20 Март 2013 – 10:36 | Нет комментариев

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласындағы №6 орта мектебі. Ғылыми жетекшісі информатика пәні мұғалімі Айтжанова Перизат Тұрдымұратқызы.
Жоба авторы: Жаңаөзен қаласындағы №6 орта мектебінің 9 «Ә» сынып оқушысы Абдирашова Айдан.
Кіріспе
«Мәдени мұра» бағдарламасын іске асыру бойынша Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің …

Читать запись полностью »
Информатика

Бәрі информатикаға байланысты

Педагогика

Тәлім-тәрбиеге байланысты материалдар

Басқа пәндер

Ұстаздар шығармашылығы

Оқушылар шығармашылығы

Главная » Басты тақырып, Информатика, Педагогика, Таңдаулы

Science Cube Lite есептеуіш құралдармен жұмыс

Опубликовал в 18 Март 2013 – 20:30Комментариев 2

Ақтөбе облысы, Мартөк ауданы, Каратоғай ауылы, Қаратоғай орта мектебі, физика және информатика пәнінің мұғалімі Сейтқалиев Жұлдызбек Қаратайұлы.

«Өмір бойы білім алу» әрбір қа­зақ­стандықтың жеке кредосына айналуы тиіс.» 

                   Н.Ә.Назарбаев

         Оқытудың жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларын меңгеру – қазіргі заман талабы. Қазіргі қоғамдағы білім жүйесін дамытуда ақпараттық – коммуникациялық технологиялардың маңызы зор. Білім беруді ақпараттандыру және пәндерді ғылыми – технологиялық негізде оқыту мақсаттары алға қойылуда. Ақпараттандыру технологиясының дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді, әрі білікті жұмысшы мамандарын даярлау оқытушының басты міндеті болып табылады. Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан-жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді.

ХХІ – ғасыр – білім беру жүйесін ақпараттандыру ғасыры. Орта білім беру жүйесінде ақпараттандыруды дамытып, АКТ құралдарының жыл сайын динамикалық түрде ауысатынын, жеке тұлғаның компьютерлік сауаттылығы мен ақпараттық мәдениеттілігі ілгерлейтіндігін, яғни әрбір оқушы ақпараттық технологияларды үйреніп қана қоймай, оны пайдалана білуі, интернет, электронды почта, ғаламдық ақпарат жүйесін пайдалана білуі тиіс. Кез – келген пәндік әдістеме оқушыларға сол пәнді тереңдетіп игеруге, алған білімді практика жүзінде қолдануы мен проблемалық жағдайлардан шыға алуымен айқындалады.

Педагогтың сабақта АКТ-ны қолдану, ақпараттық тәрбие беру барысында оқушы бойына төмендегі дағдыларды қалыптастыра білуі қажет:

  • Ø Оқушы АКТ-ның мүмкіндіктерін жете түсінуі;
  • Ø Білімді қабылдап, сыни ойлау қабілеттерінің дамуы;
  • Ø Оқушының үздіксіз ізденушілікте АКТ-ны қолдану;
  • Ø Инновациялық қағидаларды үйреніп, оны практикалық тұрғыда қолдана білуі;
  • Ø Жаңа ғасыр ағымына бейімделе білуімен айқындалады.

Физика эксперементтік ғылым. Экстрименттік есептер, физикалық практикум, зертханалық жұмыстар, физикалық демонстрациялардың артықшылығы:

  1. физикалық құбылыстың жүру процесін көрнекі түрде оқушыға  жеткізу.
  2. Оларға танымдық информация беру.
  3. Оқушыларда терең білім қалыптастыру.
  4. Оқушылардың шығармешылық қабілетін және физикалық ойлауын дамыту.

Осы проблеммаларды шешудің бір жолы оқу процесінде физикалық құрал жабдықтар мен техникалық жабдықтардың түрлерін кеңінен қолдану. Нақтылап айтсақ техникалық құралдарды нәтижелі пайдалана және өзіміз дұрыс құра алуымыз керек.

Мектептегі оқу бағдарламасы бойынша есептеуіш құралдарды тиімді пайдалану казіргі күн талаптарынан туындап отыр, әсіресе бұл физикаға тікелей байланысты. Оқушыларда есептеуіш құралдарын игеруге тиіс білімдерінің болуы үшін оқу сабақтарында ғана емес факультативтік және үйірме сабақтарында пайдалануға болады.

  • Берілген құрал-жабдықтарда датчиктер және қосу, шығаруға арналған  құрылғылар қолданылады.
  • Қауіпсіздік шараларын сақтау үшін құрал – жабдықтарды қолданар алдында нұсқауды оқу қажет.
  • Аталған құрал-жабдықтар мектептер және ғылыми жабдықталған мекемелер үшін шығарылады және олар оқытушының қатаң бақылауымен пайдалануы қажет.

