1-Химия-9. Металдардың жемірілуі және онымен күресу жолдары. 2-Химиялық реакция теңдеулері. 3-Биология. «Витаминдер» (Кембриж тәсілі)
Қызылорда қаласы №261 орта мектебі «Биохимия және тіршілік» тақырыбындағы таңдау пәні Мұғалімі: Алиасқарова Гүлнұр Бақбергенқызы
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)І.Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу, назарын сабаққа аудару, топқа бөлу (2-3 минут)
Сынып оқушыларын электрохимиялық кернеу қатарындағы металдар бойынша 4 топқа бөліп топтастыру.
1- топ:“Алтын” 2- топ:“Темір” 3- топ:“Күміс” 4- топ:“Мыс”
ІІ.Талқылау үшін сұрақтар.
1.Металдар дегеміз не?
2.Қандай металдар бар?
ІІІ. Жеке жұмыс«Жоқты тап»(10 минут)
31 параграфтағы №4жаттығу
ІV. Топтық жұмыс«Эссе» (5 минут)
Әр топ өз аттарына сәйкес әңгіме құрастыру
Химия |
9 сынып |
|||
Химияпәнінің мұғалімі Алиасқарова Гүлнұр |
||||
Сабақтың аты | Металдардың жемірілуі және онымен күресу жолдары | |||
Сілтеме | Жоспар | |||
Жалпы мақсаты | Металдардың жемірілуі туралы ақпарат беру. Олармен күресу жолдарын үйрету. Өз еркімен жұмыс жасауға тәрбиелеу. | |||
Күтілетін нәтиже | Металдардың жемірілуі туралы білетін болады.Олармен күресу жолдарынүйренеді. Өз еркімен жұмыс жасай алады. | |||
Негізгі идеялар | Кернеу қатарының орта шенінде жемірілуге баяу ұшырайтын металдар орналасқан. | |||
Тапсырмалар |
Жеке жұмыс «Жоқты тап» |
Топтық жұмыс «Эссе» |
||
Тапсырмалар |
Жұптық жұмыс «Сұрақ-жауап» ойыны |
Топтық жұмыс «Үш қадамды сұхбат» |
||
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)І.Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу, назарын сабаққа аудару, топқа бөлу (2-3 минут)Сынып оқушыларын электрохимиялық кернеу қатарындағы металдар бойынша 4 топқа бөліп топтастыру.
1- топ:“Алтын” 2- топ:“Темір” 3- топ:“Күміс” 4- топ:“Мыс” ІІ.Талқылау үшін сұрақтар.
1.Металдар дегеміз не? 2.Қандай металдар бар? ІІІ. Жеке жұмыс«Жоқты тап»(10 минут) 31 параграфтағы №4жаттығу ІV. Топтық жұмыс«Эссе» (5 минут) Әр топ өз аттарына сәйкес әңгіме құрастыру Ү. Жұптық жұмыс «Сұрақ-жауап» ойыны (15 минут) I бөлім: Оқушылар «Металдардың жемірілуі және онымен күресу жолдары» тақырыбын жылдам және мұқият оқып шығады. Сосын сұрақтар құрастырады. Кім көп сұрақ құрастырса, сол жеңімпаз болып табылады. II бөлім: Оқушылар кезекпен көршісіне сұрақ қояды, ол қысқа жауап қайтарады. Әр жауап ұпаймен белгіленеді. Анықтамаларға бір заңдылықтарға екі, ал ережелерге үш ұпай берілуі мүмкін. VІ. Топтық жұмыс «Үш қадамды сұхбат» (10 минут) Үш қадамды сұхбат ойынына үш оқушы қатысады. Екі оқушы келіп сұхбаттасады. Ол оқушылар «Металдардың жемірілуі және онымен күресу жолдары» тақырыбында сұхбат береді. Сұхбаттасу сәтін үшінші болып тілші ролін ойнайтын оқушы газет бетіне түсіретін бүгінгі тақырып бойынша жазылған мақаласын оқып береді
|
||||
Кейінгі тапсырмалар | Жаттығу №1-10 орындау 111-бет. | |||
Кейінгі оқу | «Металдардың жемірілуі және онымен күресу жолдары» параграфты оқу |
Cfбақтың аты | Химиялық реакция теңдеулері | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сілтеме | Жоспар | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы мақсаты | Химиялық реакция теңдеулері туралы ақпарат беру.Химиялық реакция теңдеулерін жаза білуге үйрету.Өзара бірлесіп жұмыс жасауға тәрбиелеу. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Күтілетін нәтиже | Химиялық реакция теңдеулерін жазуды үйренеді.Химиялық реакция теңдеулері туралы білетін болады.Өзара бірлесіп жұмыс жасай алады. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Негізгі идеялар | Химиялық реакция теңдеулері бастапқы заттардың, соңғы заттарға айналуын сипаттайды.Химиялық теңдеу реагенттермен өнімдердің формулаларын жазып, олардағы атом сандарын коэффиценттер көмегімен теңдік белгісін қою арқылы теңестіру. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тапсырмалар | Топтық жұмыс «Құпия сөздің кілтін аш» | Жұптық жұмыс«Пилот-штурман» | Жеке жұмыс | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тапсырмалар | Топтық жұмыс«Жасырын элементтер» | Топтық жұмыс | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)І.Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу, назарын сабаққа аудару, топқа бөлу (2-3 минут)
