Word Pad мәтіндік редакторы, іске қосу, редактор терезесі және мәтінді енгізу және пішімдеу.
Есенбаев Жұмабек Шөпшібайұлы информатика пәнінің мұғалімі Қостанай облысы, Науырзым ауданы, Науырзым орта мектебі.
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік : Word Pad редакторымен жұмыс істеуді үйрету.
Дамытушылық : Тақырып бойынша алған теориялық білімдерін тапсырмаларды орындау кезінде тиімді пайдалану, алдына қойған мақсаттарына жету.
Тәрбиелік : Өз бетімен жұмыс істеуге үйрету. Мәтінді сауатты теру.
Сабақтың жүрісі:
- Ұйымдастыру бөлімі.
- Жаңа материалды түсіндіру.
Word Pad редакторы:
1) Іске қосылуы.
2) Терезе элементтері.
3) Батырмалары.
4) Мәтінді теру, пішімдеу.
Бұл сабақта блоктау арқылы, трек схемаларын пайдаланып түсіндірдім. Word Pad мәтіндік терезесінің ашылуын, оның элементтерін таныстырдым. Терезеге мәтінді теріп жазу, мәтіндік редактордың Word Pad батырмаларының түрлері мен қызметі айтылды. Мәтінді теру мен редакциялау түсіндіріледі.
Материал толық түсіндіріліп болған соң, оны бекітуді компьютер мен жеке жұмыс жасауға үйрету мақсатында үлестірме бетшелер тапсырылды. Бетшедегі тапсырмаларға Мұқағали Мақатаевтың өлеңдер шумағын алдық.
1-тапсырма. Берілген өлеңдер шумағын сауатты теріп жазу.
2 – тапсырма. Оқушыларға тәрбиелік мәні бар мақалдарды өз ойларынан теріп жазуды тапсырдым
3 – тапсырма. Бір әріпті екі рет қолданбай «Бағдарлама» деген сөзден ең ұзын мағыналы сөз ойлауды ұсындым.
4 – тапсырма. «Компьютер» немесе «Процессор» сөздерінің әріптерінің орнын ауыстырып қойып, осы әріптерден сөз құрастыру керек.
ІІІ. Материалды бекіту.
І-деңгей:
Көшіру мен кірістіру командаларын қолдана отырып, мәтінді тер:
Бір бөлігінде қолшатыр астында қой тұрды
Ол бір-екі сағат тұрды.
«Ей» деді өтіп бара жатқан кісі: «Бұл неге ұқсайды?
Қой болған соң саған қолшатыр керек емес пе?»
Қой үндемей басын шайқайды.
Енді басынан бастаймыз,
Ертегінің соңы жоқ…
ІІ-деңгей:
Терілген мәтінді белгілеп алып, Правка=>Шрифт командасын орындап, мәтінді курсивпен өзгертіндер
ІІІ-деңгей:
- Word Pad қолданбасын іске қос
- Word Pad-тағы кез-келген мәтінді аш
- Правка=>Вырезать командасын орындап, оны алмасу буферіне орналастыр
- Word Pad қолданбасының терезесін жимала
- Блокнот қолданбасын іске қос
- Блокнот қолданбасында Правка=>Вставить командасын орындап, буферіндегі мәтінді кірістір
- Правка=>Шрифт командасын орындап, қаріптің әлпетін, өлшемін өзгерт, 14 өлшемін және жартылай қалың курсив әлпеттерін таңда
- Жасаған файлыңды сақтап қой
- WordPad мәтіндік редакторының атқаратын қызметі қандай?
- WordPad мәтіндік редакторын қалай іске қосамыз?
- WordPad мәтіндік редакторының терезесінің бөліктерін атаңдар.
- WordPad мәтіндік редакторында құжат құру сатыларын атаңдар.
- Мәтіннің қарпін, өлшемін, әлпетін қалай өзгертеміз?
- Мәтінді тегістеудің қандай түрлері бар, олар қалай орындалады?
IV. Үйге тапсырма:
1) 5.1 – тақырып.
2) Үйден әркім өз ойынан осы тақырыптың ережелеріне сәйкестендіріп ребустар және сөзтізбек құрастыру.
Осы сабақты бағалауды мынадай кестеге толтырып қорытынды баға қойылды.
№ | Сайыс | Компьютер | ||||||||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | ||
1. | Word Pad | |||||||||||||||
2. | Мақал – мәтел | |||||||||||||||
3. | Логикалық ойындар |
Бұл сабақтың артықшылығы мен тиімділігі мынандай:
1. Оқушының логикалық ойлау қабілетін, сөз байлығын жетілдіреді.
2. Компьютерлік сауаттылығын қалыптастырады.
3. Оқушының пәнге қызығуын және шығармашылығын арттырады.
Тараудың соңында, қорытынды сабақта оқушы білімін тексеру үшін әрбір сыныптарға өтілген тақырыптары бойынша тест жұмысы жүргізіледі. Тест – оқушының білімін, іскерлігі мен дағдысын тексерудің немесе оқушы білімінің белгілі бір сапалық қасиетін тексерудің ерекше түрі. Тест құрастыру барысында мейлінше қысқа да нұсқа жауаптарды қажет ететін тапсырмалар қолданылады немесе бірнеше жауаптар ішінен дұрыс жауапты таңдап алуға негізделген тапсырмаларға құралады.
