23 Август 2013 – 13:13 | Один комментарий

Әдістемелік нұсқау хат
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылды (2013 жылғы 24 мамырдағы № 3 хаттама).
2013-2014 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы. Әдістемелік нұсқау …

Read the full story »
Информатика

Бәрі информатикаға байланысты

Педагогика

Тәлім-тәрбиеге байланысты материалдар

Басқа пәндер

Ұстаздар шығармашылығы

Оқушылар шығармашылығы

Главная » Информатика

Информатика 2013-2014. Тақырыптық-күнтізбелік жоспар. 5-9 сынып.

Опубликовал в 23 Август 2013 – 13:25Комментариев 4

Информатика
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес информатиканы оқыту 5-сыныптан басталады. 5-9 сыныптар үшін информатика пәнінен жаңа оқу бағдарламасы әзірленді. Оқу бағдарламаны әзірлеу қажеттілігі біріншіден, мазмұнды толығымен қайта қарастырумен байланысты, себебі  информатика пәні 5-сыныптан бастап оқытылады (бұрын оқытылу 7-сыныптан басталды). Екіншіден,  заман талабына сай ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың тез дамуына байланысты информатика курсында алгоритмдеу және программалау саласына көп көңіл бөлу қажеттілігі туындайдыген дұрыс. Сонымен қатар, жеке тұлғаның қалыптасуында алгоритмдік және операциялық ойлау ерекше рөлі алатыны  ескерілді.

5-9 сыныптардағы информатика пәнінің ерекшелігі, мектепте оқытылатын басқа пәндерден түбегейлі айырмашылығы – бұл оны оқыту пәнінің жедел екпінмен өзгеріп отыруында. Бүгінгі күні бар технологиялар мен программалық қамтамасыз етулер орнына жаңаларының келуі өзгеруде, сонымен қоса бір жарым жыл ішінде аппараттық құралдардың техникалық параметрлері екі еселенеді және бес-жеті жылда стандарттар, интерфейстер мен хаттамалар қорлары өзгереді. Осы жағдайда жаңа технологияларды меңгеруге дайын,  адамның кәсіби мобилдігін қамтамасыз ететін іргелі білімнің рөлі жоғары болып отыр. Сол себептен мектептің негізгі курсының мазмұнына информатиканың іргелі негіздерін, алгоритмдер дағдыларын ерте оқытуына назар аудару қажет. 

Әр сыныпта информатиканың бірінші сабағы, есептеуіш техника кабинетінде қауіпсіздік техниканың ережелерін және жұмыс орнын ұйымдастыруына қайталауға арналады. Интернет желісіндегі жұмыстармен байланысты тәжірибелік тапсырмаларды орындау барысында Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес ақпараттармен бірге этикалық және құқықтық аспектілерге маңызды көңіл бөлінеді.

Оқытудың мақсаты информатика және қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың теориялық негіздері бойынша базалық білім жүйелеу арқылы ақпараттық құзіреттілікті қалыптастыру, әр түрлі ақпараттарды өңдеудің қарапайым программаларымен жұмыс істеу дағдылары, алгоритмдік және операциялық ойлау қабілеттерін дамыту, программалау тілімен, модельдеу қағидаларымен танысу болып табылады.

Оқыту міндеттері:
1)  ақпарат туралы түсінікті қалыптастыру;
2)  есептеу техниканың және телекоммуникацияны негізгі құрылғылары пайдалану дағдыларын қалыптастыру;
3)  ақпараттық модельдеу, модельдеу әдістерін қолданатын негізгі салалар туралы мағлұмат беру;
4)  программалау тілінде негізгі базалық алгоритмдік құрылымдарды пайдалана білуге үйрету;
5)  ақпараттарды өңдеу бойынша ақпараттық технологиялармен жұмыс істеуге дағдыландыру;
6)  жобалық іс-әрекетте, күнделік өмірде, оқыту іс-әрекетінде, нарықта қажетті мамандық игеру мақсатында ақпараттық технологияларды пайдалану тәжірибесін алу;
7)  алгоритмдік және операциялық ойлау қабілеттерін, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдары арқылы оқушылардың логикалық, математикалық, зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту;
8)  қауіпсіздік техника ережелерін, ақпараттық этика және құқық нормаларын сақтау дағдысын дамыту;
9)  оқушыларды ақпараттық мәдениетке және техникаға ұқыпты болуға тәрбиелеу.

