Информатиктердің интернеттегі еркін бірлестігі (ИИЕБ). Мүше болу тәртібі.
30 Сентябрь 2013 – 12:36 | Комментариев 60

Құрметті ИНФОРМАТИКТЕР!
Cайтымыз сіздердің арқаларыңызда, аз уақытта Қазақстандағы ең танымал сайттардың біріне айналып келеді. Кейбір қазақ тілді сайттар өз контенттерін біздің сайтқа қарап өзгертіп қолданушыларын да көбейтті. Біздің үлгімізбен біршама жаңа сайттар ашылды. Соған қарағанда Информатик …

Читать запись полностью »
Информатика

Бәрі информатикаға байланысты

Педагогика

Тәлім-тәрбиеге байланысты материалдар

Басқа пәндер

Ұстаздар шығармашылығы

Оқушылар шығармашылығы

Главная » Бастауыш сынып

Жаңа жыл мерекесіне арналған сценарий: Хош келдің жаңа жыл! (1-4 сыныптар)

Опубликовал в 26 Декабрь 2013 – 08:55Нет комментариев

Қожагельдиева Пернегүл Молдатайқызы, Ибашева Қаламқас Есенқызы. Жамбыл облысы, Шу қаласы, «Жібек Жолы» мектеп-лицейі.

Бекітемін:
——————-
«Жібек жолы» мектеп-лицейінің
Директоры А.Т.Джангарашева

Қатысушылар: 1а,4а сынып оқушылары, жүргізушілер, Жылқы жылы, Жылан жылы,  Аяз ата мен Ақшақар

ЖҮРГІЗУШІ: Армысыздар ардақты ағайын, құрметті қонақтар, шабытты шәкірттер! Бүгінгі Жаңа жылдық ертеңгілігімізді бастамас бұрын «Жібек жолы» мектеп-лицейінің ең кішкентай,ең әдемі 1а сынып бүлдіршіндерін ортаға шақырайық.
1-ші сыныптар кіріп ішкі шеңберге тұрады/

Ал енді «Жібек жолы» мектеп-лицейінің бастауыш сатысының түлектері, 1а сыныбының ақылшылары, көмекшілері ең сұлу да сымбатты 4а сынып оқушыларын қошаметпен ортаға шақырайық.
4-ші сыныптар кіріп сыртқы шеңберге тұрады/

Хор: Аппақ,аппақ жапалақтап…

ЖҮРГІЗУШІ:
Ау бақытты ұландар!
Айлы көкке қараңдар
Мініп аппақ кемені
Жаңа жыл Ғарыштан келеді
Безендіріп шыршаны
Жыл қуанышты баршаны
Ән  менен би  басталсын
Жарқырап шырша шамдары
Жұлдыздай боп, әлемге жарқырасын

ХОРМЕН:
1,2,3,4 Шырша,шырша,шырша
Шамдары кәне жарқыра                                  /3 рет/

1-оқушы:
Қараңдаршы балалар
Ортада міне шырша бар
Сылдырлаған моншағы
Шыршамыздың мол шамы

2-оқушы: Тамаша,тамаша
Шыршамыз тұр жараса
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса
Жасыл шырша жанында
Би билейік жаңаша

БИ:  Ақшақарлар биі

ЖҮРГІЗУШІ:
Жаңа жыл бірлік береке берсін елімізге,
Береке ырыс келсін жерімізге.
Жылқы жылын кең пейілмен қарсы алайық,
Қуаныш шашу шашсын төрімізге.

/Жылқы жылын Жылан жылы алып келеді, отшашу атылады/
ЖҮРГІЗУШІ:   Балалар кетіп бара жатқан жылан жылы өзінің досы жаңа жыл Жылқы жылын алып келіпті.

Жылан жылы: Сәлеметсіңдер ме балалар, қонақтар! Мен сіздермен қош айтысып, менен кейін келетін жылға сіздерді тапсыруға келдім. Менің жылым жаман өткен жоқ, келісесіздер ме?

Апа, менің жылымда сіздің үйіңізде қандай жаңалықтар болды?
Құрметті ана, сіз менің жылыма ризасыз ба?

