Microsoft Excel–ге берілгендерді енгізу және редакциялау.
Алматы облысы, Алакөл ауданы, Үшбұлақ ауылы, Безродных атындағы орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар мемлекеттік мекемесі. Информатика пәнінің мұғалімі Маманова Гульпан Қахарманқызы.
Сабақтың тақырыбы: Microsoft Excel–ге берілгендерді енгізу және редакциялау.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: ЕХСЕІ- ге берілгендерді ұяшыққа енгізу және редакциялау жолы туралы білімдерін қалыптастыра отырып, электронды кестеде жұмыс істеуге үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін, пәнге деген қызығушылығын дамыту.
Тәрбиелік: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақ әдісі: практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялау, баяндау арқылы түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, компьютерлер, оқулық.
Сабақтың өту барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
ІІ.Үйге берілген тапсырманы тексеру
Өткен сабақтар бойынша қайталау сұрақтары
1) Microsoft Excel программасын деректермен қандай операциялар орындауға мүмкіндік береді.
2) Microsoft Excel программасын іске қосу жолдарын ата.
3) Microsoft Excel терезесі қандай элементтерден тұрады.
4) Microsoft Excel программасында неше жол, неше баған бар.
5) Жұмыс парағының беті бойынша қандай пернелер арқылы орын ауыстырамыз.
6) Кестенің жұмыс беттері бойынша қандай жолдармен орын ауыстырамыз.
7) Кесте бетінің таңбасының атын қалай ауыстырамыз.
8) Бағанның ені мен биіктігін өзгерту қандай жолдармен жүзеге асады.
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру
Берілгендерді енгізу. Берілгендерді ұяшыққа енгізу үшін ұяшықты белгілеп, оған клавиатура көмегімен берілгендерді енгізу керек. Берілгендер ұяшықта және редакциялау жолында көрсетіледі. Берілгендерді енгізу кезінде формула жолының сол жақ бөлігінде үш батырма тұрады, олар: қызыл крест, жасыл белгі « » және «=» белгісі немесе
Егер қызыл кресті батырманы шертсеңіз, онда енгізу тоқтатылып, ұяшыққа енгендер - өшіріледі.
Егер белгісінің батырмасын шертсеңіз, экранда Функция шебері (Мастера функция) диалогтік терезесі көрінеді.
Формула жолы
Енгізуді аяқтау үшін Enter –ді немесе курсорды бағыттаушы пернелердің біреуін басу керек. Берілгенді енгізу аяқталады және жұмыс істеп тұрған ұяшық келесіге ауысады.
Кез келген электронды кестенің ұяшығына:
- сан;
- формула
- мәтіндік (алфавиттік-сандар) ақпараттарды енгізуге болады.
Сан. Үнсіз келісім бойынша сан ұяшықтың оң жақ шетіне тураланады.
Формулалар. Егер сіз «=» белгісімен басталатын символдар тізбегін терсеңіз, онда Excel оларды формула деп қабылдайды.
Формула бір жолға барлық амалдар белгісі қолданылып және символдар тізбектеліп, бірінен кейін бірі жазылады.
Мысалы, сіз ұяшыққа Д5 формуласын енгіздіңіз: =А5+B5+C5.
Бұл ұяшықтың мәні В5 және С5 көбейтіндісін А5 ұяшығындағы мәнге қосқанда шығатын санға тең болады.
Мәтін. Егер сіз сан немесе формула емес символдар тізбегін терсеңіз, онда Excel оны мәтін, яғни символдық ақпарат ретінде қабылдайды.
Берілгендерді редакциялау. Ұяшықтардағы мәліметтерді редакциялаудың бірнеше әдісі бар:
1. ұяшықты белгілеп, курсорды қажетті орынға апарып, оны формула жолында редакциялау.
2. ұяшыққа апарып, екі мәрте тышқанды шерту немесе ұяшықты белгілеп және F2 пернесін басу. Бұл жағдайда редакциялау тек қана ұяшықта болады. Ұяшықтағы редакциялауды аяқтағаннан кейін Enter пернесін басу керек.
IV. Бекіту
Практикалық тапсырма:
Оқулықтағы 100 бет, 2-тапсырманы орындау.
V. Қорытынды
- Электрондық кестеде берілгендердің қандай типі болуы мүмкін?
- Электронды кестенің ұяшығына мәтінді қалай енгізеді?
- Енгізілгеннің мәндер емес, формула екенін Excel қалай анықтайды?
VI. Оқушыларды бағалау
VII. Үйге тапсырма беру: §26 оқуға.
Көшіру: Microsoft Excel–ге берілгендерді енгізу және редакциялау.
Ұқсас тақырыптар:
- Информатика-8. Microsoft Excel кестелік процессор.
- Инф-10. Мәтіндік процессор Microsoft Word. Excel кестелік редакторының графикалық мүмкіндіктері (екі сабақ).
- Ms Excel-де сілтемелерді және макрокоманда қолдану (пж 11сын).
- EXCEL кестелік процессоры.
- Мәліметтерді сүзу 8-сынып
- Excel бағдарламасының көмегімен тест құру
- Microsoft Word-та құжаттарды құру және форматтау (колледж).
- Microsoft Access бағдарламасымен танысу
- Сабақ жоспарын жасаудың кестелік үлгісі. 8-сыныптағы Excel тақырыбына сабақ жоспары.
- MS Excel-дің графиктік мүмкіндіктері. Диаграмма тұрғызу. Диаграмма шеберінің жұмысы.