Информатиктердің интернеттегі еркін бірлестігі (ИИЕБ). Мүше болу тәртібі.
30 Сентябрь 2013 – 12:36 | Комментариев 60

Құрметті ИНФОРМАТИКТЕР!
Cайтымыз сіздердің арқаларыңызда, аз уақытта Қазақстандағы ең танымал сайттардың біріне айналып келеді. Кейбір қазақ тілді сайттар өз контенттерін біздің сайтқа қарап өзгертіп қолданушыларын да көбейтті. Біздің үлгімізбен біршама жаңа сайттар ашылды. Соған қарағанда Информатик …

Читать запись полностью »
Информатика

Бәрі информатикаға байланысты

Педагогика

Тәлім-тәрбиеге байланысты материалдар

Басқа пәндер

Ұстаздар шығармашылығы

Оқушылар шығармашылығы

Главная » Математика, Таңдаулы

Тригонометриялық функциялардың (синус және косинус) графигі мен қасиеттері

Опубликовал в 6 Январь 2014 – 15:29Нет комментариев

Азатхан Маржангүл. Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Бірлестік орта мектебінің математика пәні мұғалімі

Сабақтың мақсаты:
Білімділігі:  Оқушыларды  тригонометриялық функциялардың  графигін салу арқылы қасиеттерімен танысады,  есеп шығаруда қолдана білуге үйренеді.
Дамытушылығы: Оқушының   график салу шеберлігі   қалыптасады  және практикамен ұштастыруға үйренеді, шығармашылығы  және ойлау қабілеті дамытылады.
Тәрбиелігі:  Оқушы графикті тануға үйренеді, ұқыпты тыңдауға ,сұрақтарға нақты жауап беруге тәрбиеленеді.

Ресурстар:      Компьютер ,  Карточка, Слайдтар, интербелсенді тақта, электронды оқулық, плакаттар, маркерлер

Типі:      Жаңа сабақты меңгерту

 Түрі: Сыни тұрғыдан ойлау арқылы дамыта оқыту.

Жаттығулар және бірлескен жұмысқа негізделген тәсіл:

І. Топқа бөлу: «Синус» және «Косинус» сөзі жазылған парақшаларды таңдау арқылы екі топқа бөлу; (1 мин)

ІІ. Тренинг «Неге?». Бүгін бізде ерекше сабақ өтеді – неге? Әрі қарай оқушылар жалғастырып, берген жауабына неге? деп қосып отыру керек. (2 мин)

ІІІ. «Миға шабуыл» стратегиясы. (3 мин)

  1. Бірлік шеңбер бойынша синус дегеніміз не?
  2. Косинус дегеніміз не?
  3. Бірлік шеңбер бойынша синус пен косинус таңбалары?
  4. Синус пен косинус қандай функциялар?

ІҮ. «Мағынаны тану». «Ортақ нәтижеге жету» стратегиясы.(20 мин)

Олай болса біз бүгінгі сабағымызда синус пен косинусты әрі қарай зерттейміз. Ол үшін сендер мына мәліметтермен таныса отырып реттік номері бойынша плакатқа сурет арқылы түсірулерің керек.

1-топ тапсырмасы:

  1. Декарттық координата жүйесі бар.
  2. График координата басы арқылы өтеді.
  3. График ылғи доғалардан құралған.
  4. График координата басына қарағанда симметриялы.
  5. График ОХ осінде шексіз және ОХ осін әрбір 6 тор көз арқылы қияды.
  6. Доғаның төбесі ОУ осі бойынша   -1 мен 1 аралығында шектелген.

2-топ тапсырмасы:

  1. Декарттық координата жүйесі бар.
  2. График ылғи доғалардан тұрады.
  3. График ОУ осінмен 1 нүктесінде қиылысады.
  4. График ОУ осіне  қарағанда симметриялы.
  5. График ОХ осінде шексіз және ОХ осін әрбір 6 тор көз арқылы қияды.
  6. Доғаның төбесі ОУ осі бойынша   -1 мен 1 аралығында шектелген.

Бұл тапсырмалар бойынша синус пен косинус графиктерін шығару керек. Тақтадағы дұрыс нұсқамен салыстырады. Сонымен қатар қолдарындағы мәліметтерге және тақтадағы графиктерге сүйене отырып, синус пен косинус графиктерінің қасиеттерін қорытып шығарады.

Оқушылар өздері шығарған қорытындыларын электрондық оқулық арқылы салыстырады және дәптерлеріне жазады.

Сабақтың толық нұсқасын көшіңріп алыңыз. 10-сынып алгебра

Ұқсас тақырыптар:

Оставьте комментарий

Вы должны войти , чтобы оставить комментарий.