Өткен жылдар жемісі. Тәуелсіз Қазақстаның тарихи кезеңдері (ТС материалдары).
5 Ноябрь 2013 – 09:32 | Нет комментариев

Саирова Назира К. Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы білім бөлімінің әдіскері.
1990- 25 қазанда Қазақстан Егемендігі туралы Декларация қабылданды.
1991-Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты республикамыздың Президенті етіп сайлайды.
16-желтоқсанда Қазақстан республикасы жоғарғы сессиясы «Тәуелсіз демократиялық және құқықтық мемлекет»-деп …

Читать запись полностью »
Информатика

Бәрі информатикаға байланысты

Педагогика

Тәлім-тәрбиеге байланысты материалдар

Басқа пәндер

Ұстаздар шығармашылығы

Оқушылар шығармашылығы

Главная » Тәрбие сағаттар

Жігіттің үш жұрты, пікірталас

Опубликовал в 14 Май 2013 – 19:38Нет комментариев

Ақтөбе қаласының №40 орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Дербисова Жаннур Жайымкуловна

Сабақтың мақсаты:
Жігіттің үш жұрты туралы мәлімет бере отырып, олардың адам өміріндегі маңызы туралы әңгімелеу. Оқушыларды өзіндік көзқарас білдіре білуге үйрету. Ұлттық тәрбиені насихаттай отырып, мейірімді, сыпайы, ілтипатты ұрпақ тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сұрақ-жауап, пікірталас

Көрнекілігін көшіріп алыңыз.

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру:
Жігіттің үш жұрты туралы мәлімет беру
Жігіттің үш жұрты
Жеті атаға дейін қан араласпайды (Қыз алып, қыз беріспейді).  I    Жеті жарғы.   I    Жеті саты.

“Туысым - бай, қайыным - бай, нағашым – бай, қайтып кедей қыласын, құдайым-ай!»

Кез келген азамат өзінің ағайын жұрты, қайын жұрты және нағашы жұрты болатынын жақсы біледі. Алайда олармен қарым-қатынастың өзіндік  ерекшеліктерін жете білмейтін жастар қазір әр жерден-ақ ұшырысып қалады. Әсіресе орыс мектебінде оқыған жастардың көпшілігі жігіттің үш жұрты былай тұрсын, жезде-балдыз, жеңге-қайын сияқты туыстық атаулардың өзін білмейді. Халық дәстүрін сақтай білген жігіттің қайда барса да жүзі жарқын. Оны өз туыстары да, қайны мен нағашы жұрты да алақанға салып ардақтайды. «Өзі жақсы кісіге бір  кісілік орын бар». Ал егер жігіт туыс-жұрағаттың кім екеніне мән бермей дәстүрден аттаса, өз басын алып жүре алмай, әр істе табансыздық, тайғанақтық көрсетсе, ондай азаматта береке де, бедел де болмайды.  Сондықтан «үш жұртты» таныстыра отырып, атаулардың мағынасын еске салайық….

Үлкендердің ақылына құлақ аспай үйленген қаны жақын туыстас жастарды ерте кезде «тас боран» етіп өлтірген деген аңыз-әңгімелерді надандық, жабайылық деп қабылдайды.  Мұның астарында ұрпақ қамы, үлкен жауапкершілік жатқаны әрдайым ескеріле бермейді. Ал,  шындығында, қандас туыстар бір-бірімен қосылса олардың ұрпақтарының айықпас дертке ұшырайтындығын, балаларының соқыр, маймақ, керең не ақыл-есі кем болып туатындығын ата-бабамыз ежелден-ақ білген. Қазақтың бұл даналығын кейінгі кездегі тұқым қуалау белгілерінің заңдылықтарын зерттейтін генетика ілімі де, оның ішінде медицина генетикасы саласы бойынша зерттеу қортындылары да қуаттап, дәлелдеп отыр. Өйткені ата-ананың гендерінде тек оларға тән сипат-белгілер (бет-әлпеті, мінез-құлқы, түр-түсі, т.б.) ғана емес, түрлі тұқым қуалайтын аурулар да «жазулы» тұрады екен. Мәселен, қаны жақын туысқан адамдар қосылған жағдайда олардың жыныс клеткаларына «жазылған» белгілердің ішіндегі кереңдік ауруын «таситын» гендері бір-біріне ұқсас болғандықтан асқынып, екі еселеніп күшейіп берілетіндіктен төртінші ұрпақтарына келгенде олардың барлық балалары таскерең болып туатындығы анықталған. Бұл мынандай сызбадан айқын көрінеді.