ІІ.Талқылау үшін сұрақтар беріледі: Химиялық теңдеу дегеніміз не? Химиялық теңдеу құрудың басты шарттары қандай? ІІІ. Топтық жұмыс «Құпия сөздің кілтін аш» (7 минут) Оқушыларды Li,Na,B,H элементтері таратылған карточкалар бойынша 4 топқа бөліп, топта 5 рөлді: лидер, баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы және бақылаушыларды анықтайды. Әр оқушы өзіне жүктелген рөлдің міндеттерін атқарады. Топ пікірлерін тыңдау Құпия сөздің құлпын аш
Плакатқа жауаптарын жазып, дайын жауаптар арқылы басқа топтар өзара критерийлермен бағалайды. ІҮ.Жұптық жұмыс. «Пилот-штурман» (5-мин) Сөздерді құрастыру арқылы талапқа сай сөйлемді табыңдар
Дұрыс жауабы: 1.Әрекеттесуші заттар реакцияға кіріскен реакцияласушы заттар не қысқаша реагенттер деп аталады. 2. Жаңадан түзілген реакциядан шыққан заттар немесе өнімдер деп аталады. Өзін-өзі бағалайды V. Жеке жұмыс. (7 минут) Химиялық реакция теңдеулін аяқтаңыздар және теңестіріңіздер: А) Барий + оттек(О2) = Ә) Натрий + хлор(Cl2) = Б) Мыс + оттек = Өзін-өзі бағалайды ҮІ. Топтық жұмыс (7 мин)
Реакция сызбанұсқасын химиялық теңдеулерге айналдырыңдар: С +Н2 → СН4 Al +O2 → AlO Ag2O→ Ag + O2 Топтар бірін-бірі критерийлермен бағалайды VІІ. Топтық жұмыс. «Жасырын элементтер» Топ пікірлерін тыңдау (10 минут) Қандай химиялық элемент екенін анықтап, оның қазақша аталуын , оқылуын таңбасын жазу және басқа элементтермен химиялық реакция теңдеуін құрастыру.
Дұрыс жауаппен салыстырып, дискриптормен бағалау |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Кейінгі тапсырмалар | Жаттығу №5,6,7 орындау 42-бет | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Кейінгі оқу | «Химиялық реакция теңдеулері» параграфты оқу | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 10 «А» өткізілетін күні: 24.12.2021 ж
|
|||
Негізгі тақырып |
Семинар сабақ «Витаминдер» |
||
Сілтеме |
Жоспар |
||
Жалпы мақсаты | Оқушылардың алған білімдерін, яғни теорияны өз түсінігі бойынша мысалдармен дәлелдеп жеткізуге үйрету. Оқыған материалдың өмірдегі құндылығын бағалай білуге тәрбиелеу. Оқушылардың шығармашылық бастама мен белсенділіктерін қалыптастыру. | ||
Сабақтың типі: | Білімді, іскерлікті және дағдыны бекіту
|
||
Сабақтың түрі: | Семинар сабақ | ||
Ресурстар | Интерактивті тақта, плакат, көкөністер, жемістер, цитрус дақылдары, сүт, айран, ет, балық, жұмыртқа, өсімдік майы | ||
Пән аралық байланыс: | Химия, медицина | ||
Күтілетін нәтиже | Оқушылардың алған білімдерін, яғни теорияны өз түсінігі бойынша мысалдармен дәлелдеп жеткізуге алады. Оқыған материалдың өмірдегі құндылығын бағалай біледі.Оқушылардың шығармашылық бастама мен белсенділіктерін қалыптастырады. | ||
Негізгі идеялар | «Витаминдер - денсаулық қайнары». Витаминдерді тамақпен қабылдау физиологиялық тұрғыдан неғұрлым дұрыс, өйткені олармен бірге өздерінің басқа түрге айналуын катализациялайтын тамақтық заттар болады. | ||
Тапсырмалар | Топтық жұмыс «Шығармашылық шарт» ойыны | Жұптық жұмыс «Логикалық тапсырма» | Жеке жұмыс «Шешендер жарысы» |
Тапсырмалар | Топтық жұмыс «Диетологтар» ойыны | Жеке жұмыс «Өз асқабағыңды таңда» | Топтық жұмыс «Суреттер сөйлейді» |
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады) І.Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу, назарын сабаққа аудару, топқа бөлу (2-3 минут) Оқушылар алма мен алмұрттың суреттерінің қимасын құрастыра отырып, топқа бөлінеді.Алманың суреті «Судаеритін витаминдер», алмұрттың суреті «Майда еритін витаминдер» деп аталады. Топ 5 рөлді: лидер, баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы және бақылаушыны анықтайды.