ЖҮРГІЗУШІ:  Олай болса өтіп бара жатқан Жылан жылында қандай жетістіктерге жеттік,өз ризашылығымызды білдірейікші

1-оқушы: Еліміз тәуелсіздік алып, өркендеп, биік шыңдардан көрінгеніне биыл 22 жыл толды.
2-оқушы: Ал біз 1-ші сынып оқушылары алғаш «Жібек жолы» мектеп-лицейінің табалдырығын аттадық
3-оқушы: Алтын ұя «Жібек жолы» мектеп-лицейіміздің 20 жылдығын тойладық
4-оқушы: Мектеп-лицейіміздің жаңа басшысы болып Джанғарашева Ардақ Төлепбайқызы тағайындалды
5-оқушы: Биылғы жылы Шу ауданымыздын — жылдығы аталып өтілді
6-оқушы:Құрметті ұстаздарымыздын еңбектерінің арқасында мектебіміздің 2 оқушысы «Алтын белгі» иегері атанды

Жылан жылы:  Менің жылымда еліміз тыныш болды . Мен өзіммен бірге досымды ертіп келдім. Бұл жай дос емес бұл биылғы табалдырығымызды аттағалы тұрған Жаңа Жылқы жылы.

ЖҮРГІЗУШІ: Балалар қандай тамаша, Жылан өзімен бірге , жаңа жылқы ерте келіпті. Онда жылдарға төрден орын берейік.

Төрлетіңдер жаңа жылдар
Құшақ жая қарсы алыңдар.
Бірге тойлап жаңа жылды ,
Әсем әнмен ырғалыңдар .
Ескі жылға ризамыз
Өсе түсті бойымыз
Қандық талай сырға біз
Шарықтады ойымыз – деп Жылан жылына «Қош, сау болыңыз»дейік. Ендеше:

Жаңа жыл келіпті ортамызға,
Мол дастархан сыйласын баршамызға.
Таусылмасын бақыт пен құт-береке,
Жақсы тілек тілейік баршамыңызға.
Жаңа жыл: Армысыздар ардақты қауым! Бармысыңдар бүлдіршіндер! Биыл менің жылым да да елімізде тыныштық болып ,ырыс-құтымыз азаймасын. Жаңалықтар көп болсын! Ендеше балалар тұрмайық, барлығымыз шыршаны айналып, ән салайық. Той тойға ұлассын!

ЖҮРГІЗУШІ:
Ал балалар балалар
Жаңа жылдай аға бар
Оны ортаға алып біз
Қуана билеп алайық!
Жас достар, қазір ғана табалдырығымызды аттаған Жаңа жылдың бауы берік болсын!

Жаңа жыл: Балалар сендер өнерлі екенсіңдер, енді кезекті ойынға берейік.

Балалар бізге кімдер жетіспейді?
Әрине, Аяз ата мен Ақша қар.
Аяз ата мен ақша қарды шақырамыз.
Жүргізуші: Бәріміз қосылып барлық ниетімізбен, дауысымызбен Аяз ата мен Ақшақарды ортаға шақырайық. Балалар көптен күткен Аяз атаны біз ерекеше қарсы алайық. (Шырша жағылады)

Жүргізуші: Хош келдіңіз Аяз ата, хош келдіңіз Ақшақар!

Аяз ата: Балаларым, балғыным
Өмір гүлім шалғыным
Тілегім жыл бойғы
Сендердің денсаулығың.

Амансыңдар ма балаларым? Орман тоғайдан, үскірік аяздан сендерге зорға жеттім. Өздеріңді көргенше асықтым. Осы ауылды аралап немереміз екеуіміз жеткенше уақыт осы болды. Әкелген базарлығым бар, сендердің өнерлеріңді тамашалап, немерем екеуіміз дем алайық.
Ақниетпен нәр алған,
Сенсіз менің өлеңім
Әнге бөлеп әлемді
Ортаға мен келейін Ақбота «Жаңа жыл» әнімен

Ән
Аяз атаны шығарып салу

Аяз ата:
Ал, енді балалар, өнерлерің тамаша екен, бәрің бір-бір талант иесі екенсіңдер. Өнерлерің әрі қарай шыңдала берсін. Менің әлі баратын жерім көп, сендер сияқты әр жерде балалар тосып отыр. Ақшақар екеуіміз қайтайық. Қош болыңдар, балалар. Келесі жылға дейін сабақты жақсы оқыңдар. Келесі Жаңа жылда жолыққанша сау болыңдар.

Ақша қар:
Сау болыңдар, балалар,
Аман-есен болыңдар.
Әр таңды қуанышпен
Қарсы алып тұрыңдар!

Қане, балалар Аяз ата мен Ақша қарды бәріміз хормен шығарып салайық.
Құрметті көрермендер осымен бүгінгі Қош келдің Жаңа жыл атты ертеңгілігіміз аяқталды.

Хор
Келесі кездескенше хош сау болыңыздар.
Жақсылықта жүздесейік.
Әрбір жанұяға береке- бірлік, шаттық-қуаныш, бақыт тілейміз.

Ұқсас тақырыптар:

Оставьте комментарий

Вы должны войти , чтобы оставить комментарий.