Жеті жарғы

Ақыл-парасатының молдығы арқасында ӘзТәуке атанған ханның тұсында «Жеті жарғы» атты қазақ әдет-ғұрып хұқығының тамаша ескерткіші туады. Өзіне дейінгі дәстүрлі заң жобаларының бар мәйегін бойына сіңірген бұл жарғыда салт-тұрмыстағы күрделі жеті мәселеге қамтылған.

Соның бірі - жеті ата ішінде қан араластырмау.

Сол кездегі қоғамның әрқилы қырын қамтыған бұл заң, қазақ мемлекетінің ғасырлар бойы өз тәртіп-тәрбиесі бар, имандылыққа арқа сүйеген біртұтас тәуелсіз ел болып тұруына бірден-бір негіз, алтын арқау болды.

Үлкендердің ақылына құлақ аспай үйленген қаны жақын туыстас жастарды ерте кезде «тас боран» етіп өлтірген деген аңыз-әңгімелерді надандық, жабайылық деп қабылдайды.  Мұның астарында ұрпақ қамы, үлкен жауапкершілік жатқаны әрдайым ескеріле бермейді. Ал,  шындығында, қандас туыстар бір-бірімен қосылса олардың ұрпақтарының айықпас дертке ұшырайтындығын, балаларының соқыр, маймақ, керең не ақыл-есі кем болып туатындығын ата-бабамыз ежелден-ақ білген. Қазақтың бұл даналығын кейінгі кездегі тұқым қуалау белгілерінің заңдылықтарын зерттейтін генетика ілімі де, оның ішінде медицина генетикасы саласы бойынша зерттеу қортындылары да қуаттап, дәлелдеп отыр. Өйткені ата-ананың гендерінде тек оларға тән сипат-белгілер (бет-әлпеті, мінез-құлқы, түр-түсі, т.б.) ғана емес, түрлі тұқым қуалайтын аурулар да «жазулы» тұрады екен. Мәселен, қаны жақын туысқан адамдар қосылған жағдайда олардың жыныс клеткаларына «жазылған» белгілердің ішіндегі кереңдік ауруын «таситын» гендері бір-біріне ұқсас болғандықтан асқынып, екі еселеніп күшейіп берілетіндіктен төртінші ұрпақтарына келгенде олардың барлық балалары таскерең болып туатындығы анықталған. Бұл мынандай сызбадан айқын көрінеді.

Қазақ халқында, ел арасында айтылып жүрген мынадай пікірлер бар. Осы пікірлерге көзқарастарыңыз қандай?

Өз жұртына байланысты:

  1. Өз жұртың- күншіл, бар болсаң, көре алмайды, жоқ болсаң, бере алмайды.
  2. Тарыққанда жебеушім, зарыққанда демеушім-өз жұртым.
  3. Жиен ел болмайды, желке ас болмайды.
  4. Жиен ел болады малы болса, желке ас болады майы болса
  5. Қайын жұртың – міншіл, жағаңның қызылдығын, қолыңның ұзындығын қалайды.
  6. Қайын жұртты қадір тұту – ізгі міндет

Оқушылар осы пікірлер жөнінде өз көзқарастарын білдіреді.

Бейнематериалдан көрініс көрсетіледі.

Сол бойынша ситуациялық сұрақтар қойылады

1.Жағдайдың осылай болуына кім кінәлі?

2.Әрі қарай жастар не істеу керек?

3.Қазіргі қоғамдағы жеті атасын білмейтін жетесіз ұрпақтың көбеюінің себебі неде?

4.Азаматтық неке дегенге көзқарасың қандай?

Қорытындылау

Бүгінгі сабақтан қандай ой түйдің?

Айтылған пікірлердің біздің болашағымызға қажеті бар ма?

Ұқсас тақырыптар:

Оставьте комментарий

Вы должны войти , чтобы оставить комментарий.