«Информатика» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
5 сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;
6 сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;
7 сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;
8 сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;
9 сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат.

Сабақтастық қағидасын сақтау үшін 6-9 сыныптарға үшін ауыспалы оқу бағдарламасы әзірленді. Аталған оқу бағдарлама әр сыныптың кіріктірілген материалын қамтиды, ол аталған сыныптың және одан дейінгі сыныпта оқитын материалдардан тұрады, яғни 6-сыныпқа арналған оқу бағдарламасы
5-6 сыныптың базалық мазмұның, 7-сынып – 5-6-7 сынып оқу материалдарын және 8-сынып – 6-7-8 сыныптарының оқу материалдарын, 9-сынып –
2011-2013 оқу жылдарында өткен 7-8 сыныптардың оқу материалдарын қамтиды.

6-9 сыныптарға арналған информатика пәні бойынша ауыспалы оқу бағдарламасы 2013-2014 оқу жылына ғана арналған.

«Информатика» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
6 сыныпта – аптасына 1,5 сағат, оқу жылында 51 сағат;
7 сыныпта – аптасына 1,5 сағат, оқу жылында 51 сағат;
8 сыныпта – аптасына 1,5 сағат, оқу жылында 51 сағат;
9 сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат.

в 6 классе – 1,5 часа в неделю, 51 час в учебном году;
в 7 классе – 1,5 часа в неделю, 51 час в учебном году;
в 8 классе – 1,5 часа в неделю, 51 час в учебном году;
в 9 классе – 1 час в неделю, 34 часа в учебном году.

На изучение информатики по переходной программе в 6-8 классах  выделяется 0,5 часов из вариативного компонента, т.к. учащиеся должны освоить учебный материал предыдущих классов (интегрированный курс). В первом полугодиина изучение информатики выделяется 2 часа, во втором полугодии 1 час.

С целью повышения интереса к изучению информатики предлагаются темы проектной деятельности. На проектную деятельность выделены часы по классам. Использование проектных технологий повышает качество обучения не только по информатике, но и реализует межпредметные связи и повышает эффективность изучения учебных предметов, по которым готовится проект. Темы проектной деятельности по пройденным разделам курса выбираются по усмотрению учителя.

ИНФОРМАТИКА

5-сынып (барлығы 34 сағ, аптасына 1 сағ)  

Тақырыптар атауы Сағат саны
1 Кіріспе. Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру. 1
Ақпарат және ақпараттық үдерістер (3 сағат)
2 Информатика. Ақпарат. 1
3 Ақпараттардың алуан түрлілігі және оларды өңдеудің тәсілдері. Ақпарат саны, ақпарат өлшем бірлігі 1
4 Практикалық жұмыс 1

Компьютер-ақпаратты өңдеу құралы (9 сағат)

5 Компьютер. Компьютердің негізгі құрылғыларының міндеттері және мүмкіндіктері 1
6 Пернетақта. Пернелер тобы. 1
7 Программалық қамтамасыз етудің жалпы сипаттамасы және жіктелуі 1
8 Операциялық жүйе ұғымы 1
9 Операциялық жүйені басқарудың негізгі тәсілдері және объектілері. 1
10 Файлдар, бумалар және белгішелер. Бумалар мен белгішелерді құру. Атын өзгерту 1
11 Объектілерді іздеу. Объектілерді көшірмелеу, орнын ауыстыру және жою. Алмасу буфері. Практикалық жұмыс 1
12 Ақпаратты жазу және санау. Ақпаратты тасымалдаушылар. 1
13 Практикалық жұмыс 1
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (17 сағат)
14 Қарапайым графикалық редакторы. Суретті ашу, сақтау. 1
15 Графикалық редактордың сурет салу құралдары. 1
16 Суреттің үзінділерін ерекшелеу. Суреттің үзінділерімен жұмыс. 1
17 Графиктік ақпаратты өңдеу (бейнелерді масштабтау, трансформациялау), баспаға дайындау. Баспадан шығару. 2
18 Практикалық жұмыс 1
19

Қарапайым мәтіндік редакторы. Редактор интерфейсі.

