И-9. Тармақталу командасы (көренекті ашық сабақ).
Қаниева Айнұр Қылышбайқызы Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шетпе лицейінің информатика пәні мұғалімі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды тармақталу командасымен таныстыру; пайдалану жолдары мен тәсілдерін үйрету;
Алгоритмдік ойлау стилін дамыту;
Тапсырманы тиянақты, өз мезгілінде орындау жауапкершілігіне тәрбиелеу, патриоттыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілеттерін, танымдық белсенділігін арттыру, компьютермен жұмыс істеу шеберлігін одан әрі қарай шыңдау және осы сабақта алған білімдерін пайдалана білуге ықпал жасау.
Тәрбиелік: Жүйелікке, еңбекке, іскерлікке, ұқыптылық пен жылдамдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа материалды игеру, практикалық
Сабақтың әдісі: Блум жүйесі
Қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, практикум, тақта.
Сабақтың барысы:
- 1. Ұйымдастыру кезеңі
- 2. Өтілген материалдарды қайталау
- 3. Жаңа сабақ.
- 4. Білімділік сатысы.
- 5. Түсіну сатысы
- 6. Талдау сатысы
- 7. Қолдану сатысы
- 8. Жинақтау сатысы
- 9. Бағалау.
- 10. Үйге тапсырма
- 1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасып, түгендеу.
- 2. Үй тапсырмасын тексеру. Өткен сабақта сіздермен не өткен болатынбыз? Сызықтық алгоритм.
1) Сызықтық алгоритм дегеніміз не?
2) Блок схемасы қалай орындалады?
1 бөлім. Оқушы қызығушылығын арттыру
Оқушылар 2 топқа бөлінеді. Бағалау парақтары таратылады. Өткен тақырыптар бойынша оқушыларға 2 есептен беріледі. Біреуінде есептің қатесін табу. Екіншісінде математикалық өрнек арқылы бағдарлама құру.
№1 Тапсырма.
1-топқа
1 Бағдарламаның қатесін тап.
Program misal1;
begin
Var S1,S2,S3,v1,v2,v3,
t1,t2,t3:real;
write(‘v1,v2,v3,t1,t2,t3 -
терді
енгіз
’);
readln(v1,v2,v3,t1,t2,t3);
s1:=v1*t1
s2:=v2*t2;
s3:=v3*t4;
S:=s1+s2+s3;
readln(‘S=’,s:7:2);
Readln;
End.
2-топқа
program esep;
var x1,x2,x3,y1,y2,y3,a,b,s,p : real;
begin
readln(x1,x2,y1,y2,x3,y3);
write('x1,x2,y1,y2,x3,y3
координат
мәндерін енгіз
‘);
a:=sqrt(sqr(x1-x2)+sqr(y1-y3));
b:=sqrt(sqr(x2-x3)+sqr(y2-y3));
c:=sqrt(sqr(x3-x4)+sqr(y1-y3));
p:=(a+b+c);
s:=sqrt(p*(p-a)*(p-b)*(p-c));
readln;
write('s=',s);
end.
№2 Тапсырма.
1-топқа
1 функциясының Паскаль тілінде бағдарламасын құру.
2-топқа
2 функциясының Паскаль тілінде бағдарламасын құру.
Топтардың жауаптарын бір-бірімен ауыстырып, оқушыларға дұрыс жауаптарын тақтадан тексертемін. Қателерін тауып, екінші топқа бағаларың қояды. Оқушылардың тапсырмаларын тексеріп, қорытынды жасаймын.
-Осы есептерде бөлшектің бөлімі нөлге тең болғанда функцияның мәні анықталмайды. Олай болса, бұл есептерді шешуде сызықтық алгоритмді қолдана алмаймыз екен. Бұл есепті шешу үшін « тармақталу командасы» деп аталатын алгоритмдерді қолдану қажет болады. Ендеше бүгін Тармақталу командасымен танысамыз.
Жаңа сабақ
Назар аударатынымыз:
- 1. Тармақталу командасы;
- 2. Тармақталу командасының блок-схемасы;
- 3. Тармақталу командасының алгоритмдік тілде жазылуы;
- 4. Тармақталу командасының Паскаль тілінде жазылуы;
- 5. Тармақталу командасының толық түрі;
- 6. Тармақталу командасының қысқартылған түрі;
- 7. Шартсыз көшу операторы;
- 8. Қатынас белгілері.
Білімділік сатысы.
Тармақталған алгоритмдердің программасын құру үшін шартты операторларды пайдаланамыз. Осы уақытқа дейін біз сызықтық алгоритмдерге бағдарлама құрып келдік. Яғни, берілген есепте ешқандай шарттар болмаған. Ал, бүгінгі сабағымызда берілген есепте бір немесе бірнеше шарт кездесетін жағдайды қарастырып, оған программа құрамыз. Ал бұл алгоритм түрі тармақталған алгоритм.
Тармақталған алгоритмдер – алгоритмде арифметикалық теңсіздік пен теңдік түрінде берілген логикалық шарт тексеріледі. Логикалық шарт тексеріледі, егер орындалса, онда 1 – жолмен, ал егер орындалмаса, онда 2-ші жолмен жүзеге асады да, соңында екі тармақ бірігеді. Мұндай алгоритмдерді шарт тексеру, яғни тармақталу алгоритмдері деп атаймыз. Блок схемасында шарт тексеру блогы – ромб қолданылады.
Тармақталу операторы көрсетілген шартқа тәуелді құрамына кіретін операторлардың орындалуын немесе орындалмауын қамтамасыз етеді. Тармақталған алгоритмдерді бағдарланған кезде мынадай қызметші сөздер қолданылады: if - егер , then – онда , else - әйтпесе.
Оператор программадағы іс-әрекеттердің орындалу реттілігін өзгертетін мүмкіндіктің ең кең тараған тәсілі болып табылады. Толық оператордың жазылу түрі:
{Егер шарт онда 1 оператор әйтпесе 2 оператор орындалады.}
IF <шартты өрнек> THEN <1 оператор> ELSE <2 оператор>;
Егер шарттың мәні «ақиқат» болса, THEN сөзінен кейінгі оператор, ал мән «жалған» болса, ELSE сөзінен кейінгі оператор орындалады.
Сабақтың толықь нұсқасын көшіріп алыңыз.
Ұқсас тақырыптар:
- Информатика-9. Шартты операторлар.
- Инф-9. Паскалда есеп шығару.
- Паскаль программалау тілінің қайталау командалары
- 2012-2013 орта мектептерге келген олимпиада есептері, шешулерімен (Ақтөбе облысы бойынша).
- Сабақтың тақырыбы: «Паскаль еліне саяхат».
- И-9. Сызықты құрылымды алгоритмдер мен программаларды құру
- Қалалық олимпиада тапсырмалары 2012.
- Pascal-да программалар: 2-лік->10 сан, 10-дық->2 сан, 4 амал, Қазақша жыл.
- Информатика-9. “Жиымдар. Бірөлшемді жиым (массив)”.
- Паскалдан жиі қолданыстағы тақырыптық есептер (40 есеп+шешуі).