Өткен жылдар жемісі. Тәуелсіз Қазақстаның тарихи кезеңдері (ТС материалдары).
5 Ноябрь 2013 – 09:32 | Нет комментариев

Саирова Назира К. Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы білім бөлімінің әдіскері.
1990- 25 қазанда Қазақстан Егемендігі туралы Декларация қабылданды.
1991-Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты республикамыздың Президенті етіп сайлайды.
16-желтоқсанда Қазақстан республикасы жоғарғы сессиясы «Тәуелсіз демократиялық және құқықтық мемлекет»-деп …

Читать запись полностью »
Информатика

Бәрі информатикаға байланысты

Педагогика

Тәлім-тәрбиеге байланысты материалдар

Басқа пәндер

Ұстаздар шығармашылығы

Оқушылар шығармашылығы

Главная » Бастауыш сынып

Бастауыш-2. Байқатпайтын және қорғанатын реңдер.

Опубликовал в 13 Март 2013 – 18:12Нет комментариев

Жамбыл облысы, Шу қаласы «Жібек Жолы»мектеп –лицейі.  2 «б» сынып мұғалімі  Кокиева Гульжан Адильхановна.

Сабақ мақсаты:
1. Ойын арқылы жаңа тақырыпты түсіндіре отырып, дүниетану пәніне деген қызығушылығын арттыру.
2. Сын тұрғысынан ойлауға, өздігінен жұмыс жасай  алуға баулу.
3. Ұлттық рухы жоғары, мәдениетті азамат тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа білім  беру сабағы, ана тілі+еңбек+дүниетану.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: психологиялық дайындық,миды шынықтыру,сызба-кесте, слайдтар, сызбалар,өзіңді тексер.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Слайд №1,2.
ІІ. Психологиялық дайындық. Слайд№3

«Миды шынықтыру».
Әрқашан көтеріңкі көңіл күй болсын !
Музыка әуенімен анимациялық табиғат көрінісін тамашалау.

ІІІ.Үй тапсырмасын тексеру.Слайд№4
1)«Сылдырмақ ойыны» арқылы тексеру.№ 5,6 слайд
(Сұрақтарға жауап алу.Дұрыс жауап алғанда сылдырмақ сылдырлайды)

-Ал енді сендер үй тапсырмасын оқып келдіңдер,енді соны тексерейік.
-Жырқыштарға қандай жануарлар жататынын ата? (Ат,жолбарыс,жапалақ,бүркіт,қасқыр,қоян)
- Сүт қоректілерді ата?
(Аю,құрбақа,мысық,ит,торғай,сиыр)

ІV.Жаңа сабақ мақсатын қою.  «Ұшақ» ойыны.. №7 слайд

Буындардан сөз құрау. (жауабы:Бунақденелілер)
- Дұрыс балалар, сабақта бунақденелілер жайында, яғни  «Байқатпайтын және қорғанатын реңдер» бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы болады.

-Ал мақсатымыз не? Кім айтады?( оқушыларға сабақ мақсатын  қойғызып, толықтыру)

ІV.Жаңа сабақ

Жұмбақтар шешкізу. № 8 слайд
- Бүгінгі біздің жаңа сабағымызда осы жұмбақ жауаптарындағы бунақденелілер туралы білім аламыз.

 Мағынаны тану.
А)   Мәтін мазмұнымен таныстыру.
Б)   Бес жолды өлең. №10 слайд.

1.    Не?

  1.  Қандай?(2)
  2.  Не істейді?(3)
  3. 4 сөзден тұратын сөйлем.

5.   Мағыналары ұқсас сөздер

V Сергіту сәті:   №10 слайд
(түрлі анимациялы қимылдағы жануарлар суреті)
« Ұшты-ұшты» ойыны

VІ Бекіту жаттығулары:

    Топтық жұмыс. №13 слайд

І топ-мәтіндегі рөлдерді сомдау
ІІ топ- «Венн» диаграммасымен жұмыс
ІІІ топ- табиғи материалдармен (тақырыпқа сай) шығармшылық жұмыс.

І-ші және ІІІ топ дайындалып жатқанда ,ІІ топ тақтада флипчарт арқылы «Венн» диаграммасын толтырады.

VІІ Қорыту жаттығулары:
«Үндемес» ойыны. №16,17 слайд
Балалар слайдтағы сұрақтарды іштей оқып, қол көтеріп,тақтадағы дұрыс жауабын көрсетеді.

-Жыртқыш құстарды атаңыз? (Аққу,үйрек;қаз,тауық;киік,бұғы;бүркіт,жапалақ.)
-Көбелек, қоңыз, шыбын қандай топқа жатады?
(Сүтқоректілер,құстар,балықтар,бунақденелілер.)

 «Шарлар» ойыны. №18,19,20 слайд.
Егер жауап дұрыс болса шарлар ұшып кетеді.

-Бунақденелілермен қоректенетін жануарларды ата?
(торғай,көбелек,аю,шыбын,тиын,бұғы,құрбақа,мысық,тауық)

-Қызыл кітапқа  енген жануарларды ата?
(Қарақұйрық,жылан,қасқыр,елік,сиыр,құлан,аю,сарышұнақ,дуадақ)

-Бұнақденелілерді атаңыз?
(Шымшық,ара,бұлбұл,құрбақа,құмырсқа,қоян,тиын,тасбақа,тоқылдақ)

VІІІ Үйге тапсырма:92-94 бет оқып, түсінік айту. Бунақденелілердің суретін салу.
ІХ Бағалау:

Сабақтың толық нұсқасын көрнекіліктерімен бірге көшіріп алыңыз.

Ұқсас тақырыптар:

Оставьте комментарий

Вы должны войти , чтобы оставить комментарий.