Бастауыш: Сабақтың тақырыбы: Ер сұлтан-ақ ару.
Мақашева Альмира Тюлегеновна. Ақтөбе облысы ,Шалқар ауданы, Мөңке би ауылы, М. Тәжин атындағы орта мектеп, бастауыш сынып мұғалімі.
Сабақтың тақырыбы: Ер сұлтан-ақ ару
Мақсаты: Оқушыларды қазақ жігіті мен қызының тәлімдік қасиеттермен таныстыру, ұлттық салт-дәстүр, әдет –ғұрыптармен байланыстыра білу. Қазақ жігіттері мен қыздарының бұрынғы өмірімен олардың киген ұлттық киімдерімен таныстыру .
Көрнекілігі: Қазақтың ұлттық киімдері, ұлағатты сөздер,буклеттер,шарлар
Бағдарлама :
1. Тәрбие көзі-халықта
2. Қазақ халқының ұлттық киімдері
3. Мақал-мәтел, жұмбақ жарыс
Ұлағатты сөздер :
1.Қыз-ауылдың көркі
Жігіт-ауылдың серігі
2.Әке көрген оқ жонар
Шеше көрген тон пішер.
3.Жеті атасын білген ер
Жеті жұрттың қамын жер.
Барысы: 1-жүргізуші: Құрметтті ұстаздар мен оқушылар ! «Әке көрген оқ жонар,ана көрген тон пішер», «Әкеге қарап ұл өсер,шешеге қарап қыз өсер» дегендей»,халқымыз жас ұрпақ тәрбиесіне үлкен көңіл бөлген.Сол сияқты бүгінгі өтетін «Ер сұлтан-ақ ару» атты ертеңгілігімізге қош келіпсіздер.
2-жүргізуші: «Атв балаға сыншы», «Адам болар ұлыңның арқа-басы кең келер,ана болар қызыңның ақыл-есі тең келер» дегендей жас ұрпақ тәрбиесінде халқыымыздың ерекше қасиеті от басындағы әр балның өз бойында жеке қабілет-қасиеттерін байқап, сол қасиеттерін әрі қарай дамытып шыңдаған.
1-жүргізуші: Халықтық тәрбиенің өзекті бір саласы жас ұрпақты имандылық,мейірімділік,қайырымдылыққа тәрбиелеу. Мысалы, жасы үлкен кісіге иіліп сәлем беру,үлкеннің сөзін бөлмеу, сөз жарыстырмау,мүгедек-кәріп жандарға қамқор болу ұл-қызымыз үшін бұлжымас заң болатын.
2-жүргізуші: Сондай-ақ қазақ халқы үшін өтірік айту, ұрлық істеу,қулық-сұмдық деген жат қасиет. Сондықтан жас жеткіншікті «Біреудің ала жібін аттам»,»Өтірік өрге бастырмайды» «Ешкімге қиянат жасама» деп адалдыққа тәрбиелеген.
1-жүргізуші :Халқымыздың рухани байлықтарын яғни оның салт-дәстүрі,әдет-ғұрыптары біздің ұлттық болашағымыздың ,халықтық қасиетіміздің өзімізге де, өзгеге де жазбай танытатын асыл мұрасы .
2-жүргізуші:
Қыз емес,қыздың аты қызыл алылтын,
Көрінер толған айдай жүзі жарқын.
Үлкеннің алдын орап сөз сөйлемес,
Халқының сақтай білген ізгі салтын.
Қыз бала ізетті инабатты,ісіне көркі сай шебер етіп тәрбиелеу ,қыз сыйлау халқымыздың қанына сіңген қасиет. «Қыз өсссе –елдің көркі,гүл өссе-жердің көркі «дегендей халқымыздың қыз құрметтеп,киімнің сәндісін,алтынды бұрымдардың жақсысын,ер-тұрманның әшекейлісін қыздарынан тарту ете отырып, «қызға қырық үйден тыйым»мақалды да естен шығармаған. Иә, қыз бал тәрбиесі қашан да халық назарында.