1
20

Мәтінді теру ережесі. Мәтін бойымен жылжыту.

1
21

Мәтіннің үзіндісін ерекшелеу. Қаріп. Абзацты пішімдеу.

1
22

Мәтінді редакциялау және пішімдеу

1
23 Мәтін үзінділерімен жұмыс. 1
24 Практикалық жұмыс 1
25

Графиктік және мәтіндік ақпараттарды өңдеу.

1
26 Практикалық жұмыс. Аралас құжаттарды құру. 1
27 Сандық ақпаратты өңдеу. Калькулятор. 1
28 Дыбыстық ақпаратты өңдеу. Фонограф. Ойнатқыш. 1
29

Практикалық жұмыс

1
30

Резерв

1
31-34 Жобалық іс-әрекет 4

 

 

 

 

ИНФОРМАТИКА

6-сынып  (барлығы 51 сағ, аптасына 1,5 сағ)

Тақырыптар атауы Сағат саны
1 Кіріспе. Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру.

1

Ақпарат және ақпараттық үдерістер (5 сағат)

2 Информатика. Ақпарат. Ақпараттардың алуан түрлілігі және оларды өңдеудің тәсілдері

1

3 Ақпарат саны, ақпарат өлшем бірлігі. Әлемнің ақпараттық бейнесі. Ақпарат қасиеті.

1

4 Өзіндік жұмыс

1

5 Ақпаратты сығу. Ақпаратты қорғау. Вирусқа қарсы программалар

1

6 Практикалық жұмыс

1

 

Компьютер-ақпаратты өңдеу құралы (10 сағат)

7 Компьютердің негізгі құрылғыларының міндеттері және мүмкіндіктері.

1

8 Пернетақта.

1

9 Практикалық жұмыс

1

10 Есептеу техникасының даму тарихы. Электронды-есептеуіш машиналардың кезеңдері.

1

11 Компьютерлік техниканың даму үрдісі

1

12 Программалық қамтамасыз етудің жалпы сипаттамасы және жіктелуі. Операциялық жүйе ұғымы.

1

13 Операциялық жүйені басқарудың негізгі тәсілдері және объектілері. Файлдар, бумалар және белгішелер.

1

14 Объектілерді іздеу. Бумалар мен белгішелерді құру. Атын өзгерту. Практикалық жұмыс.

1

15 Объектілерді көшірмелеу, орнын ауыстыру және жою. Практикалық жұмыс.

1

16 Ақпаратты жазу және санау. Ақпаратты тасымалдаушылар.

1

 

Алгоритмдеу және модельдеу (6 сағат)

17 Алгоритм және оның атқарушылары 

1

18 Алгоритмді жазу пішімі, блок-схемалар.

1

19 Алгоритм типтері (сызықты, тармақталу және циклдік алгоритмдер).

1

20 Модель, нақты объектің қасиеттерін бейне ретінде көрсетеді.

1

21 Модельдер түрі.

1

22 Өздік жұмысы

1

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (25 сағат)

23 Жарты жылдық бақылау жұмысы

1

24 Қарапайым графикалық редакторы. Суретті ашу, сақтау. Графикалық редактордың сурет салу құралдары.

1

25 Суреттің үзінділерін ерекшелеу. Суреттің үзінділерімен жұмыс. Графиктік ақпаратты өңдеу (бейнелерді масштабтау, трансформациялау), баспаға дайындау. Баспадан шығару.

1

26 Практикалық жұмыс.

