30 Сентябрь 2013 – 12:36 | Комментариев 60

Құрметті ИНФОРМАТИКТЕР!
Cайтымыз сіздердің арқаларыңызда, аз уақытта Қазақстандағы ең танымал сайттардың біріне айналып келеді. Кейбір қазақ тілді сайттар өз контенттерін біздің сайтқа қарап өзгертіп қолданушыларын да көбейтті. Біздің үлгімізбен біршама жаңа сайттар ашылды. Соған қарағанда Информатик …

Читать запись полностью »
Информатика

Бәрі информатикаға байланысты

Педагогика

Тәлім-тәрбиеге байланысты материалдар

Басқа пәндер

Ұстаздар шығармашылығы

Оқушылар шығармашылығы

Главная » Информатика

10-сыныпқа арналған «TURBO PASCAL–да программалау бастамалары» .

Опубликовал в 14 Май 2013 – 15:16Нет комментариев

Баева Гүлнұр Бекболатқызы Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Ганюшкин мектеп-интернаты.

Қолданбалы курстың бағдарламасы

ТҮСІНІК ХАТ

«Информатика» пәні қоршаған ортаны талдауға жүйелі-ақпараттық тәсілін қалыптастыратын; ақпараттық процестерді, сонымен қатар ақпаратты түрлендіру, тасымалдау, сақтау, қолдану әдістерін зерттейтін ақпараттық технологияларды қолданумен байланысты адамның практикалық іс-әрекетінің дамып және кеңейіп келе жатқан ғылыми білімнің іргелі салаларының бірі болып табылады.

Информатика курсының ұғымдарын іріктеу негізіне келесі талаптар қойылған: жүйелілік, тұтастық, пәндік саланың толықтығы, логикалық түрде жүйеленуі, минималды жеткіліктілігі, сабақтастығы, әдістемелік сәйкестілігі, иерархиялығы, аксиоматикалығы, көз жетерлігі, айқындығы.

Қазіргі заманғы информатиканың негізгі теориялық ұғымы – алгоритм мазмұндық ұғым ретінде енгізіледі. Алгоритмдерді жазу үшін блок-схемалардың және құрылымдық программалаудың формальді тілдері пайдаланылады.

Бұл бағдарлама «TURBO PASCAL–да программалау бастамалары»  тақырыбында 10 сыныпқа жасақталды.

Оқушыларды олимпиадаға алдын ала дайындау курсы программалау тілін терең оқуға, әртүрлі есептердің программасын құруға арналған (аптасына 1 сағат) 34 сағатты құрайды. Бағдарлама 6 тараудан тұрады.

Бағдарламаны құру кезінде «Қазақстан Республикасы Білім беру стандарты» және информатика пәні бойынша  нұсқау оқулықтары  басшылыққа алынған.

Бағдарламада  Turbo Pascal 7.0 ортасында жұмыс бастауға жеткілікті деп есептеуге болатын тілдің қысқаша теориялық  мәселелері қамтылған. Бағдарламада массивтермен жұмыс алгоритмдеріне, файлдарды  және   ішкі программаларды қолдануға, Паскаль графикасын пайдаланып әртүрлі есептерді шығаруға, физикалық процестер мен ойындарды компьютерлік модельдеу есептеріне баса назар аударылған. Ұсынылып отырған  бағдарлама оқушыларға  программалау тәжрибесінде пайдаға асады деген ойдамын.

Мақсаты - оқушылардың ғылымға деген қызығушылығын дамыту, пәндік білімін тереңдету, дарынды балаларды анықтау үшін қажетті жағдай жасау. Олимпиада есептерінің негізгі типтерін қарастыру, ондай есептерді шешудің жиі қолданылатын тәсілдерін үйрету арқылы оқушылардың  программалау технологиясын жетік меңгеруіне көмектесу.

   Міндеті:

  • программалаудың негізгі идеялары мен принциптерін оқыту, белгілі әдістерді (алгоритмдерді) меңгерту;
  • программалау тілдерінің айырмашылықтарын,файлдық құрылымды атап көрсету;
  • программалау тілінің алгоритмдік конструкциясын таныстыру;
  • құрылымдық және модульдік программалау ұғымын, массивтерді құрастыру, сипаттау және өңдеу арқылы нақты тәсілдерін көрсету;
  • бір есепті әртүрлі әдістермен және құралдармен шешу.

Күтілетін нәтиже:

  • Есептерді шешудің жиі қолданылатын тәсілдерін үйренеді.
  • Алға қойған мақсатқа жетуге үйренеді.
  • Программалау технологиясын жетік меңгереді.
  • Мамандық таңдауға, практикалық жұмыстарға бейімделеді.
  • Шығармашыл жеке тұлға қалыптасады.

1.ОҚУ ПӘНІНІҢ БАЗАЛЫҚ МАЗМҰНЫ

10-сынып (34 сағат)

Паскаль тілінің алғашқы түсініктері (5 сағат)

Паскаль тілінің ең негізгі элементтері. Программа туралы жалпы түінік. Программаның сипаттаулар  бөлімі. Программаның операторлар бөлімі. Есептер.

Жай типтер (4 сағат)

Типтер туралы жалпы түcінік. Ретті типтер. Нақты типтер. Есептер.

