Сиқырлы саз аспабы. Халық етегілері бойынша әдеби мозаика
УДК. Садирова Назира К. «Білім беруді ақпараттандыру және информатиканы оқыту әдістемесі» орталығының директоры. Шығыс Қазақстан Облысы Жарма ауданы.
Халық етегілері бойынша әдеби мозаика
Ерте –ертеде, ұшы –қиырсыз қазақ даласында Кербұғы деген керемет домбырашы өмір сүріпті. Ол небір құлақ құрышын қандырар күйлер шығарып, оны өзі домбырада төгілдіре орындайды екен.
Күні бойғы күйбең тірліктен кейін ауыл адамдары домбырашыны ортаға алып, «құлақтан кіріп бойды алар» сиқырлы күйлерін сүйсіне тыңдайды екен. Қос ішектен құйқылжи төгілген күйдің құдіреттілігі сонша – асыр салған балалардың өзі ойынын ұмытып, сілтідей тынып құлақ түреді екен.
Ақсақ Құлан ертегісі.
Базардан барабан сатып ап.
Оралды Қоян да әлгі үйге.
Түлкіні енді ол қатырмақ,
Өстиді кектенсе әркім де.
Түлкінің үйіне жетті ол,
Қағылды гүрілдеп барабан.
Кезекпен ойнады екі қол:
«Бам- барам, бам – барам, бам – барам!»
Отырған меймандар шошынды,
Кенеттен тиылды күлкілер.
Аңшы ма деп қалды осыны,
Не істерін білмеді Түлкі – «ер».
Әлімқұлов Н. Барабаншы қоян. Ертегі.
Асан сегіз – тоғыз жасқа келгенде анасының арманды мұңын, зарлы жырын тыңдап, жаттап алып, кең далада қой бағып жүріп, күңірене толғайтын болыпты. Қайғылы қалың елдің қайғы арманын, мелшиіп жатқан сар даланың сағым бұлдыратқан мұнарымен үндестіріпті. Ханның қайырымсыз сарайының маңынан таппаған мұңлы сыр, мазмұнды жырды Асан сахараның кең де келісті табиғат көрінісінен тапқандай болыпты.
Сөйтіп жүріп ол тоғыз жасында асқан жыршы, айтқыш ақын, шебер сыбызғышы болған екен.
Қасиманов С. Сиқырлы сыбызғы. Аңыз ертегі.
Көзіне жас алқымына өксік тығылған Лосан щяньцзысын асынып, басы ауған жаққа жүріп кетеді. Жүре – жүре мұнарлана шалқыған көк теңіздің жағасына жетеді. Бір тасқа жамбас басып, жан шақырады. Көңілі құлазып, біраз отырған соң, щяньцзысын қолына алып, шерін тарқатпақ болып, әсерлі мұңға толы күй шерте бастайды.
Мамырлап «Жабайы өрік гүлдеді» әуені төгіледі, күмбірлеп «Иен таудың сулары» ағады. (щяньцзы – үш ішекті, сазген тектес шертпелі аспап)
Лосан (дүнген ертегісі)
Жігіт гуслиын тізесіне қойып, тыңқылдатып, би әуеніне басқанда, тамам қарақшы жапұр – жұпыр билеп кетеді. Тоқтайын десе, дәрмен жоқ, аяқ- қолдары ербеңдеп билей береді.
- Ағатай , тоқта! Бір қап алтын берелік, - деп жалынады олар диірменшіге.
Жігіт күйін тоқтатып, қарақшылар қап толы алтын әкеп береді. Алтынын арқалаған жігіт көңілі тасып, үйіне келеді.
(гусли – жетіген тектес, шертпелі аспап)
Ғажайып гусли (украин ертегісі)
Замандардың заманында бір күйші ғұмыр кешіпті. Бала жастан өнер қуып, күй қайырыпты. Өгіз жайып жүріп, қурайдан сыбызғы қиып, уілдете тартқанда, өгіздер күйсегенін тоқтатып, құлақтары салбырай мүлгіп, тыңдап тұрады екен. Ормандағы құс қалғып, батпақтағы бақа тыншып қалса керек.
Кейде қыз – бозбалаға ілесіп, түнгі күзетке шығады. Түн тынық, жер- әлем бусана манаурайды. Қалжың – күлкі, ойын – сауық. Керемет.
Сонда бала сыбызғысын ерніне апарып, баяу созылтып күй бастайды.