1

27 Қарапайым мәтіндік редакторы. Редактор интерфейсі. Мәтінді теру ережесі. Мәтін бойымен жылжыту. Мәтіннің үзіндісін ерекшелеу.

1

28 Мәтінді редакциялау және пішімдеу. Қаріп. Абзац.

1

29 Графиктік және мәтіндік ақпараттарды өңдеу. Аралас құжаттарды құру.

1

30 Калькулятор. Блакнот.

1

31 Дыбыстық ақпаратты өңдеу. Дыбыс жазу

1

32 Мәтіндік процессоры жайлы жалпы мағлұмат, программа интерфейсі. Құжаттарды құру және сақтау. Мәтінді пішімдеу және редакциялаудың негізгі әдіс-тәсілдері. Қаріп, абзацтар, шегіністер мен аралықтар.

1

33 Практикалық жұмыс

1

34 Нөмірленген және маркерлеген тізімдер. Бағандар.

1

35 Беттердің параметрлері. Жиек. Алдын ала қарау. Құжатты баспадан шығару.

1

36 Практикалық жұмыс

1

37 Кестелер. Кестелер құру. Кестелерді редакциялау.

1

38 Кесте ішіндегілерін енгізу және пішімдеу.

1

39 Практикалық жұмыс.

1

40 Графикалық объектілерді және көркем жазуларды кірістіру.

1

41 Суреттер мен жазуларды пішімдеу

1

42 Өздік жұмысы

1

43 Программа интерфейсімен танысу. Презентациялар. Мультимедиялық презентациялардың конструкторы.

1

44 Презентацияларды құру. Безендіру шаблондары.

1

45 Кестелерді, суреттерді, бейнені және дыбысты кірістіру.

1

46 Анимация әсерлерін баптау. Презентацияларды көрсету

1

47 Практикалық жұмыс

1

Телекоммуникация (2 сағат).

48 Компьютерлік байланыстың негізгі түрлері. Ауқымды ақпараттық желілер. Интернетте ақпаратты іздеу. Электрондық пошта.

1

49 Жылдық бақылау жұмысы

1

Жобалық іс-әрекет (2 сағат)

50 Қорытынды жобаларды әзірлеу

1

51 Жобаны қорғау

1

 

 

ИНФОРМАТИКА

7-сынып  (барлығы 51 сағ, аптасына 1,5 сағ)

Тақырыптар атауы

Сағат

саны

1 Кіріспе. Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру

1

Информатика және ақпарат (4 сағат)

2 Информатика. Ақпарат. Ақпараттардың алуан түрлілігі және оларды өңдеудің тәсілдері. Ақпарат саны, ақпарат өлшем бірлігі. Ақпарат қасиеті. Әлемнің ақпараттық бейнесі.

1

3 Компьютерде ақпараттарды ұсыну тәсілдері. Сандық, мәтіндік және графиктік ақпараттарды кодтау. Кодтан шығару.

1

4 Өздің жұмысы

1

5 Ақпаратты сығу. Ақпаратты қорғау. Вирусқа қарсы программалар

1

 

Компьютер-ақпаратты өңдеу құралы (10 сағат)

6 Есептеу техникасының даму тарихы. Электронды-есептеуіш машиналардың кезеңдері.

1

7 Компьютерлік техниканың даму үрдісі

1

8 Компьютердің аппараттық қамтамасыз етуі. Жады

1

9 Компьютердің негізгі құрылғыларының міндеттері және мүмкіндіктері.

1

10 Пернетақта.

1

11 Программалық қамтамасыз етудің жалпы сипаттамасы және жіктелуі. Операциялық жүйе ұғымы және оның атқаратын функциясы.

1

12 Операциялық жүйені басқарудың негізгі тәсілдері және объектілері. Файлдар, бумалар және белгішелер

1

13 Бумалар мен белгішелерді құру. Атын өзгерту. Объектілерді іздеу. Объектілерді көшірмелеу, орнын ауыстыру және жою.

