И-7 Ақпараттық процестер
Мұсатаева Үміткүл Қуандыққызы, Алматы облысы Жамбыл ауданы, Үлкен орта мектебінің математика- информатика пәні мұғалімі
№4 сабақ
Сабақтың тақырыбы:. Ақпараттық процестер.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың табиғаттағы ақпарат туралы түсінігін қалыптастыру, ақпараттық процестермен таныстыру.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикасын, мәдениеттілігін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, тиянақтылыққа, жүйелілікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, онлайн-оқулық, жұмыс дәптері
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі
- Үйге берілген тапсырманы тексеру
- Жаңа тақырыпты түсіндіру
- Сабақты бекіту
- Үйге тапсырма
Сабақтың құрылысы: Пирамида «Ақпарат»
I.«Миға шабуыл.» Сәйкестендіру тесті.
***
Сигналдардың шығу тегі әр түрлі болуы мүмкін. Аспаптарм ен немесе суретте бейнеленген ақпараттық процестер арқылы берілетін сигналдардың табиғаты қандай?
II . «Білгенге маржан» Ақпараттық процестер.
Ақпарат материямен және энергиямен қатар бізді қоршаған ортаның құрамды бөліктерінің бірі болып саналады.
Адам ақпаратты сақтай, жеткізе, өңдей алады.
1.Біз кітап, газет – журналдар оқығанда ақпаратты есте сақтап жинаймыз да, біраз уақыттан кейін басқа біреуге жеткізе аламыз. Адам миы ақпаратты тек қабылдап қана қоймай сақтай да алады. Бірақ көп уақытта мида сақтай алмайды. Сондықтан ақпаратты сақтау үшін: қағаз, папирус, түрлі таспалар, дискілер қолданылады.
2. Адам ақпаратты жеткізе алады. Ақпарат алмасу үшін жолдаушы, қабылдаушы болады. Хабар жеткізуші құралдарды ақпаратты жеткізу арнасы деп аталады. Олар телевизор, радио, газет, компьютерлік желі т.б.
3. Адам ақпаратты өңдей алады. Ақпаратты өңдеу деп – ақпарат алуды, оның мазмұнын өзгертпей, ұсыну түрін өзгертуді, алынған ақпаратты бір ретке келтіруду және жаңа ақпарат іздеп толықтыруды айтады.
4.Адам ақпаратты сақтай, жеткізе, өңдей алады. Бұл процесті ақпараттық процестер деп атайды
Тапсырманы орындау
Берілген ақпараттық процестердің қайсысы басым екенін кестеден өзің белгіле. Кестені өз мысалдарыңмен жалғастыр
III. «Онлайн» Электронды- онлайн оқулықпен жұмыс.
***
www.infust.kz-сайтына кіріп,
Тұяқбаев Ерсайнның 7 сыныпқа арналған Информатика электронды- онлайн оқулығын ашу.
IV.Сергіту сәті.
Көз жаттығуларын музыкамен жасау.
V. «Интерфейс» Электронды тест
***
10 сұрақтан тұрады. 7 сынып тест(Тест)
***
Тест қорытындысын бағалау
«5» - 90-100%
«4» - 50-80%
«3» - 30-40%
«2» - 0-20%
VI. «Білім шыңы» Сабақты бекіту
***
1. Ақпарат өлшемінің ең кіші өлшем бірлігі?
2. Бір мегабайт - ….
3. Табиғи тілдерді ата
4. Ақпараттың негізгі түрлері?
5. Есептеуіш техникасында ең көп пайдаланылатын код
6. Жасанды тілдерді ата
7. Ақпараттың көлемі деп нені айтамыз
8. Кодтау дегеніміз не?
9. Декодтау дегеніміз не?
10. Санау жүйелерін ата
Үйге тапсырма: §4. 17-18 бет,тақырыпты оқу, cөзжұмбақ құрастыру
Ұқсас тақырыптар:
- Файлдар көшіру
- Мұғалімдердің аттестациясына арналған тест-сұрақтары (барлық пәндерден-2012).
- Сайыс: «Информатика – ғасыр талабы» атты интеллектуалдық олимпиада.
- Открытый урок по информатике на тему: «Панель инструментов. Палитра цветов. Меню»
- Excel – дің графикалық мүмкіндіктері. Диаграммамен жұмыс істеу. Графикалық объектілерді біріктіру (жаңа тәсілмен жасалған сабақ).
- Excel бағдарламасының көмегімен тест құру
- «Paint» графикалық редакторында практикалық жұмыс (4-5)
- И-8. Мәтіндік құжатты редакциялау, форматтау
- Модель типтері
- Педагогика. Бала бойындағы дарындылықты тану.
Бул сайт маган оте унайды, мен де мугалиммин, Умиткуль Куандыккызына рахмет, осындай онлайн-тесттер кобирек болса жаксы болар еди.
Сабақ өте ұнады, сабақта кеңінен түрлі әдіс-тәсілдер қолданған. Пән аралық байланыс бар.Интерфейс қажетті әдістің бірі.