Өткен жылдар жемісі. Тәуелсіз Қазақстаның тарихи кезеңдері (ТС материалдары).
5 Ноябрь 2013 – 09:32 | Нет комментариев

Саирова Назира К. Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы білім бөлімінің әдіскері.
1990- 25 қазанда Қазақстан Егемендігі туралы Декларация қабылданды.
1991-Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты республикамыздың Президенті етіп сайлайды.
16-желтоқсанда Қазақстан республикасы жоғарғы сессиясы «Тәуелсіз демократиялық және құқықтық мемлекет»-деп …

Читать запись полностью »
Информатика

Бәрі информатикаға байланысты

Педагогика

Тәлім-тәрбиеге байланысты материалдар

Басқа пәндер

Ұстаздар шығармашылығы

Оқушылар шығармашылығы

Главная » Химия, Биология, География

География-67 §31.Мұхиттар мен теңіздердің маңызы.мұхиттар мен теңіздерді қорғау.

Опубликовал в 15 Март 2013 – 11:55Нет комментариев

Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы  Ә.Жангелдин атындағы  орта мектебі география пәнінің мұғалімі Әлмұратова Г.Қ

Сабақ мақсаты: Оқушыларға мұхиттардың флорасы мен фаунасы және адамның мұхит байлықтарын шаруашылықта пайдаланылу  жолдары туралы түсінік беру.
Сабақтың міндеттері:
1. Білімдік: Оқушыларға мұхит жануарлары мен өсімдіктерінің алуан түрлілігі мен оларға тән қасиеттер,мұхит қорлары туралы мағлұматтар беру.
2. Дамытушылық: Физикалық және саяси-әкімшілік карталарын пайдалана отырып,тапсырмалар орындату арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру,таным қабілеттерін дамыту.Жоспар арқылы білімді өздігінен игеруге бағыттау.
3. Тәрбиелік: Оқушыларға мұхит байлықтарын білуге және оны қорғауға бағыт беру.
Сабақ түрі: кіріктірілген сабақ  (биология, химия)
Сабақ әдісі: сөз,сұрақ-жауап,ауызша,картамен жұмыс,кітаппен жұмыс, жеке жұмыс,  қатармен жұмыс,  кеспемен жұмыс;
Құрал-жабдықтар: Дүние жүзі физикалық картасы, дүние жүзі саяси-әкімшілік  картасы, мектеп атласы, кескін карта,  кеспелер, интерактивті тақта;

Сабақтың барысы:

 І. Ұйымдастырушылық кезең. Топқа бөліну.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
 « Географиялық диктант»

  1. Мұхит суының басты қасиеттері…………
  2. Экватор маңында мұхит суының үстіңгі қабатының температурасы…………
  3. Мұхит бетіндегі ең жоғары температура………….
  4. Бір литр судағы еріген заттардың граммен алынған мөлшері…..деп аталады.
  5. Дүниежүзілік мұхиттың орташа тұздылығы…..
  6. Қызыл теңіз суының тұздылығы……..
  7. Судың орташа температурасы………………тең
  8. …………………….тереңдікте судың тұрақты температурасы 2-3ºС-ты көрсетеді
  9. Тұщы су деп құрамында…………………..
  10. Судың тұздылығын өлшеу бірлігі………………болып табылады
  11. Дүние жүзілік мұхиттың суында………………бар

 

ІІІ.Актуалдау:
-Қандай теңіз жануарлары мен өсімдіктерін білесіңдер?

ІV. Жаңа тақырыпты түсіндіру

  1. Мұхиттардың өсімдіктері мен жануарлар дүниесі және оларды пайдалану.