Көрсін біздей балғынды,
Көңілдісін ел енді
Шырқатайық өлеңді,-деп келесі кезекті әнге берейік.
Ән «Мен қазақ қыздарына қайран қалам»
1-жүргізуші Халқымыз « Жігіт сегіз қырлы бір сырлы» болсын деген. Мұның түп-төркіні жігіт барлық жерде де әр қырымен танылып, бірақ оның сыры біреу ғана болсын деген сөз.
1-оқушы : «Жігіттерге өсиет»
Жақсы бол, жігіт болсаң ел көргендей,
Досыңа қосылғанда дем бергендей.
Пайдаңды жақсы болсаң тигіз көпке,
Тұйғынға қапастағы жем берген
Жігіт бол, жігіт болсаң былғақтамай
Орынсыз сөз сөйлеме жын қаққандай
Еліңе жақсы сөзді жаса әуелі,
Халыққа көңіл бөліп тыңдатқандай.
2-жүргізуші:Қазақ халқында жігіттің үш жұрты бар дейді,соны кім айтар екен?
2-оқушы Жігіттің үш жұрты бар: өз жұрты ,қайын жұрты,нағашы жұрты.Халық арасында мұны өз жұрттың күншіл ,қайын жұрттың міншіл,нағашы жұртың сыншыл деп те мәтелдейді.Яғни ағайын бар болса көре алмайды.
1-жүргізуші: Ер қаруы-бес қару кім біледі?
3-оқушы : Жігіттің бес қаруы бар: Садақ ,найза,мылтық,қылыш,айбалта.
2-жүргізуші:Жігіттің жеті қазынасы дегеніміз не ?
4-оқушы : Жігіттің жеті қазынасы мыналарақыл-білім,өнер, сұлу әйел,жүйрік ат,берен мылтық,құмай тазы, қыран бүркіт.
2-жүргізуші:
Халқымыздың әні қандай, жыры қандай,
Шешеннің нәрі тамған тілі балдай.
Шымырлап өн бойына тарай тұғын,
Ал күйі нәзік жанды балқытқандай .
Би: «Қазақ биі»
1-жүргізуші : Біз бүгінгі «Ер сұлтан-ақ ару»атты ертеңгілігімзде бұрынғы қазақ ауылының жастарының өмірімен,оларға байланысты салт-дәстүрлерімен және сол кездегі қазақ қыздары мен жігіттерінің ұлттық киімдерінің бірнеше түрлерімен таныстырғымыз келіп отыр. Сонымен сіздердің алдарыңызда қазақ жігіттері мен қыздарының ұлттық киім түрлері. Қазақ қыздары мен жігіттерінің ұлттық киім үлгілері көрсетіледі.
1-жүргізуші : Сәукеле –қыздардың бас киімі,оны ұзатылатын қыздар және оның жанына еріп жүретін құрбылары киетін болған. Сәукеленің негізгі бөліктері –тәж, құлақ бау,артқы бойы. Сәукеле әртүрлі моншақтармен әшекейленеді.
2-жүргізуші : Камзол -әйелдердің ұлттық киімінің бір түрі, оны көйлек сыртынан киеді. Камзолды кей жерлерде «Жеңсіз бешпет» , «Көзекей»деп атайды. Қыздар мен жас келіншектер киетін камзол өте сәнді болады. Оның омырауына алтын, күміс жалатқан түймелер тағылады.
1-жүргізуші Тақия-ерлердің жеңіл бас киімі.Тақияның түрлері көп. Биік төбелі,тегіс төбелі және үшкір төбелі тақия.Ерлер тақиясында теңге,моншақ ,тана болмайды. Оның есесіне олар мүйіз,ат ерін,шырмауық сияқты өрнектермен кестеленеді.
2-жүргізуші: Мәсі: аяқ киімнің бір түрі.Оны былғарыдан ,құрымнан тігеді. Мәсінің сыртынан кебіс немесе ластық киеді. Мәсі әрі жеңіл ,әрі жұмсақ аяқ киім.