1

14 Практикалық жұмыс

1

 

Алгоритмдеу және модельдеу (7 сағат)

15 Алгоритм және оның атқарушылары. Алгоритмді жазу пішімі. Блок-схемалар

1

16 Алгоритм типтері (сызықты, тармақталу және циклдік алгоритмдер)

1

17 Өздік жұмысы

1

18-19 Программалау – алгоритмді формальды жазу тәсілі. Алфавит. Программалау тілінің синтаксисі. Арифметикалық өрнектерді жазу ережесі.

2

20 Айнымалылар типтері. Программа құрылымы.

1

21 Сызықтық алгоритмдерді программалау, енгізу және шығару,  меншіктеу операторы

1

22 Жарты жылдық бақылау жұмысы

1

Ақпараттық модельдеу (2 сағат)

23 Модельдерді сипаттау әдістері, модельдер қасиеті, түрлері.

1

24 Әртүрлі білім салаларының мысалдарында модельдерді зерттеу.

1

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (23 сағат)

25 Қарапайым графикалық редакторы. Суретті ашу, сақтау. Графикалық редактордың сурет салу құралдары.

1

26 Суреттің үзінділерін ерекшелеу. Суреттің үзінділерімен жұмыс. Графиктік ақпаратты өңдеу (бейнелерді масштабтау, трансформациялау), баспаға дайындау. Баспадан шығару.

1

27 Практикалық жұмыс.

1

28 Қарапайым мәтіндік редакторы. Редактор интерфейсі. Мәтінді теру ережесі. Мәтін бойымен жылжыту. Мәтіннің үзіндісін ерекшелеу.

1

29 Мәтінді редакциялау және пішімдеу. Қаріп. Абзац.

1

30 Графиктік және мәтіндік ақпараттарды өңдеу. Аралас құжаттарды құру.

1

31 Калькулятор. Блокнот. Обработка звуковой информации. Звукозапись

1

32 Мәтіндік процессоры жайлы жалпы мағлұмат, программа интерфейсі. Құжаттарды құру және сақтау

1

33 Мәтінді пішімдеу және редакциялаудың негізгі әдіс-тәсілдері. Қаріп, абзацтар, шегіністер мен аралықтар.

1

34 Нөмірленген және маркерлеген тізімдер. Бағандар. Беттердің параметрлері. Жиек. Алдын ала қарау. Құжатты баспадан шығару.

1

35 Кестелер. Кестелер құру. Кестелерді редакциялау.

1

36 Кесте ішіндегілерін енгізу және пішімдеу.

1

37 Графикалық объектілерді және көркем жазуларды кірістіру. Суреттер мен жазуларды пішімдеу

1

38 Практикалық жұмыс.

1

39 Компьютерлік графика түрлері. Векторлық және растрлық графиктерді құру және өңдеу бойынша программалары. Графикалық файлдардың пішімі. Векторлық графика. Векторлық графиканы өңдеу бойынша программасының интерфейсі

1

40 Фигураларды салу. Векторлық объектілермен қарапайым амалдар. Қисықтарды редакциялау.

1

41 Мәтін, мәтіндік блоктар құру.

1

42 Растрлық графика. Растрлық графиканы өңдеу бойынша программа интерфейсі. Растрлық бейнелердің параметрлері. Растрлық бейнелермен жалпы жұмыс жасау тәсілдері. Түстер. Салу құралдары.

1

43 Аймақтарды ерекшелеу, ерекшеленген аймақтармен жұмыс. Қабаттар.

1

44 Мәтінмен жұмыс.

1

45 Программа интерфейсімен танысу. Презентациялар. Мультимедиялық презентациялардың конструкторы. Безендіру шаблондары

1

46 Мәтінді құру. Кестелерді, суреттерді, бейнені және дыбысты кірістіру. Анимация әсерлерін баптау. Презентацияларды көрсету
47 Өздік жұмысы

1

Телекоммуникация (2 сағат).

48 Компьютерлік байланыстың негізгі түрлері. Ауқымды ақпараттық желілер. Жергілікті желі. Интернетте ақпаратты іздеу. Электрондық пошта.