Қыз біткен, жігіт біткен тегіс ұйып қалады. Қай –қайсысы болмасын, жүректеріне тәтті шырын құйылғандай, беймәлім бір күш қағып алып, биікке, шырқау биікке, жұлдыздары жымыңдасқан ашық аспанға әкетіп бара жатқандай сезінуші еді.
Құдіретті күйші (белорус ертегісі)
Баяғыда бір бала болыпты. Әке –шешесі жоқ тұл жетім екен. Көрінгеннің есігінде қаңғып жүреді . Бір үзім нан үшін жұрттың шошқасы мен сиырының соңында салпаңдап, айтқан шаруасын екі етпей орындайды. Ер жеткен соң бір ауқатты шаруаның сиырын бағуға жалданыпты. Күздің қара суығы екен, төңірек тұманға бөгіп, ызғырық жел өңменнен өтеді. Жұрт жылы үйден шығуға әйенкенестенеді (жиіркенеді авт.). Ал жетім бозбала жалаң аяқ сыз басып, сиыр жаяды. Суықтан тіс – тісіне тимей жаурайды. Не істерін білмей, торығып, өксіп- өксіп жылайды.
Кенет қасына бір кішкентай шал келіп:
- Әй, балам, неге жыладың? – деп сұрайды.
- Жыламағанда не? – дейді бозбала. – Қожайын күн сайын далаға қуады, жалаң аяқ, жалаң баспын, суыққа ұшып өлерше болдым.
Шал жетімді аяйды,әйтсе де қолынан келер қайран жоқ, өзінің аяғында жыртық шақай. Әрі – бері ойланып, қалтасынан сыбызғысын алып, бозбалаға ұсынады.
- Мә, осыдан басқа берерім жоқ, - дейді. – Бірақ бұл – жай сыбызғы емес, сиқырлы сыбызғы. Мүмкін, күндерде бір күн пайдасы тиіп қалар. Бұл сыбызғыны үрлеп жіберсең болды, естіген жұрт билеп кетеді.
Бозбала сыбызғыны алысымен, шал ғайып болады.
Сиқырлы сыбызғы (латыш ертегісі)
Ханшаның құлантаза айыққаны жайлы хабар төрт тарапқа түгел таралады. Алыстағы – жақындағы ханзадалар мен бекзадалар сұлу ханшаға үйленбек болып, толассыз шұбырады.
Алайда қыз өзін емдеген кернейші бозбаланы құлай сүйіп қалып еді.
Кернейші бозбала (өзбек ертегісі)
Гуслишы патшаның сөзіне құлақ асып, сарайда қалады. Күн сайын күй тартып, көңілін аулайды. Бірақ патшаның құмары тарқап, құлақ құрышы қанар болмайды. Шіркін, күй деп осыны айт! Қайғыны да, мұңды да қолмен сылығандай жоқ қылады.
(гусли – жетіген тектес, шертпелі аспап)
Гуслишы патшайым (орыс ертегісі)
Ертеде бір помещик өмір сүріпті, ол Аницзы атты бір бала бақташыны өзіне жалдап алыпты. Аницзны жұрттың бәрі де, әсіресе, сыбызғыны тамаша тартатындығы үшін жақсы көретін. Оның сыбызғысы кәдуілгі қарапайым бамбуктан жасалынған болса да, оның қолында ең нәзік музыкалық аспапқа айналатын.
Бала бақташы – Аницзы (ұйғыр ертегісі)
Скрипка үні естілісімен, сот бар, жендет бар, жиылған барша қауым бар – барлығы ұршықша үйіріліп, биге басады.
Саз да , би де толастамайды. Жігіт скрипкасын безілдете толғап тұрып:
- Қалай , осындай күй үшін өлім жазасына кесуге болама? – деп сұрайды.
- Жоқ , - дейді сот. – Бұндай өнерпазды өлтіруге болмайды.
Жалшы мен сиқырлы скрипка (поляк ертегісі)
Ұқсас тақырыптар:
- «Тапқыр информатиктер» сайысы
- Оқу мен тәрбие егіз (ата-аналар арасындағы жарыс ойыны)
- Әліппемен қоштасу-ана тілімен достасу (ертеңгілігі).
- Тәрбие сағаты: «Ғасырлар толғауы»
- Сыныптан тыс жұмыс: «Білімпаздар бәйгесі» атты білім сайысы
- Бала бақша. Тест МДМ
- Педагогика. Ата- аналарға кеңес.
- Ауғанстан жерінен кеңес әскерлерінің шығарылғандарына 23 жыл
- Тақырыбы: Бастауышпен қоштасу
- Ұлы Жібек жолынының Қазақстан бөлігіндегі тарихи ескерткіштерге сырттай саяхат