1-жүргізуші: Енді сіздердің алдарыңызға мақалшыларды шақырамыз қошеметпен қарсы алыңыздар.
1-оқушы: Жеті атасын білген ұл
Жеті жұрттың қамын жер.
2-оқушы:
Әке көрген оқ жонар,
Шеше көрген тон пішер.
3-оқушы:
Қызы анадан үйренбей өнеге алмас,
Ұл атадан үйренбей сапар шекпес.
4-оқушы:
Ата тұрып ұл сөйлемесе ер жеткені болар,
Ата тұрып қыз сөйдесе бой жеткені болар.
5-оқушы :Әкеге қарап ұл өсер,
Шешеге қарап қыз өсер.
6-оқушы :Атадан жақсы ұл туса
Елінің қамын жейді.
Атадан жаман ұл туса,
Елінің малын жейді.
7-оқушы : Жаман жігіт
Жолдасын жауға алғызар,
Өзін ұятқа қалғызар.
8-оқушы :Қыз өссе елдің көркі,
Гүл өссе жердің көркі .
2-жүргізуші:Енді ортаға жұмбақ шешуге шақырамыз.
1-оқушы:Төрттен қосқан басы бар,
Маңдайында шашы бар.
Өзің көрген баяғы,
Салпылдайды сабағы . Жауабы: Тымақ
2-оқушы : Бір нәрсе менен биік,
Кейде менен аласа.
Мұндай қызық дүниеде
Көріп пе едің тамаша. Жауабы : Бөрік
1-жүргізуші:
Кең өлке бар ма қазақ даласындай
Ал дана бар ма қазақ даласындай.
Айтыссын енді біздің нар ақындар
Қазақтың Біржан мен Сарасындай-,деп келесі кезекті айтысқа берейік.
Айтыс
1-айтыскер :
Басталды сайысымыз бүгінгі күн,
Айырар әділқазы үздігі кім.
Бақ сынып алдыңызға келдім мен де
Алысқан тұлпардайын тізгінімен.
2-айтыскер:
Кезінде салғандар бар тілімен өнер,
Талабы күнне-күнге кеткен өрлеп.
Солардың жұрағаты сәлем бердім,
«Ассалаумағалейкум!»жиналған көп.
1-айтыскер:
Сұлтанбыз-қазағымның жігіттері
Елімнің үзілмеген үміттері.
Шығарып атын көкке таныттырған
Шыққан ғой қазағымның сал мен сері .
2-айтыскер:
Қызғалдағы қазақтың гүл қыздары,
Жайнаған гүлдей қырда қырмыздары.
Баян мен Қыз Жібектей тарихтағы
Халыққа нұрын шашқан күй қыздары .
1-айтыскер :
Айтыстың Біржан мен Сарасындай ,
Ойымды ішімдегі саралайын!
Қорытынды
3-жүргізуші:
Ата-баба дәстүрін ұмытпайық,
Ұл,қызымыз салтымызға болсын лайық.
Болашағы елімнің жарқын болсын,
Ұрпағы бүгінгінің бас қосайық..
Құрметті ұстаздар, оқушылар сайысымызға келгендеріңізге көп-көп рахмет. Келесі кездескенше қош сау болыңыздар.
Ұқсас тақырыптар:
- Бастауыш. Сабақтың тақырыбы: Түйе
- Жаңа жыл мерекесіне арналған сценарий: Хош келдің жаңа жыл! (1-4 сыныптар)
- Бастауыш. Жол ережесін білесің бе?
- Информатика. Программалау жүйесінің мүмкіндіктерін үйрену.
- Технология 5-сынып. Ашық сабақ: «Тігін машинасын жұмысқа жайындау.»
- Бастауыш. Сабақтың тақырыбы: Жж дыбысы мен әрпі
- Физикалық кеш «Бір кесе шай және физика» (сценарий)
- Математикалық кеш сценарий. «Тапқырлар тартысы».
- Ана тілі 4-сынып. Әзиза Нұрмаханова «Шығыс шынары».
- Бастауыш. Ауа. Ауаның қасиеттері.