Біз қарастырғалы отырған есептеуіш құралы екі бөліктен Science Cube Lite орталық базасы және әр түрлі өлшеуші датчиктерден тұрады.  Science Cube Lite орталық базасын компьютерге USB кабель арқылы жалғаймыз. Ал есептеуіш датчиктер базаға жалғанады.

Қозғалыс детекторы- ІІ  ((KDS-1042)  құралын пайдалана отырып математикалық маятниктің тербеліс графигін экранда алу үшін Science Cube Lite орталық базасын компьютерге USB кабель арқылы жалғаймыз және қозғалыс детекторы- ІІ  ((KDS-1042)  құралын базаға жалғаймыз.  Штативке  бекітілген  маятник пен өлшеуіш құралын бір түзудің бойына орналастырамыз. Компьютерден Simple Logger бағдарламасын іске қосып, start пернесін бір рет шертіп математикалық маятникті қозғалысқа келтіреміз. Сол кезде қозғалыс детектрі есептеуді бастап дыбыс береді  және экранда математикалық маятниктің гарафигін көре аламыз. Қозғалыс детекторы- ІІ  ((KDS-1042)  құралы базада тек қана CH-A порты арқылы жұмыс жасайды,  өлшеу диапозоны: 0,15 м ~6,0 м аралығында.

Күш датчигі ІІ (KDS-1029) көмегімен әр түрлі жүктерді өлшеу үшін датчикті штативке орналастырып, базаға жалғаймыз. 100 г жүктерді бір-бірлеп қоса отырып, экранда ауырлық күшінің графигін аламыз. Күш датчигі ІІ (KDS-1029) екі түрлі өлшеу диапазоны -10 Н ~ +10 Н  және -80 Н ~+80 Н  арқылы жұмыс істейді. 80 Н –нан артық күш түскен жағдайда істен шығады.

Келесі тәжірибеде ток күшін өлшеуге арналған датчик (KDS- 1010 )  пен кернеуді өлшеуге арналған датчикті (KDS-1009) пайдаланып, қыздыру шамының пайдаланатын қуатын анықтаймыз.  Жұмысты орындау үшін тоқ көзі, қыздыру шамы, жалғағыш сымдар, кілттен тұратын қарапайым тізбек құрастырамыз.  Ток күшін өлшеуге арналған датчигін тізбекке тізбектей жалғаймыз.  Ал  кернеуді өлшеуге арналған датчикті параллель жалғаймыз. Ток күшін өлшеуге арналған (KDS- 1010 ) датчигінің өлшеу диапазоны -1 А  ~ +1 А, кернеуді өлшеуге арналған(KDS-1009) датчигінің өлшеу диапазоны

-12 V ~  +12 V болғандықтан артық тоқ пен кернеудің болмауын қадағалаймыз. Компьютер экранда алынған нәтижені  қуатың (P=UI) формуласымен қыздыру шамының пайдаланатын қуатын есептеп шығарамыз.

Есептегіш құрал гальванометр көмегімен  адамзат қоғамының бұдан әрі дамуының өзегіне айналған Майкл Фарадейдің  электромагниттік  индукция құбылысын тәжірибеде көрсету. Ол үшін тұрақты магнит,  гальванометр (диапазоны,                 ,                                    ) катушка (соленоид) керек. Катушка ұштарын гальванометрге жалғаймыз. Гальванометр Science Cube Lite орталық базасына жалғанады. Магнитті контурға сұқсақ, не суырсақ экранда индукциялық токтың графигін көре аламыз.

Келесі тәжірибеде (KDS-1031) температураны өлшеуге арналған датчик көмегімен судың қайнау температурасын көрсету.  Ол үшін қайнап тұрған су керек. (KDS-1031) температураны өлшеуге арналған датчикті(диапазоны: -50 0С ~ +180 0С)  базаға жалғап платиналық щупты қайнап тұрған суға батырып, компьютерден Simple Logger бағдарламасын іске қосамыз. Сол кезде компьютерде судың қайнау температурасының графигін көре аламыз.

Магнит өрісін өлшеуге арналған датчик (KDS-1007) (диапазоны: -50 ~ +50 Гц) құралының көмегімен тұрақты магниттің полюстерін анықтау үшін датчикті базаға жалғап тұрақты магнитті датчикке жақындатамыз. Сол кезде компьютер экранында магнит өрісінің графиктік бейнесін аламыз.