Жер бетіндегі адамзат тіршілігі теңіздермен,мұхиттармен тығыз байланысты.
Мұхит суында
Беткі қабатында   терең  қабатында        дене құрылысында ерекшелік
жануарлар            балдырлар
150 мыңнан              10 мыңдай
астам

Флорасы мен фаунасының пайдаланылуы
Кит                                                                                          мұнай, газ
Итбалық                                       Жасыл                                ас тұзы
Морж                                           Қоңыр                                 темір кені
Кашалот                                      Қызыл                                магний
Калан                                                                                      бром
Сивич                             Тамаққа пайдаланылады,            калий
Теңіз мысығы                 иод ,бояу алынады

Химиялық элементтер
Майы, еті,кит мұртынан
Сабын,глицерин,дәрі-дәрмек

2.  Мұхит байлықтары.Мұхиттарды қорғау.
Мұхит қорлары

Биологиялық қор (балықтар,сүтқоректілер,балдырлар).
Арзан көлік жолдары
Демалу және денсаулық түзеу орындары
Толқынның қуаты
Мұхит суының толысуы мен қайтуының қуаты
Минералдық қор

Су асты фермалары:

  • Теңіз ұлулары
  • Балдырлар
  • Таңқы шаяндар

Судың ластануының негізгі көзі:

  • Мұнай
  • Ядролық жарылыстар
  • Өндірістің радиоактивті қалдықтары
  • Теңіз қатынасы

Мұхит ластануы, Дүниежүзілік мұхиттың ластануы – адамдардың әрекеті нәтижесінде мұхит  суларындағы табиғи процестердің бұзылуы. Ластаушы заттардың өте көп мөлшерде жиналуы салдарынан жылдан-жылға мұхиттың өзін-өзі тазарту мүмкіншілігінің төмендеуі – онда тіршілік ететін организмдердің құрып кетуіне алып келеді. Мысалы, теңіз жұлдызының  тым көбейіп кетуінен Австралия жағалауындағы Үлкен Барьерлі рифтің түбінде “тікенді шеңбер” қалыптасуда. Сондай-ақ Дүниежүзілік мұхиттың, әсіресе мұнай өнімдерімен ластануы әлемдік мұхит пен атмосфера арасындағы газ алмасу процесіне кері ықпал етеді. Бұл жағдай тірі организмдер мен адамның денсаулығына қауіп төндіреді.

Географиялық сөздік

  • Пайдалануға жарамды өзен
  • Көл
  • Теңіз
  • Мұхит
  • Жасанды су айдыны
  • Жер асты сулары
  • Топырақтағы ылғал
  • Тау және полюстік өңірдің мұздықтары
  • Атмосферадағы су булары

Энциклопедия беттерінен

Су ресурстарын қорғау – адамзаттың жер бетіндегі табиғи су қорларының жай-күйін жақсартуға,қалпына келтіруге және оларды сақтауға бағытталған қызметі.Дүние жүзі су қорларының ластануы бүкіл адамзат қауымын алаңдатуда.Мысалы,дүние жүзі мұхит суын мұнай қалдықтары,ауыр металдар,пестицидтер, т.б.улы заттар ластайды.Жыл сайын мұхит арқылы жүздеген млн тонна мұнай тасылып,апатқа ұшыраған танкерлерден 400 мың тонна мұнай шикізаты мен мазут төгіледі.

Мектептегі  медбике:

Йод – бұл маңызды микроэлемент, ол жер бетіндегі тірі ағзалардың өсуі мен дамуына қажет. Денсаулығы қалыпты адам бір күнде 150 микрограмм йод тұтынуы қажет.

Тағам құрамында минералды элементтер аз болса, олардың ішінде йод (і) жетіспесе және витамин С (аскорбин қышқылы) аз болса, онда щитовид безі өсіп кетеді де, адам ауруға шалдығады. Ол дертті Базед ауруы деп атайды. Сүйек опырылғыш келеді, және өспей қалады, адам өте тез шаршағыш, тез қажығыш келеді. Ақыл-ой нашарлайды.
Сондықтан да тағамның химиялық құрамында жеткілікті түрде минералды элементтер болуы тиіс. Олардың ішінде химиялық құрамында йод бар азық-түлікгі пайдалану керк. Йод теңіз капустасының құрамында көп болады. Теңіз капустасында (ламинария) деп аталатын балдыр өсімдігінде иод көп

Сабақтың толық нұсқасын көшіріп алыңыз

Ұқсас тақырыптар:

Оставьте комментарий

Вы должны войти , чтобы оставить комментарий.