Өткен жылдар жемісі. Тәуелсіз Қазақстаның тарихи кезеңдері (ТС материалдары).
5 Ноябрь 2013 – 09:32 | Нет комментариев

Саирова Назира К. Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы білім бөлімінің әдіскері.
1990- 25 қазанда Қазақстан Егемендігі туралы Декларация қабылданды.
1991-Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты республикамыздың Президенті етіп сайлайды.
16-желтоқсанда Қазақстан республикасы жоғарғы сессиясы «Тәуелсіз демократиялық және құқықтық мемлекет»-деп …

Читать запись полностью »
Информатика

Бәрі информатикаға байланысты

Педагогика

Тәлім-тәрбиеге байланысты материалдар

Басқа пәндер

Ұстаздар шығармашылығы

Оқушылар шығармашылығы

Главная » Бастауыш сынып

Жыл мезгілдері

Опубликовал в 2 Апрель 2013 – 12:32Нет комментариев

Сабақтың мақсаты:
Оқушыларды жыл мезгілдерімен таныстыру.Әр мезгілде болатын маусымдық өзгерістерді  ажыратып атауға үйрету. Бұл өзгеріс -белгілердің жыл сайын қайталанып отыратыны жайлы түсінік  қалыптастыру.
Оқушылардың дүниетанымын кеңейту. Ақыл-ойын дамыту. Сөздік қорын молайту. Байланыстыра сөйлеу сөздігін қалыптастыру.Өз ойын еркін айтуға және елестете отырып ойын бейнелей білуге дағдыландыру. Әдептілікке, ептілікке,еңбексүйгіштікке,тапқырлыққа, адамгершілікке,әсемдікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі:  түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, әңгімелеу,қайталау
Сабақтың көрнекілігі:  суреттер,оқулық

Сабақтың жүрісі: 
І Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды сабаққа дайындау.
Балаларды психологиялық дайындау.

ІІ Өткенді пысықтау
-Табиғат деген не?
-Табиғат нешеге бөлінеді?
-Тірі табиғатты ата.
-Өлі табиғатты ата.
-Табиғат құбылыстарын ата.
-Адамдар табиғаттан нені үйренді?
-Табиғатты танып білуге бюізге қандай сезім мүшелері көмектеседі?
-Мұрын, тіл, құлақ, көз, терінің табиғатты тануда қандай қызмет атқарады?

Оқушылар ойын толықтыру.
Білімдерін тиянақтау.

III Жаңа сабақ:
-Балалар біз қандай жыл мезгілдерін білеміз?
-Күз,қыс,көктем,жаз.
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Күз айларын ата.
-Күзгі табиғат құбылыстары жайлы не білеміз?
-Күзден соң қай жыл мезгілі келеді?
-Қыста табиғат қалай өзгереді?
-Ауа райы қандай болады?
-Қыс мезгілінің басқа жыл мезгілдерінен ерекшелігі бар ма?

Оқушылар ойын толықтыру.
-Ал қыстан соң қай жыл мезгілі келеді?
-Көктемдще ауа райы қандай болады?
-Көктем мезгілінде қандай мерекелер болады?
-Көктемгі адамдар еңбегі жайлы не білеміз?
-Жаз мезгілі жайлы не білеміз?
-Жазда ауа райы қандай болады?
-Біз жазда не істейміз?
-Қайда барып дем аламыз?

Оқушылар ойын толықтыру. Оз ойларын еркін айтуға баулу.

Оқулықпен жұмыс
Тақырыпты оқу, түсіндіру.
Сұрақтар арқылы түсінгендерін пысықтау.

Суреттермен жұмыс
Жыл мезгілдерінің суретіне қарай отырып әр жыл мезгілінің ерекшеліктерін, ауа-райын әңгімелеу.

Сергіту сәті
Балаларға оқыту.
Сұрақтар арқылы түсінгендерін пысықтау.

Дәптермен жұмыс
3 қатардағы оқушыларға үш жыл мезгілінің суретін салдыру.

Жеке жұмыстар жүргізу.
Әр қатардағы оқушыларға салған суреттері жайлы әңгімелету.
Салған суретіндегі тірі, өлі табиғат жайлы әңгімелей білуге баулу.

Оқушылар ойын толықтыру.

Ойын: «Әріптер сыр шертеді»

Т             П              Н                 Р
Ғ            Л              А                 У
Ш           Й              О                 Қ
Д            М             Б

Өтілген әріптерден сөз құрау.
Мысалы:Тау,тал, мал, мол,ау,қар, ой, дала,анар, шана,бота,лақ,тана,таға,тарақ…
Оқушылардан жазған сөздерін сұрай отырып,жазған сөзі тірі не өлі табиғат екенін ажыратып айтуға баулу.
Оқушылардың әр мезгіл жайлы білімдерін тиянақтау мақсатында жыл мезгілдері мен уақыт мезгілін сәйкестендіре отырып түсіндіру.

Таңертең                           Көктем
Түс                                     Жаз
Кеш                                    Күз
Түн                                     Қыс

Мысалы:Таңертең арайлап таң атады,барлық тіршілік иелері өз тіршілігіне кіріседі.
Ал көктем мезгілі келісімен барлық тірі табиғат өзгеріп,жанданып,құлпыра бастайды.
Түс мезгілінде жер беті жылып,күн ысып адамдар жадырап жүреді.
Осы мезгілге сәйкес келетін жаз мезгілі барлық адамға қуаныш сыйлайды.өйткені
Балалар үшін бұл мезгіл ең қуанышты қызыққа толы кезең….т.с.с.

Сабақты қорыту: Не үйрендік?  Не білдік?
Мақтау,мадақтау.

Ұқсас тақырыптар:

Оставьте комментарий

Вы должны войти , чтобы оставить комментарий.