Биология. Ч. Дарвиннің эволюциялық теориясы.
Жамбыл облысы, Тараз қаласы, №1 колледж Алимжанова Асел Баймурзақызы - биология пәні мұғалімі
Сабақтың тақырыбы:
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Ч. Дарвин ілімінің шығуы, алғышарттары, ғылыми жетістіктерімен таныстыру.
Дамытушылық: Оқушылардың сабаққа белсенділігін, ойлау қабілетін, жеке тұжырым жасай білу қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды іздемпаздыққа, өз бетінше еңбектенуге және адалдыққа, қоршаған ортаны қорғай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап түсіндіру.
Көрнекілік: Интерактивті тақта, плакат, кесте, Венн диаграммасы, слайдтар, үлестірмелі материалдар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
ІІІ. Жаңа білімді меңгерту.
IV. Жаңа сабақты бекіту. (Биологиялық диктант, Венн диаграммасы).
V. Бағалау.
VI. Үйге тапсырма.
І. Ұйымдастыру кезеңі (2 мин.)
1. Сәлемдесу.
2. Мәлімдеме парағын толтыру.
3. Сабаққа дайындық.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: (10 мин.)
а) (Ой шақыру)
- Қазіргі кезде тірі организмдердің қанша түрі болады?
- Эволоюция деген ұғым нені білдіреді?
- Аристотель жануарларды қандай топтарға бөлді?
- К. Линнейдің «Табиғат жүйесі» деген еңбегі қай жылы жарық көрді?
- Ж.Б. Ламарктің 1809 жылғы еңбегі?
ә) Жеке оқушыға тапсырма:
1-оқушы: Тіршіліктің тарихи дамуы туралы көзқарастар.
2-оқушы: Ч.Дарвинге дейінгі тіршіліктің тарихи дамуы туралы көзқарастар.
3-оқушы: К.Линнейдің эволюциялық көзқарасы қандай?
4-оқушы: Ж.Б.Ламарктің эволюциялық көзқарасын сипаттаңдар.
5-оқушы: Ресейде қандай ғалымдар эволюциялық көзқараста болды?
б)Үй тапсырмасын кесте арқылы қорытындылау
Ғалымдар |
Кім? |
Зерттеген жұмысы |
Кемші - лігі |
Ғылыми жұмысы |
Ашқан жаңалығы |
К. Линней | Швед ғаламы 18ғ | Өсімдік жануарлар түрлері | Туыс-тық қатысы жоқ ағзалар-ды бір туысқа жатқыз-ды | Ботаника философиясы | Систематика. Түрді жүйелеу. Номенклатура |
Ж.Б. Ламарк | Француз ғалымы | Түр өзгерісі. Омыртқа-лы, Омыртқасыз, жануарларды |
«Түр өзгермейді» деп жалған пікір ұсынды | Зоология философиясы | Екі заң. Қарапайымнан күрделіге қарай түр өзгерісі |
ІІІ. Жаңа білімді меңгерту. (20 мин.)
Ч. Дарвиннің Эволюциялық теориясы.
Ч. Дарвин ілімінің шығу себептері. XVIII ғ соңында Англияда өндірістің дамуы шикізат қорын ұлғайтуды талап етті. Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы қарқынды дами бастады. Жанурлардың қолтұқымдары мен өсімдіктердің жаңа іріктемелерін шығару үшін селекциялық жұмыстарды дамытуға ерекше көңіл бөлінді.
Әлеуметтік – экономикалық алғы шарттары
Ғылымдағы жетістіктері. ХІХ ғ жаратылыстану саласында – геология, физика, химия ғылымдары көптеген жетістіктерге жетті.
Ч.Дарвиннің өмірбаяны мен еңбектері. Чарлз Роберт Дарвин 1809 жылы 12 ақпанда Англияның Шрусбери қалашығында дәрігердің отбасында дүниеге келген. Оның әкесі Роберт өз заманында атақты дәрігер болған. Ч.Дарвин мектеп бітіргеннен кейін 1826 ж Эдинбург университетінің медицина факультетіне оқуға қабылданады, бірақ оны тірі табиғат көбірек қызықтырады. әкесінің ұйғарымымен 1828 жылы Кембридж университетінің діни факультетіне оқуға қабылданады.
1831 ж Кембридж университеттін бітірген Дарвин сол университеттің профессоры Генсолдан «Бигль» кемесінің Жер шарын айналу саяхатына шығатыны және осы саяхат кезінде табиғат зерттушісі болып жұмыс атқаратындығы жайлы шақыру хат алады. Ол 22 жасында 5 жылға созылған саяхатқа қатысып, өте көп мәліметтер жинайды.
«Бигль» кемесі Оңтүстік Американың шалғай жатқан жағалаулары мен Тынық мұхит аралдарының картасын жасауды мақсат етіп қойды.
Ч. Дарвин органикалық дүниенің тарихи дамуы эволюцияның 3 факторына байланысты екендігін анықтады, олар: өзгергіштік, тұқым қуалаушылық және табиғи сұрыпталу.
Сұрыптаудың түрлері. Қолдан сұрыптау туралы Ч. Дарвиннің ілімі. Адам қолмен шығарылған қолтұқымдар мен іріктемелердің қасиеті тек организмдердің өзгергіштігі арқылы ғана болады деп түсіндіру жеткіліксіз екендігін алғаш байқаған ғалым Ч.Дарвин. Ол адамның қолдан сұрыптау мен табиғатта болатын сұрыпталудың арасында үлкен айырмашылық бар екендігін ажыратып, қолдан сұрыптау және табиғи сұрыпталу.
«Түр-тұрақты, өзгермейді»-деп пікір айтқандар «әрбір іріктеме немесе
Сабақтың толық нұсқасын көрнекілктерімен бірге көшіріп алыңыз:
Ұқсас тақырыптар:
- Физика. Молекула-кинетикалық теорияның негізгі қағидалары мен тәжірибелік дәлелдемелері
- Тәрбие сағаты: «Ғасырлар толғауы»
- XXI- ғасыр көшбасшысы интеллектуальдық ойын (СТС).
- Абыз Әлмерек aты сұранып тұрған жоқ па?
- МҰҚАМЕД ХАЙДАР ДУЛАТИ
- 9 класс. Аңыз болған «Құлагер».
- Биология-10. Онтогенез-организмдердің жеке дамуы (сж:Кембриж тәсілі)
- Биология-8. Қанның құрамы мен қасиеттері.
- Биология. Эволюциялық процесті оқыту әдісінің маңызы
- Биология. Ауыз қуысында астың қортылуы.