Құрылымды типтер (7 сағат)

Массивтер. Жазбалар. Жиындар. Файлдар. Мәтіндік файл. Типті және типсіз файл. Есептер.

Функциялар мен процедуралар (4 сағат)

Функциялар. Параметрлер. Процедуралар. Есептер.

Массивтермен жұмыс (8 сағат)

Бір өлшемді массивтер. Массивтің элементтерін өшіру. Массивті массивке енгізу. Массивтің элементтерін жағалап іздеу. Массивтің элементтерін екіге бөліп іздеу. Элементтерді таңдау арқылы сұрыптау. Екі  өлшемді  массивтер. Есептер.

Программалық модулдер (6 сағат)

Модулдер туралы жалпы түсінік. Турбо Паскалдың стандарт модулдеріне шолу. CRT модулін программада пайдалану. Graph  модулін пайдаланып программалау. Graph  модулінің жалпы сипаттамасы. Есептер.

 

 

 

 

10-сыныпқа арналған

«TURBO PASCAL–да программалау бастамалары»

тақырыбындағы қолданбалы курстың жоспары

Р/с Мазмұны Сағатсаны
1-тарау. Паскаль тілінің алғашқы түсініктері
1 Паскаль тілінің ең негізгі элементтері 1
2 Программа туралы жалпы түсінік 1
3 Программаның сипаттаулар  бөлімі 1
4 Программаның операторлар бөлімі 1
5

Есептер

1
2-тарау. Жай типтер
6 Типтер туралы жалпы түcінік 1
7 Ретті типтер 1
8 Нақты типтер 1
9

Есептер

1
3-тарау. Құрылымды типтер
10 Массивтер 1
11 Жазбалар 1
12 Жиындар 1
13

Файлдар

1
14 Мәтіндік файл 1
15 Типті және типсіз файл 1
16 Есептер 1
4-тарау. Функциялар мен процедуралар
17 Функциялар 1
18 Параметрлер 1
19 Процедуралар 1
20 Есептер 1
5-тарау. Массивтермен жұмыс
21 Бір өлшемді массивтер 1
22 Массивтің элементтерін өшіру 1
23 Массивті массивке енгізу 1
24 Массивтің элементтерін жағалап іздеу 1
25 Массивтің элементтерін екіге бөліп іздеу 1
26 Элементтерді таңдау арқылы сұрыптау 1
27 Екі  өлшемді  массивтер 1
28 Есептер 1
6-тарау. Программалық модулдер
29 Модулдер туралы жалпы түсінік 1
30 Турбо Паскальдың стандарт модулдеріне шолу 1
31 CRT модулін программада пайдалану 1
32 Graph  модулін пайдаланып программалау 1
33 Graph  модулінің жалпы сипаттамасы 1
34 Есептер 1
Барлығы 34

 

                                   

 Оқушы пайдаланатын әдебиеттер:

1. Программалау тiлi. К.Абдиев

2. Паскаль тіліндегі программалау негіздері.  А.Б.Дәулетқұлов, С.С.Алғазы

3.“Алгоритмы и программы на языке Turbo Pascal”   Ю.Федоренко

4. “Алгоритмдеу және программалау негіздерін оқыту” Б.Д.Сыдықов

5.“Паскаль тілінің негіздері” Б.Нақысбек, Г. Қалықова

6. Олимпиады по информатике. Даулеткулов А.Б.

7. Алгоритмы и программы на Turbo Pascal. Федоренко Ю.

8. Основы программирование. Бондарев В.М., Рублинейкий В.И

9. Алгоритмы и структуры данных. Вирт Н.

10. Turbo Pascal 7.0.  Программалау бастамалары Хамметов А.Х., Құтқожина Б.Ж.

11. Turbo Pascal самоучитель. О.А.Меженный

12. Паскаль для школьников. Д.М.Ушаков, Т.А.Юркова

                                               Мұғалім  пайдаланатын әдебиеттер:

1. “Turbo Pascal”  Ж.Қ.Масанов, Б.А.Бельгибаев, А.С.Бижанова, Қ.Қ.Мақұлов

2. Turbo Pascal 7.0.  Программалау бастамалары Хамметов А.Х., Құтқожина Б.Ж.

3. Изучаем информатику программирования. Быля Т.Н., Быля О.

4. Алгоритм + Структура = Программирование. Вирт Н.

5. Программирования в среде  Turbo Pascal 7.0 Епашенников А.М

6. Основы программирования Турбо-Паскаль 7.0 Молчанова С.И

7. Turbo Pascal. Немнюгин С.А

8. Паскаль. Программирование на языке высокого уровня. Т.А.Павловская.

9. Программирование на языке Паскаль:задачник. О.Ф.Ускова

10.Алгоритмизация и программирование на Turbo Pascal от простых до олимпиадных задач.Учебное пособие. Долинский.М.С

11. Turbo Pascal. Решение сложных задач. В.В.Потопахин.

12. Turbo Pascal 7.0 на примерах. Ю.А.Шпак.

13. Turbo Pascal 7.0 Начальный курс Фараонов В.В.

Ұқсас тақырыптар:

Оставьте комментарий

Вы должны войти , чтобы оставить комментарий.