Газ қысымын өлшеуге арналған (KDS-1034) (диапазоны: -1000 гПа ~ +3000 гПа) дачигінің көмегімен шприц құралның ішіндегі газ қысымы мен көлемі арасындағы байланысты өлшеу үшін датчикті базаға компютер арқылы жалғаймыз. Шприц ішіндегі ауаны сықсақ экранда газ қысымының көлемге байланысты графигін көре аламыз.

Фотоэлемент (фотозатвор )(KDS-1023)  датчигінің көмегімен  жарықтың әсерінен фото Электр Қозғаушы Күшінің  пайда болуының графигін көрсету үшін датчикті базаға жалғап, бағдарламаны іске қосамыз. Компьютер  экранында кернеудің пайда болу графигін және әр секундтағы таблицалық  мәнін көре аламыз.

Микрофон KDS-1012 құралын пайдаланып, дыбыс толқындарының  акустикалық резонансын қарастырамыз. Ол үшін микрофонды ( KDS-1012) компьютерге тікелей жалғап, Sound wave бағдарламасын іске қосамыз. Меншікті тербеліс жиіліктері бірдей екі камертондарды пайдаланып тәжірбие жасаймыз.  Микрафонды бірінші камертонға бекітіп, екінші камертонды тербеліске келтіріп сәл уақыттан кейін қолымызбен оның тербелісін тоқтатсақ  бірінші камертоннан дыбыс шығып тұрғанын копьютер экранында графиктік түрде байқаймыз.

Жалпы алғанда физиканы оқыту барысында есептеуіш құралдарын тиімді пайдаланып оқушылар:

  1. тапсырманы орындау нәтижесінде жаңа білім алуға қол жеткізетінін
  2. оқытудың есептеуіш құралдарын пайдалануда берілген тапсырманы орындаудың аса қиындығы жоқ екенін
  3. есептеуіш құралдарды пайдаланып шешудің нақты мүмкіндігі бар екеніне көз жеткізеді, қызығушылығы артады.

«Мектеп – жеткіншек ұрпақтың ойын қалыптастыратын шеберхана, егер болашақты қолдан шығарып алғың келмесе, оны берік ұстау керек», – дейді француз философы Анри Барбюс. Қазіргі педагогтарға қойылатын талап, ол оқушыға сапалы білім, жүйелі тәрбие және де саналы ойлау мен қабілет, түйсігін дамыту. ХХІ ғасырда оқушылардың жанын рухани жағынан азықтандыратын, қызығушылығын арттыратын ақпараттық техникалық құралдар екені бәрімізге мәлім. Қорыта айтқанда, баланы рухани дамытуда айналамен таныстыру, яғни ақпараттық құралдардың жақсы жағын тиімді пайдаланып, күрделі, қыр сыры көп әлеуметтік ортаға  оқушыны бейімдеп тәрбиелеу психолог – педагог қауымының еншісінде екенін назарда ұстауымыз керек. Оқушы ақпараттың жақсы жетістіктерін бойына сіңіріп, рухани бай Тұлға ретінде әлеуметтенуі заман талабы.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. ҚР Білім туралы Заңы 2004 ж
  2. Физика. Қ.А.Аққошқарова. Н.Қойшыбаев. Алматы «Атамұра» 2006жыл.
  3. Физика есептер жинағы. В.И.Кем. Б.А.Кронгарт Алматы «Мектеп» 2008 жыл.
  4. Физика және астрономия. Р.Башарұлы. У. Токбергенова, Д. Казакбаева. Алматы. «Атамұра» 2003 жыл.
  5. Физика және астрономия. Б.М.Дуйсенбаев. Г.З.Байжасарова. А.А.Медетбекова Алматы. «Мектеп» 2004 ж .
  6. Физика және астрономия. Р.Башарұлы. У.Токбергенова, Д. Казакбаева. Алматы. «Мектеп» 2005 жыл.
  7. Т.Баймолдаев  «Ақпараттық – білімдік ортада педагогтардың ақпараттық коммуникациялық құзырлылығын қалыптастыру» //Информатика негіздері №1, 2010 жыл \

А.Ерболатов  «Жаңа ақпараттық технология – мектепте» //Информатика негіздері №2, 2010 жыл

Ұқсас тақырыптар:

Комментариев 2 »

Оставьте комментарий

Добавьте комментарий ниже или обратную ссылку со своего сайта. Вы можете также подписаться на эти комментарии по RSS.

Всего хорошего. Не мусорите. Будьте в топе. Не спамьте.

Вы можете использовать коды HTML:
<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

На сайте используются Gravatar. Чтобы его получить зарегистрируйтесь Gravatar.