1

49 Ақпаратты қорғау және ақпараттық қауіпсіздік

Жобалық іс-әрекет (2 сағат)

50 Қорытынды жобаларды әзірлеу

1

51 Жобаны қорғау

1

 

 

ИНФОРМАТИКА

8-сынып (барлығы 51 сағ, аптасына 1,5 сағ)

Тақырыптар атауы Сағат саны
1 Кіріспе. Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру

1

 

Ақпарат және ақпараттық үдерістер (6 сағат)

2 Санау жүйелері (екілік, сегіздік, ондық, он алтылық). Сандарды бір санау жүйесінен екінші санау жүйесіне аудару

1

3 Логика және логикалық операциялар

1

4 Ақиқат кестелері. Компьютердің логикалық негіздері

1

5 Сандық, мәтіндік және графиктік ақпараттарды кодтау. Кодтан шығару              .

1

6 Өздік жұмысы

1

7 Ақпаратты қорғау. Вирусқа қарсы программалар. Ақпаратты сығу, мұрағаттау программалары.

1

Компьютер-ақпаратты өңдеу құралы (2 сағат)

8 Қазіргі заманғы дербес компьютердің архитектурасының даму үрдісі.  Компьютердің қосымша құрылғылары, қосымша құрылғыларды орнату, драйверлер

1

9 Компьютердің аппараттық қамтамасыз етуі. Жады. Операциялық жүйелердің жіктелуі.

1

 

Алгоритмдеу және программалау (15 сағат)

10 Алгоритм және оның атқарушылары. Алгоритмді жазу пішімі. Блок-схемалар.

1

11 Алгоритм типтері (сызықты, тармақталу және циклдік алгоритмдер).

1

12 Программалау – алгоритмді формальды жазу тәсілі. Алфавит. Программалау тілінің синтаксисі. Арифметикалық өрнектерді жазу ережесі

1

13 Программа құрылымы. Айнымалылар типтері.

1

14 Енгізу және шығару операторлары, меншіктеу операторы.

1

15 Сызықтық алгоритмдерді программалау.

1

16 Тармақталу операторлары. Шартты көшу операторлары

1

17 Шартсыз көшу операторлары

1

18 Өздік жұмысы

1

19 Циклдік алгоритмдер

1

20 Циклдің алғы шарты

1

21 Есептер шығару

1

22 Графика

1

23

Графиктік процедуралар

1

24 Жарты жылдық бақылау жұмысы

1

Ақпараттық модельдеу (2 сағат)

25 Модельдерді сипаттау әдісі, модельдеу қасиеттері. Модель түрлері

1

26 Компьютерде модельдерді зерттеу және модель жасаудың негізгі кезеңдері

1

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (21 сағат)

27 Мәтіндік процессоры жайлы жалпы мағлұмат, программа интерфейсі. Құжаттарды құру және сақтау. Мәтінді пішімдеу және редакциялаудың негізгі әдіс-тәсілдері. Қаріп, абзацтар, шегіністер мен аралықтар

1

28 Нөмірленген және маркерлеген тізімдер. Бағандар. Беттердің параметрлері. Жиек. Алдын ала қарау. Құжатты баспадан шығару.

1

29 Кестелер. Кестелер құру. Кестелерді редакциялау.

1

30 Кесте ішіндегілерін енгізу және пішімдеу

1

31 Графикалық объектілерді және көркем жазуларды кірістіру. Суреттер мен жазуларды пішімдеу

1

32 Математикалық мәтінді енгізу

1

33 Өздік жұмысы

1

34 Презентациялар. Программа интерфейсімен танысу. Мультимедиялық презентациялардың конструкторы. Презентацияларды құру. Безендіру шаблондары

1

35 Кестелерді, суреттерді, бейнені және дыбысты кірістіру. Анимация әсерлерін баптау. Презентацияларды көрсету.