ІІ.Суреттердің артына талқылау сұрақтары беріледі. (2-3 минут) «Судаеритін витаминдер» Витаминдер дегеніміз не? Витаминдер жетіспеуден қандай аурулар пайда болады? «Майда еритін витаминдер» Витаминдерді ең алғаш анықтаған ғалым кім? Витаминдер неше топқа бөлінеді ?
ІІІ. Топтық жұмыс «Шығармашылық шарт» ойыны ( 5 минут) Витаминдік қасиеті бар ұлттық тағамдар туралы деректер жинап, оны баяндап береді.
ІV. Жұптық жұмыс «Логикалық тапсырма» (5 минут) «Ат -адам қанаты, ас- адамның қуаты» Аттар мен адамдардың қималары таратылып, құрастыру қажет.
Ү. Жеке жұмыс «Шешендер жарысы» (10 минут) Оқушылар топ аттарына сайкес витаминдерге хабарлама жасайды.
ҮІ. Топтық жұмыс «Диетологтар» ойыны (7 минут) Бір топтан диетолог екінші топтан науқас адам шығады. Диетолог науқаспен әңгімелесіп, жетіспейтін микро-элементті айта отырып, ауру түрін анықтап, аурудың алдын алуға қажетті азық-түліктердің аттарын айтып тіиімді тамақтануға кеңес береді. ҮІІ. Жеке жұмыс «Өз асқабағыңды таңда» (5 минут) Оқушылар жемістер мен көкөністерді таңдап алып, интерактивті тақтадан қай витаминге сәйкес келетінін көрсетеді. Дұрыс көрсетпесе асқабақ жоғалып кетеді.
ҮІІІ. Топтық жұмыс «Суреттер сөйлейді» (10 минут) Витаминдерге байланысты суреттерді өмірмен байланыстыра отырып салу және баяндап беру. Екі жұлдыз бір ұсыныс арқылы бағала
Сабақты қорыту: Ағзаға қажетті барлық заттары бар 10 тағамның қатарына мыналар кіреді: қызанақ, сүт, айран, картоп, шпинат, балық, банан, қара нан, бұршақ, өсімдік майы. Зерттеушілер «Егер осы он тағамды дастарханыңызға үнемі қоятын болсаңыз, жас әрі ақыл-ойыңыз сергек бола отырып, 90 жасқа дейін өмір сүре аласыз» деген екен. « Ас тұрған жерде ауру тұрмайды» деп бүгінгі семинар сабағымызды аяқтағым келеді. Сабақтың соңында оқушылардан бүгінгі семинар сабағымызға екі жұлдыз бір ұсынысты стиктерге жаздыру арқылы рефлексия аламын. |
|||
Бекіту\сабақпен байланыс |
Критериалдық жолмен бағалауға арналған тақырып, сондықтан да оқушылардың қолдарындағы дискрипторларына сәйкес өздерін бағалау. Объективті бағалау- нақты тақырыптың бөлімдерін білу. | ||
Кейінгі тапсырмалар | Е витаминіне кесте құру | ||
Кейінгі оқу | «Витаминдер» тарауына түрлі сөзжұмбақтар құрастыру |
Ұқсас тақырыптар:
- Химия 9 класс – тетрадь для практических работ
- Химия, физика, география. Металдардың табиғатта кездесуі және алыну әдістері. Электролиз (кіріктірілген сабақ).
- Windows Media-да практикалық жұмыс (Кембриж тәсілі).
- Химия кабинетінің паспорты, талап, ұйірме жоспары, қауіпсіздік техникасы
- Химия. «1001 мақал, 101 жұмбақ» (стс).
- Химиядан күнтізбелік жоспар.
- Металдардың адам өміріндегі маңызы. Қазақстандағы металл кендері (9-сынып).
- Химия. №4 Сарамандық жұмыс.
- Химия. Сутектің физикалық қасиеттері.
- Химия. Кремний және оның қосылыстары.