2 Апрель 2014 – 20:52 | Нет комментариев

Темиржанoва Меруерт Асетовна. I деңгей мұғалімінің портфолиосы А есебі №1 топ  Павлодар қаласы.
Әлем елдерi тәжiрибеciнде әр елдiң, әр мемлекеттiң өзiне тән oрта бiлiм
беру жүйеci мен мектеп үлгici, oрта мектептердiң, әр-қайcыcының қалыптаcқан өзiндiк iшкi құрылымы бар. …

Читать запись полностью »
Информатика

Бәрі информатикаға байланысты

Педагогика

Тәлім-тәрбиеге байланысты материалдар

Басқа пәндер

Ұстаздар шығармашылығы

Оқушылар шығармашылығы

Главная » Информатика, Таңдаулы

И-6. Сабақтың тақырыбы: «Алгоритм» ұғымы. Алгоритм қасиеттері.

Опубликовал в 3 Февраль 2014 – 18:52Нет комментариев
И-6. Сабақтың тақырыбы: «Алгоритм» ұғымы. Алгоритм қасиеттері.

Байсултаева  Гулзада Оқапқызы.  Жамбыл облысы, Шу ауданы, С. Шәкіров атындағы орта мектебінің информатика пәні мұғалімі.

Сабақтың мақсаты:
1. «Алгоритм» ұғымын қалыптастыру, оның қасиеттерін білу;
2. Алгоритм құру дағдысын қалыптастыру, негізгі қасеттеріне мысалдар келтіре білу, алгоритмді орындау түсінігін дамыту;
3. Қарапайым алгоритмдер құра білу;
Сабақтың көрнекілігі:
Баспалық  материалдар сызылған плакат. Электрондық оқулық Е-9, Тестілу программасы. Қарапайым алгоритмдердің блок-схемасы, баспалық, мультмедиалық-компьютерлік (CD) таратпа материялдар. Флипчарт (көкпен жазылғандар фч-ға салынады).  Сабақтың толық нұсқасын көрнекіліктерімен бірге көшіріп алыңыз.
Сабақтың түрі: теориялық-практикалық сабақ;
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру.

  1. Оқушыларды түгелдеу, журнал толтыру, оқушылардың дәптерлерін, оқулықтарын қарап шығу.
  2. Сынып, тақта, парта  тазалығын қарап шығу, қажет болса ескертулер жасау.
  3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Жаңа сабақ
 3  «Алогритм» ұғымы.    (презентация: inf6_1_Алгоритм ұгымы, 2-3-слайд)

Проблемлық ситуация:
Мына интегралыдық функцияның  х=3 болғандағы мәнін шығара алсыңдар ма?
?                    (жоқ, біз ондайды өткен жоқпыз)
Онда былай істеңдер: бұл таңбаны интеграл дейді.

Мына нұсқауларды — орындаңыздар.

  1. х-тың дәрежесіне 1 қосыңыз;
  2. осыны 3 ке бөліп, бөлшек етіп жазыңыз;
  3. х-тың орнына алдымен  интеграл белгісінің үсінгі санын қойып 1-бөлшек етіп жазңыз,
  4. х-тың орнына алдымен  интеграл белгісінің санын жазып 2-бөлшек өрнек жазңыз;
  5. 1-бөлшектен 2-бөлшекті шегеріңіз;
  6. шыққан санды нәтиже ретінде жазыңыз;
х3
3

Нәтиже 3 шықты. Мен айтқан нұсқаулар бойынша сіздер білмесеңіздер де жоғарғы математиканың есебін шығардыңыздар. Мен есептің алгоритмін айтып тұрдым, сіздер орындадыңыздар.

Енді мына тапсырманы дәптерге орындаңдар;  (презентацияда 5-слайд)

Мына алгоримтді торкөз параққа орындап көріңіз.
1. Клетка қилысына қалам ұшын тиігізіңіз.
2. Жоғары қарай 10 клетка сызыңыз.
3. Оңға қарай 5 клетка сызыңыз.
4. Төмен қарай 5 клетка сызыңыз.
5. Солға қарай 5 клетка сызыңыз.
6. Қаламды қағаздан алыңыз.

Сіздің әрекеттеріңіздің нәтижесі не болып шықты?
Сіз жалаудың суретін салатыныңызды білдіңіз бе?
Салу барысында ойландыңыз ба?

Осы алгоритмнің орындалуын көру: (презентация inf9_algFormaldy)

Алгоритмдеу дегеніміз- берілген есептің шығару жолдарын реттелген амалдар түріне келтіру.
Алгоритм дегеніміз орындалу барысында есептің шешіміне алып келетін жарлықтармен нұсқаулар тізбегі.

Мысалдар келтіру…
2. Алгоритм қасиеттері (4-слайд)

  1. айқындылық – алгоритмде жазылған әрбір әрекет анық, нақты, орындаушыға түсінікті әрі бірмәнді болуы керек (мыс: «айнымалыға нақты немесе бүтін сан беріңіз» деген жарлық дұрыс емес. Нақты мен бүтіннің бірін ғана көрсету керек);
  2. үзіктілік  Алгоритмнің әрбір қадамы толық аяқталған әркеттен тұруы тиіс (мыс: «айнымалы мәнін есептеп алып оны жауап ретінде алыңыз» деген жарлықта екі қадам бірігіп кеткендіктен дұрыс емес. Дұрысы: айнымалы мәнін есептеңіз; шыққан нәтижені жауап ретінде алыңыз;)
  3. нәтижелік. Алгоритм белгілі бір уақытта есептің шешімін немесе «шешуі жоқ» деген нәтижені беруі тиіс (бұл қасиеті сақталмаса алгоритмді орындаушы «айналып» қалады)
  4. жалпылық. Бір алгоритм өзара ұқсас кез-келген есептерді шешуі тиіс.
  5. формалдылық. Орындаушы алгоритм мағанасын түсінбесе де әр жарлықты орындай отырып дұрыс нәтиже шығаратындай болу керек

ІІІ.  Сабақты бекіту
Алогритм деген не? Бұл сөз қайдан шыққан?
Негізгі қасиеттері қандай?
Алгоритманың қасиеттеріне сипаттама бер, мысалдар келтір.

«Жарықшам» алгоритмін құрыңыдар:

  1. Көше қиылсында тоқтаңыз
  2. Шамға қараңыз
  3. егер жасыл жанса өтіңіз
  4. егер сары жанса дайындалыңыз
  5. егер қызыл жанса тоқтаңыз

IV Үйге тапсырма
Оқу: лекция бойынша, Шаршы сызатын алгоритм жазып келіңдер.

Сабақтың толық нұсқасын көрнекіліктерімен бірге көшіріп алыңыз.

inf6_algUgymy

Ұқсас тақырыптар:

Оставьте комментарий

Вы должны войти , чтобы оставить комментарий.