1

36 Практикалық жұмыс

1

37 Компьютерлік графика түрлері. Векторлық және растрлық графиктерді құру және өңдеу бойынша программалары. Графикалық файлдардың пішімі. Векторлық графика. Векторлық графиканы өңдеу бойынша программасының интерфейсі

1

38 Фигураларды салу. Векторлық объектілермен қарапайым амалдар. Қисықтарды редакциялау.

1

39 Мәтін, мәтіндік блоктар құру.

1

40 Растрлық графика. Растрлық графиканы өңдеу бойынша программа интерфейсі. Растрлық бейнелердің параметрлері. Растрлық бейнелермен жалпы жұмыс жасау тәсілдері. Түстер. Салу құралдары.

1

41 Аймақтарды ерекшелеу, ерекшеленген аймақтармен жұмыс. Қабаттар.

1

42 Мәтінмен жұмыс

1

43 Электрондық кестелер. Кестелік процессордың терезе интерфейсі. Электрондық кестелердің негізгі ұғымдары. Деректерді енгізу, редакциялау және пішімдеу

1

44 Формулаларды енгізу. Абсолюттік, салыстырмалы және аралас сілтемелер. Ұяшық мазмұның көшіру

1

45 Функциялар, стандартты функцияларды пайдалану.

1

46 Диаграммаларды салу.

1

47

Кестені баспаға дайындау

1

Телекоммуникация  (2 сағат)

48 Компьютерлік желілердің негізгі ұғымдары. Жергілікті желі. Ауқымды компьютерлік желі. Интернет ресурстарына қол жетімдік. Интернет қызметтері.

1

49 Ақпаратты қорғау және ақпараттық қауіпсіздік

Жобалық іс-әрекет (2 сағат)

50 Қорытынды жобаларды әзірлеу

1

51 Жобаны қорғау

1

 

 

ИНФОРМАТИКА

9-сынып (барлығы 34 сағ, аптасына 1 сағ)

Тақырыптар атауы Сағат саны

Кіріспе

1

Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру

1

Алгоритмдеу және программалау (28 сағат)

2

Алгоритм ұғымы, алгоритм қасиеттері. Алгоритмді ұсыну тәсілдері

1

3

Атқарушы ұғымы, атқарушы командалар жүйесі

1

4

Алгоритм типтері

1

5-6

Есептер шығару кезеңдері

2

7

Қадамдап бөлу әдісі

1

8

Программалау тілі. Программа және оның құрылымы

1

9

Мәліметтер типі, өрнек, айнымалы ұғымы

1

10

Меншіктеу операторы. Сандық функциялар

1

11

Мәліметтерді енгізу және шығару

1

12

Сызықтық алгоритмдерді программалау

1

13

Файлдармен жұмыс

1

14-15

Тармақталу алгоритмдерін программалау

2

16

Шартты көшу операторлары

1

17

Жартыжылдық бақылау жұмысы

1

18

Шартсыз көшу операторлары

1

19

Циклдік алгоритмдерді программалау

1

20

Цикл с параметром

1

21

Циклдің алғы шарты

1

22

Циклдің ілесу шарты

1

23

Массивтер

1

24

Символдық мәліметтермен амалдар орындау

1

25

Графиктік объектілерді программалау

1

26

Графиктік процедуралар мен функциялар

1

27-29

Жобалық іс-әрекет

3

Ақпараттық модельдеу (4 сағат)

30

Модельдеу. Модель ұғымы. Модельдер типтері. Модельдеу тәсілдері.

1

31

Модельдер құру

1

32

Өздік жұмысы.

1

33

Жобалық іс-әрекет. Модель жобаларын құру.

1

34

Қорытынды тестілеу

1

 

Ұқсас тақырыптар:

Комментариев 4 »

Оставьте комментарий

Добавьте комментарий ниже или обратную ссылку со своего сайта. Вы можете также подписаться на эти комментарии по RSS.

Всего хорошего. Не мусорите. Будьте в топе. Не спамьте.

Вы можете использовать коды HTML:
<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

На сайте используются Gravatar. Чтобы его получить зарегистрируйтесь Gravatar.