Бастауыш-3. Пайдалы қазбалардың түрлері.
Жамбыл облысы, Шу қаласы «Жібек Жолы»мектеп –лицейі. 3 «а» сынып мұғалімі Кокиева Гульжан Адильхановна.
Білімдік: пайдалы қазбалар туралы; олардың қасиеттері мен пайдаланылатын салалары, өндіру жолдары туралы түсінік қалыптастыруға ықпал ету;
Дамытушылық: оқушылардың танымдық белсенділігін, Қазақстан картасымен жұмыс істеу қабілетін дамыту; оқушылардың тіл байлығын дамытып, балаларды логикалық ойлауға, салыстырып, қорытынды жасауға үйрету.
Тәрбиелік: Табиғатты аялауға тәрбиелеу,ел байлығын үнемдеп пайдалануға үйрету.
Сабаққа қажетті құралдар: Қазақстанның пайдалы қазбалалары картасы, пайдалы қазбалар топтамасы,слайдтар,сызба-кесте,практикалық жұмыс,нұсқа тапсырмалары, тәжірибелер,көзге және қимылды сергіту сәттері.
Сабақтың түрі: жаңа білім беру сабағы.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: психологиялық дайындық,миды шынықтыру,сызба-кесте, слайдтар, сызбалар,өзіңді тексер(картамен жумыс),тәжірибемен жұмыстар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Слайд №1,2,3
ІІ. Психологиялық дайындық. Слайд№4
Сен пайдалы қазбалар туралы не білесің?
а) Миды шынықтыру.Слайд №5
-Ал, балалар қазір мына бейне таспадан не көріп отырсыңдар?(Пайдалы қазбаларды жер қойнауынан алып жатыр)
-Оны қандай әдіспен алып жатыр?)(жерді қазып)
-Не үшін қазып жатыр?(адамға қажет, пайдалы)
-Адамға пайдалы болса, қалай атаймыз?(Пайдалы қазбалар)
ІІІ.Үй тапсырмасын тексеру.Слайд№6
-Ал енді сендер пайдалы қазбаларды оқып келдіңдер,енді соны тексерейік.
(Сұрақтарға жауап алу.)
-Ал енді балалар цемент,құм,ұсақ тас,темір,көмір,газ-бұлар нелер?(пайдалы қазбалардың түрлері)
-Дұрыс балалар, «Пайдалы қазбалардың түрлері» бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы болады.
Ал мақсатымыз: Пайдалы қазбалардың түрлерін анықтау, тәжірибелер арқылы.
ІV Мағынаны тану:
Сызба құру: Слайд №7,
-Балалар, пайдалы қазбалардың түрлері үш негізгі топқа бөлінеді.
Олар:жанғыш,кенді,кенсіз деп аталады.
-Суретке мұқият қараңдаршы, тас көмір,мұнай,газ неге жанғыш тобына жатады?
-Ал темір,мыс,алюминий неге кендіге жатады?
-Ал гранит,тұз,мәрмәр,құм,саз,әктас неге кенсіз пайдалы қазбаға жатады?
көмір, шымтезек, темір,мыс,алюминий гранит, әктас,
мұнай, табиғи газ тұз, құм, саз
(Гранит, әктас, жанғышта коллекциясын көрсету)
Сарамандық жұмыс.
Ал енді осы түрлерінің ішінен бір-бір пайдалы қазбаларға тәжірибе жасап көрейік. Тәжірибе жасамас бұрын техника қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертемін.
Слайд №8 (таскөмір туралы жалпы түсінік,тәжірибе.)
- Ø №1 Тәжірибе: (Үш баланы кезекпен шақыру)
- Ø 1.Таскөмір кесегін қолыңа алып,сындырып көр.Сындыра алмайсың. Не байқадың? Тұжырым:Таскөмір қатты.
- Ø 2.Енді көмір кесегін балғамен ұр. Ол кішкене кесектерге бөлінеді. Тұжырым: Таскөмір морт сынғыш.
- Ø 3. Таскөмірді суға саламыз. Не байқадың?Суға бірден батып кетеді.
Тұжырым: (ерімейді,судан ауыр,)
Қорытынды:
Сабақтың толдық нұсқасын презентациясымен бірге көшіріп алыңыз.
Сабақтың видео-көренкілігін көшіріп алыңыз.
Ұқсас тақырыптар:
- Бастауыш. Пайдалы қазбалар.
- Дүниетану 3. Заттардың қасиеті . Табиғи құбылыстар.
- Бастауыш-2. Байқатпайтын және қорғанатын реңдер.
- §38. Оңтүстік Американың жер бедері мен пайдалы қазбалары.
- Бастауыш. Бірдей қосылғыштардың қосындысын табу
- Бастауыш. Қарсы мәндес сөздер.
- Бастауыш 1-сынып. Қазақстан картасы
- Бастауыш. Ауа. Ауаның қасиеттері.
- Бастауыш математика. Кері есептер.
- Қазақ тілі. Сын есім
Уважаемый коллега, хочется выразить огромную благодарность за данный урок. Меня поразил грамотный подход в структуре урока. Использован научный подход в методике. Вы просто молодец!!!