Информатиктердің интернеттегі еркін бірлестігі (ИИЕБ). Мүше болу тәртібі.
30 Сентябрь 2013 – 12:36 | Комментариев 60

Құрметті ИНФОРМАТИКТЕР!
Cайтымыз сіздердің арқаларыңызда, аз уақытта Қазақстандағы ең танымал сайттардың біріне айналып келеді. Кейбір қазақ тілді сайттар өз контенттерін біздің сайтқа қарап өзгертіп қолданушыларын да көбейтті. Біздің үлгімізбен біршама жаңа сайттар ашылды. Соған қарағанда Информатик …

Читать запись полностью »
Информатика

Бәрі информатикаға байланысты

Педагогика

Тәлім-тәрбиеге байланысты материалдар

Басқа пәндер

Ұстаздар шығармашылығы

Оқушылар шығармашылығы

Главная » Педагогика, Ұстаздар шығармашылығы

Өзін-өзі тану мұғалімінің іс-әрекетін ұйымдастыру. Әдістемелік ұсыныстар.

Опубликовал в 5 Февраль 2014 – 14:10Нет комментариев
Өзін-өзі тану мұғалімінің іс-әрекетін ұйымдастыру. Әдістемелік ұсыныстар.

Сарсенғалиева Гүлжанат Ғарифоллақызы. Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, М. Өтемісұлы атындағы мектептің Өзін - өзі тану пәнінің мұғалімі.

Толық нұсқасын презентациясымен бірге көшіріп алыңыз.

Өзін – өзі тану білім бағдарламасының мақсаттары мен міндеттері – балалар, жасөспірімдер және жеткіншектердің бойына жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды дарыту. Балалар мен жеткіншектерді біртіндеп (кезеңмен) адами қарым – қатынас нормаларымен, жалпы адамзаттық адамгершілік қағидалармен таныстыру, олардың бойында азаматтық мәдениет пен имандылық қатынастарды қалыптастыру және дамыту.

Кіріспе

  Соңғы онжылдықта мұғалімдер, тәрбиешілер және ата-аналар алдында жас жеткіншек ұрпаққа рухани-адамгершілік тәрбие беру мәселесі туындады. Алғашқы  рет балалар мен жастарды жалпы адамзаттық құндылықтарға тәрбиелеу міндетін  мемлекеттік деңгейде еліміздің Бірінші ханымы – «Өзін-өзі тану» жобасының авторы

С.А.Назарбаева ұсынды. «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім берудің басты мақсаты - жас жеткіншек ұрпақтарды құндылық және адамгершілік идеалдарға баулу, оқушылардың өзін оңды қабылдауын қалыптастыру, адамның жоғарғы мақсаттарын түсінуі іске асырылады.

2002 жылдан бастап Қазақстан Республикасында «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық, білімділік және сауықтыру орталығының (ҰҒПБСО) жетекшілігімен «Өзін-өзі тану» жаңа білімділік бағдарламасын бейімдеу іске асырылады.

Эксперименттік кезең көрсеткендей, оқыту мен тәрбие берудің дәстүрлі және жаңа әдістерінің мазмұнын қайта ұғыну болып жатыр. Жаңа пән өмірдің күрделі жағдайларын талдау, әріптестік ету, шығармашылық, өзін және басқаларды тануда балаларға көмектесетін қазіргі заманғы тәрбиеші, мұғалімнің мүлдем жаңа рөлін көрсетеді.

Қазақстан Республикасының БҒМ 2010 жылғы 28 маусымдағы №343 бұйрығымен адамгершілік-рухани білім және тәрбие беру бойынша эксперименттік жұмыс алдыға қойған мақсаттарына жетуіне байланысты аяқталды. 2010-2011 оқу жылында Қазақстан Республикасының білім мекемелерінде «Өзін-өзі тану» жаңа пәні енгізілді.

«Өзін-өзі тану» мамандығы бойынша мұғалімдерді дайындауға мемлекеттік тапсырыстың осы уақытқа дейін болмауына байланысты, аталған пәнді біліктілікті арттыру курсынан өткен бастауыш сынып мұғалімдері, пән мұғалімдері, психологтар жүргізеді.

Өзін-өзі тану мұғалімі, ең алдымен, өзін-өзі тануға, өзін-өзі жүзеге асыруға, өзін-өзі анықтауға қабілетті, оқушыларын қалай тәрбиелегісі келсе, өзі де солай болуға ұмтылатын педагог

Өзін-өзі танудың ерекшелігін ескере отырып, сабақтардың бейстандарт түрлері қолданылады, мұғаліммен ашық диалог жүргізіледі, әлеуметтік-рөлдік ойындар, тренингтер, пікірталастар, өмірлдік бақылаулармен алмасулар жүргізіледі. Ұсыныстарда өзін-өзі тану сабақтарында және тәрбие беру шараларында пайдаланатын интерактивті әдістемелер, сондай-ақ жаттығулардың, сабақтардың, тәсілдердің үлгілі әзірлемелері ұсынылған.

Ұсыныстарда педагогтың кәсіби ұстанымы, оқушы мен мұғалімнің портфолиосының құрылымы бойынша материалдар ұсынылған.

Аталған әдістемелік ұсыныстар оқушыларға адамгершілік-рухани тәрбие беру мәселелері бойынша материалдардан тұрады және педагогтарға әдістемелік көмек көрсетуге бағдарланған.

Әдістемелік ұсыныстарды өзін-өзі тану мұғалімдері, сынып жетекшілері, тәрбиешілер пайдалана алады.

Толық нұсқасын презентациясымен бірге көшіріп алыңыз.

Ұқсас тақырыптар:

Оставьте комментарий

Вы должны войти , чтобы оставить комментарий.