1.Мына программалар программалық тілдер
а) Excel
ә) FoxPro
б) Basic
в) Access
г) Lexicon
ғ) Supercalc
д) Coreldraw
ж) Word
з) Pascal
2. Келесі редакторлар графиктік редактор болып табылады.
a) Excel
ә) FoxPro
б) Basic
в) Access
г) Lexicon
ғ) Supercalc
д) Coreldraw
ж) Word
з) Pascal
3. Келесі программалар тақырыптық редактор болып табылады.
a) Excel
ә) FoxPro
б) Basic
в) Access
г) Lexicon
ғ) Supercalc
д) Coreldraw
ж) Word
з) Pascal
4. Мәлімметтер базасын басқару жүйелері болып табылатын программалар.
a) Excel
ә) FoxPro
б) Basic
в) Access
г) Lexicon
ғ) Supercalc
д) Coreldraw
ж) Word
з) Pascal
5. Келесі программалар электрондық кестелер болып табылады.
a) Excel
ә) FoxPro
б) Basic
в) Access
г) Lexicon
ғ) Supercalc
д) Coreldraw
ж) Word
з) Pascal
6. Алғашқы Әмбебап есептеу машинасыныңжобасының авторы кім?
а) Б.Паскаль
ә) Г. Лейбнец
б) Ч. Беббидж
в) Дж. Фон Нейман
г) Ада Лавлайс
7. Алғашқы алгоритм тілі авторы және Іші программист кім?
а) Б.Паскаль
ә) Г. Лейбнец
б) Ч. Беббидж
в) Дж. Фон Нейман
г) Ада Лавлайс
8. Алғашқы механикалық есептеу құрылғысын (арифметрді) ойлап тапқандар.
а) Б.Паскаль
ә) Г. Лейбнец
б) Ч. Беббидж
в) Дж. Фон Нейман
г) Ада Лавлайс
9. Алғашқы дербес компьютерді шығарған фирма:
а) Apple
ә) IBM
б) Acer
в) Hpaccard
10. Жадттың логикалық бөлінбейтін бірлігі.
а) бит
ә) байт
б) Герц
11. Бір байт мынаған тең
а) 12 пиксел
ә) 16 герц
б) 8 бит
12. Бір килобайт мынаған тең
а) 1000 байт
ә) 1024 байт
б) 210 байт
в) 213 байт
13. Қатты дискі дегеніміз –
а) графикалық ақпараттар енгізу құрылғысы
ә) алфавиттік – сандық және графиктік ақпараттар шығару құрылғысы.
б) Оңай ашылатын мәлімметтер сақтау құрылғысы.
14. Қазіргі компьютердегі қатты диск көлемі:
а) 840Кбайт – 1 Мбайт
ә) 24-28 Мбайт
б) 540Мбайт – 1300 Мбайт
в) 1200-2000 Мбайт
15. Принтер дегеніміз бұл –
а) графикалық ақпараттар енгізу құрылғысы
ә) алфавиттік – сандық және графиктік ақпараттар шығару құрылғысы.
б) Графикалық мәлімметерді қағазға шығару құрылғысы.
16. Сканер дегеніміз – бұл
а) графикалық мәліметтер енгізу құрылғысы
ә) алфавиттік – сандық және графиктік ақпараттар шығару құрылғысы.
б) Графикалық мәлімметерді қағазға шығару құрылғысы.
17. Модем дегеніміз бұл-
а) графикалық мәліметтер енгізу құрылғысы
ә) алфавиттік – сандық және графиктік ақпараттар шығару құрылғысы.
б) глобальді желіге байланыс құралы арқылы компьютерлерді жалғауға арналған құралғы
18. Қазіргі модемдер 1 секундты жеткізу мүмкіндігі
а) 4 кбит ақпаратқа дейін
ә) 29кбит ақпаратқа дейін
б) 56,8 кбит ақпаратқа дейін
19. Дыбыстық карта дегеніміз – бұл
а) графикалық мәліметтер енгізу құрылғысы
ә) алфавиттік – сандық және графиктік ақпараттар шығару құрылғысы.
б) дыбыстық ақпараттарды шығару – енгізу құрылғысы.
Ұқсас тақырыптар:
- Информатика-5. “Word Pad мәтіндік редакторы” тарауы бойынша алған білімдерін тексеру.
- Информатика 7. Word Pad Құжатына суреттерді кірістіру.
- Сабақтар көшіру
- Microsoft Word-та құжаттарды құру және форматтау (колледж).
- VISUAL BASIC ОРТАСЫНДА МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫН ЖОБАЛАУ ПРИНЦИПТЕРІ
- MS Word мәтіндік редакторы (колледж).
- Информтаикадан 7-11 сыныптар үшін 2012-2013 жылына арналған күнтізбелік жоспар.
- Информатика. CoreDraw. Қылқалам өлшемінің берілуі және объектіні түспен бояу.
- Инф-10. Мәтіндік процессор Microsoft Word. Excel кестелік редакторының графикалық мүмкіндіктері (екі сабақ).
- Microsoft Access бағдарламасымен танысу
Жұмабек ағай информатика сабағыңыз ұнады жақсы рахмет логиніңізді жіберіңізші