыс істеу, ұйымшылдыққа, белсенділіке, жауапкершілікке іскерлікке тәрбиелеу.
Сабақты көрнекілігі: интерактивті тақта, периодтық жүйе, тірек сызба нұсқаулар
Әдісі: ЖИГСО, бес жолды өлең, еркін жазу, топтастыру стратегиялары
Сабақтың құрылымы
І. Ұйымдастыру
ІІ. Қызығушылықты ояту. Металдар туралы сұрақтар қойылады. Мұғалім нұсқау береді
А. қазір осы сұрақ бойынша ойланып жеке түрде жазып шығыңыздар
Ә. жұпта ой бөлісіңіздер
Б. топта талқылау
В. ұжымның ойын ортаға салу
Г әр топтан бір оқушы шығып металдар туралы ортақ ойды жариялайды
Жұмыс кезіндегі топтық жұмыстың ережелерімен таныстыру
1. Ойды қайталамау
2. Сөзді бөлмеу
3. Топта бірін-бірі тыңдау сыйлау
4. Пікірталасты ұрысқа айналдырмау
5. Сыпайы сөйлеу. Әр топ өз плакаттарына металдар туралы кластер құрастырды, оны қорғады.
ІІІ. Мағынаны тану. Мыс пен толық танысу ЖИГСО-1 стратегиясы бойынша сыныптағы оқушыларға мәтінді бөліп, төрт топқа топтастырамыз
І топ: Мыстың периодтық жүйедегі орны, атом құрылысы, табиғатта таралуы
ІІ топ: Алынуы, физикалық қасиеттері
ІІІ топ: Химиялық қасиеттері
IV. Мыстың биологиялық ролі,қосылыстары және қолданылуы
Мұғалімнің нұсқауы
А. Әр топ өз мәтіндерін жеке оқу
Ә .Жұпта ой бөлісу,
Б. Топта талқылау
В. Кезектесіп өз ойларымен бөлісу
Г. Мәтіндегі ойды сызба түрінде қағазға түсіру және өз жұмыстарын әр топтан бір оқушы қорғау керек
Ой толғаныс: Эстафеталық сайыс. Мына айналуды жүзеге асырып реакция теңдеулерін жазыңдар.
І топ: CuO→Cu→CuCl2→Cu(OH)2→CuSO4
II топ: CuCl2→CuO→Cu(NO3)2→Cu(OH)2
III топ: Cu (OH) 2→CuO→CuSO4→Cu→CuCl2
IV топ: Cu→CuO→Cu→CuCl2→Cu (OH)2
Оқушыларға жекелей бес жолды өлең құрастыру тапсырылды
І. Мыс
ІІ. Қызғылт, жылтыр
ІІІ. Жанады,тотығады, әрекеттеседі.
IV. Электр тогын жақсы өткізеді.
V. Металл
Үйге тапсырма беру: «Мен мыспын»
Ұқсас тақырыптар:
- Химия 9 класс – тетрадь для практических работ
- Баяндама: Химия сабағында сын тұрғысынан ойлау технологиясының тиімділігі
- № 9 Сарамандық жұмыс. “Сілтілік металдар” және “Галогендер” тақырыбына эксперименттік есептер шығару .
- Химия. Сутектің физикалық қасиеттері.
- Химия. Кремний және оның қосылыстары.
- химия. «Минералды тыңайтқыштар»
- Химия. Бейметалдар мен металдар.
- Химия сабағында проблемалық оқытудың ерекшеліктері.
- Химия. Бейорганикалық қосылыстар арасындағы генетикалық байланыс.
- Химия. ХХІ ғасыр көшбасшысы. Интеллектауалдық ойын.