Информатика-5 «А» сынып. Электрондық пошта (Кембриж тәсілі).
Е. Бекмаханов атындағы мектеп-гимназиясы информатика пәні мұғалімі Кармакбаева Гульжан Нурмадиловна.
Сабақтың мақсаты: Электрондық поштаны ашу және қолдану
Сабақтың міндеттері:
1. Ақпарат алмасудың жолдары туралы үйрету
2. Электрондық поштаның пайдасы мен зиянын анықтату
3. Топ ішінде өзгелердің пікірін тыңдап ортақ шешімге келуге тәрбиелеу
Күтілетін нәтиже :
1. Топтасып жұмыс істей білуге үйренеді
2. Өз ойын еркін жеткізе біледі
3. Шығармашылық қабілеті дамиды.
4 . Компьютерде дұрыс жұмыс жасай біледі
Оқыту технологиясы: Ақпараттық технология, СТО
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: диалог, Жигсо, академиялық дау-дамай, сэнкуэйн, БҮҮ,ментальды карта, автор орындығы
Сабаққа қажетті құралдар: интерактивті тақта, компьютер.
Пән аралық байланыс: тарих
Сабақтың жоспары:
Уақыты | Сабақты ұйымдастыру формасы | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
2 мин | Ұйымдастыру кезеңі | АмандасадыОқушыларды түгелдеймін | АмандасадыКезекші жоқ оқушыны баяндайды |
2 мин | Топтасу | Хаттардың түріне қарай топтастырымын: I топ: “Үшбұрышты хат”
II топ: “Төртбұрышты хат” III топ: “e-mail”
|
Өз қалаулары бойынша хат түрлерін таңдап алады |
2 мин | Миға шабуыл:
Сұрақ-жауап |
Слайдтан сурет көрсету арқылы: мына суреттке қарап не айтар едіңдер? -деген сұрақ қойылады. | Интернеттің суретін көріп тұрғандарын айтады. |
1 мин | БҮҮ | Білетінін сұрайды | Білетіндерін жазады |
Негізгі бөлім8 мин | Ментальды картамен жұмыс
|
І-топ: ХатІІ-топ: Пошта
ІІІ-топ: Телефон |
Әр топ өз аттарына сәйкес ойларын ортаға салып талқылап ортақ шешімге келіп қорғайды |
12 мин | Жигсо | І-топ: Электронды пошта қалай жұмыс істейді?ІІ-топ: Пошта жүйесін баптау
ІІІ-топ: Жеке тегін пошта мекен жайын алу
|
Үш топқа тапсырмалар беріледі. Тапсырманы жеке оқып түсінеді,жұппен талқылайды, топпен ортақ ойға келеді. Топта топ басшы қалады
қалғандары басқа топтарға барып олардың тапсырмасы туралы түсініп келеді. Әрқайсысы өз түсінгендерін басқаларға айтып түсіндіреді. Ортадан бір оқушы тұрып басқа топтың тапсырмасын айтады, бірақ сол топқа барып келген оқушы емес, келесі бір басқа оқушы айтады.
|
2 мин | БҮҮ кестесі | Үйренгенін сұрайды | Бүгінгі сабақтағы үйренгендерін жазады |
6 мин | Академиялық дау-дамай | Иә, бейтарап, жоқ | Электронды поштаның пайдасы мен зиянынын жақтап екі топқа бөлінеді. Бейтарап топ ортада қалады, бірақ “иә” пайдалы деген ойға жуықтау болса сол топқа қарай, “жоқ” зиян деген ойға жуықтауы қарсы топқа жақындау тұрады. Әр топ өз ойларын мысал келтіре отырып дәлелдейді. |
5 мин | Сабақты бекітуСэнкуэйн
Автор орындығы |
І-топ: ХатІІ-топ: Пошта
ІІІ-топ: Телефон
|
Әр топ өз аттары туралы бес жолдық өлең жазады. |
2 мин | Сабақты бағалау | 1.Топтағы белсенділігі 1 балл2.Жаңа сабақты меңгеруі 1 балл
3.Өзіндік жұмыс істеуі 1 балл 4.Академиялық дау-дамай бойынша 1 балл 5.Сэнкуэйн бойынша талдауы 1 балл |
Бірін-бірі, топ басшы бағалайды |
2 мин | Кері байланыс парағы | Стекерлер таратады | Өз пікірлерін жазады |
1 мин | Үйге тапсырма: | Дарынды оқушыға Үйренгісі келетінін үйге қосымша тапсырма ретінде тапсырадыЭлектронды пошта туралы эссе туралы
|
Эссе жазып келеді
|
Сабақтың көрнекілігін көшіріп алыңыз.
Ұқсас тақырыптар:
- Әлеуметтік желі және ұстаз
- Интернет
- И. Іскерлік ойын ( Деловая игра ). Тақырыбы: «Жеке тұлғаны қалыптастырудағы ақпараттық технологияны оқытудың рөлі».
- «ЖАҢА БІЛІМ-ЖАҢА ҒАСЫР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ САЙЫС-КОНКУРСЫ
- Информатиктердің интернеттегі еркін бірлестігі (ИИЕБ). Мүше болу тәртібі.
- Баяндаманың тақырыбы: “Химия пәнін оқытуда ақпараттық технологияны пайдалану»
- “Мектептен-жоғарғы оқу орынына”
- АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР - БІЛІМ БЕРУ КЕҢІСТІГІНДЕ
- Информатика 9 класс. Календарно-тематический план (блочный вариант).
- Компьютердің көмегімен хабарларды жеткізу және қабылдау. Жергілікті желі. Электрондық пошта.