2 Апрель 2014 – 20:52 | Нет комментариев

Темиржанoва Меруерт Асетовна. I деңгей мұғалімінің портфолиосы А есебі №1 топ  Павлодар қаласы.
Әлем елдерi тәжiрибеciнде әр елдiң, әр мемлекеттiң өзiне тән oрта бiлiм
беру жүйеci мен мектеп үлгici, oрта мектептердiң, әр-қайcыcының қалыптаcқан өзiндiк iшкi құрылымы бар. …

Читать запись полностью »
Информатика

Бәрі информатикаға байланысты

Педагогика

Тәлім-тәрбиеге байланысты материалдар

Басқа пәндер

Ұстаздар шығармашылығы

Оқушылар шығармашылығы

Главная » Бастауыш сынып

Бастауыш. Сабақтың тақырыбы: Түйе

Опубликовал в 9 Апрель 2013 – 18:35Нет комментариев

Өткізген: Тегісбаева А.Б  Жаңаөзен №6 орта мектеп

Сабақтың мақсаты:   1. Өлеңнің мазмұнын меңгерту. Төрт түлік туралы түсініктерін толықтыру. Түйе  туралы толық түсінік беру;
2. Төрт түлік туралы түсініктерін, мал шаруашылығы туралы білімдерін және тіл  байлығын, сөздік қорын, мәнерлеп оқу, көркем жазу қабілеттерін дамыту;
3. Төрт түлікті қастерлеуге, мейірімділікке баулу.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивтік тақта, төрт түлік суреттері, қарта, құрт, балқаймақ, сүт, айран, түйенің жүні, қамшы.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру
2. Үй тапсырмасын тексеру.

-         Сиыр
-         Өлеңді жатқа сұрау
-         Сұрақ – жауап арқылы өткен сабақта алған білімдерін тексеру, бекіту.

***

3. Жаңа сабақ.

-  Жұмбақ шешу
-  Иір – иір денесі

Сахарның кемесі
Ащы шөптер тамағы
Шөлге шыдап бағады

-         Түйе

***

- Оқушылардан түйе туралы не білетіндерін Сұрау.
- Оқушылардың түсініктерін толықтыру.

***

Бір өркешті түйе, екі өркешті түйені көресту. Олардың айырмашылықтарын айту.

-         Бір өркешті түйені нар, нар мая, аруана, ал аталығын үлек деп атайды. Аруана сауын түйелерінің көбі. Сүтті болып келеді. Бірақ еті, жүні аздау болады.
-         Ал, екі өркешті атан, қоспақ, іңген, аталығы – бура  делінеді. Іңген сауын туйелердің сүті аруанаға қарағанда аз болады. Олар етті,жүнді болып келеді.
-         Картадан көрсету. Түйе шаруашылығы Маңғыстау, Қызылорда облыстарында бар. Қарақия ауданында қазыр түйе шаруашылығы жолға қойылған.

***

- Түйенің төлін – бота дейміз. Қазақ халқы  жаңа туған қыз баласына ботаның көзіндей үлкен, әдемі болсын деп Ботакөз, Ақбота деп ат қояды. Мамалары        Ботам деп аймалайды.

***

Ерте кезде қазақ халқы түйені көлік ретінде де пайдаланған. Үстіне мініп, осы осы түйеге жүк артып көшкен.
Түйеден басқа төрт – түлік сияқты ет,сүт,жүн,тері алынады

Сабақтың толық нұсқасын көшіріп алыңыз.

Ұқсас тақырыптар:

Оставьте комментарий

Вы должны войти , чтобы оставить комментарий.