Өткен жылдар жемісі. Тәуелсіз Қазақстаның тарихи кезеңдері (ТС материалдары).
5 Ноябрь 2013 – 09:32 | Нет комментариев

Саирова Назира К. Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы білім бөлімінің әдіскері.
1990- 25 қазанда Қазақстан Егемендігі туралы Декларация қабылданды.
1991-Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты республикамыздың Президенті етіп сайлайды.
16-желтоқсанда Қазақстан республикасы жоғарғы сессиясы «Тәуелсіз демократиялық және құқықтық мемлекет»-деп …

Читать запись полностью »
Информатика

Бәрі информатикаға байланысты

Педагогика

Тәлім-тәрбиеге байланысты материалдар

Басқа пәндер

Ұстаздар шығармашылығы

Оқушылар шығармашылығы

Главная » Информатика, Таңдаулы

Ауыл мектептерiнде информатика пәнiн оқыту проблемалары

Опубликовал в 20 Февраль 2013 – 17:34Один комментарий

Есенбаев Жұмабек Шөпшібайұлы Қостанай  облысы,  Науырзым ауданы, Науырзым орта мектебі.

XXI ғасыр ақпарат ғасыры болғандықтан адамзатқа компьютерлiк сауаттылық қажет. Ал бұл сауаттылықтың алғашқы баспалдағы мектептен басталады. Мектеп қабырғасынан теориялық бiлiммен қатар практикалық бiлiмнiң алғы шарттарын меңгеруi тиiс. Ал теориялық бiлiмдi практикамен ұштастыру үшiн компьютердiң қажет екендiгi даусыз.

Қазiргi таңда Республика мектептерiн жаңа компьютерлiк технологиямен қамтамасыз ету жұмыстары бiршама iске асырылды. Ендi сол ақпараттық технологияны қолдану мен оны мектептерге енгiзу саласында, оқушылардың ақпараттық мәдениетiн қалыптастыру үшiн информатика пәнiн оқытуда әдiстемелiк, ғылыми тұрғыдан жетiлдiру жұмыстарының нақты жүйесiн қалыптастыру қажеттiгi туындады.

Бүгiнгi таңда мектеп пәндерiн компьютер көмегiмен оқыту нәтижелерiн зерттеудегi ғылыми проблемаларды шешу ең басты орын алады. Бұған себеп оқыту процесiнде туындайтын компьютерлендiрудiң педагогикалық-психологиялық жаңа проблемалары әлi толық шешiлмеген.

Мектеп пәндерiн оқыту үрдiсiнде компьютердi қолдану мұғалiм мен оқушы қарым-қатынасының бұрынғы қалыптасқан жүйесiн, олардың iс-әрекеттерiнiң мазмұнын, құрылымын үлкен өзгерiстерге ұшыратады. Қалыпты бiлiм беру жүйесiнде мұғалiм оқушы оқулық түрiнде құрылған үш жақты байланыс бұзылып, мұғалiм оқушы компьютер оқулық жүйесi пайда болды. Мұндай жүйеде бiлiм беру оқыту процесiнде компьютердi қолдану бiлiм мен бiлiктiлiкке қоятын талаптарды қайта қарап, жетiлдiрiп, жүйелеудi талап етедi.

Бұл талап орындалу үшiн төмендегiдей проблемаларды қарастырған жөн.         Педагогикалық-психологиялық ғылымға негiзделген компьютерлiк оқытудың ерекшелiгi жан-жақты ескерiлген оқулықтар, әдiстемелiк құралдар, оқу бағдарламалары жасалу қажет. Бұл қажеттiлiк сол олқылықтардың бiр көрiнiсi. Информатикадан өткiзiлетiн олимпиадаларда қазақ мектерiнде оқитын оқушыларынң көзге түспеуi жылдар бойы толғандырып келедi.

Тағы бiр проблема – халық санасындағы компьютер туралы жансақ ұғымы. Жалпы компьютердi тек қолданбалы құрал ретiнде қарайтын психологияның өзгерту қажет. Оның үлкен ақпараттық ғылым екенiн мұғалiм де, оқушы да түсiнуi керек.

Егер, оқушыға информатиканың iргелi негiздерi берiлмесе, онда технологиялық немесе қолданбалы бағытты шексiз тереңдеуi мүмкiн емес, ол қайтсе де iргелi негiздiң жоқтығынан шығатын табиғи шектеулерге тiреледi. Оның үстiне iргелi бiлiмнiң көпке шыдайтындығынан жастарға бiлiм беру бағдарламасында iргелi бiлiм басым болуы қажет. Сондықтан информатика маманын даярлаудың қолданбалы жағы iргелi теориялық және технологиялық даярлыққа негiзделу және ол даярлықты оқушылар мектеп қабырғасынан алып шығуы тиiс.

Информатика пәнi негiзi үш бағытта оқытылуы және олар бiр-бiрiмен тығыз байланысты болуы тиiс. Ол бағыттарды атап айтсақ:

  1. Оқушыларға бағдарламалау негiздерiн үйрету арқылы, олардың информатикадан бiлiмiнiң негiзiн қалайтын теориялық бағыт;
  2. Теориялық бiлiм негiзiнде оқушыларға әр тұрлi қолданбалы бағдарламаларды құрастыруды үйрететiн технологиялық бағыт;
  3. Дайын бағдарламалармен жұмыс жасауды үйрететiн қолданбалы бағыт.

Қазiргi кездегi дайын қолданбалы программалардың молшылығы кезiнде көптеген мұғалімдер мемлекеттiк стандарттан «Информатика» пәнiнiң қолданбалы бағытта құрлыған бағытта құрылған бағдарламаларын пайдаланып, оқушыларға тек қана компьютерлiк сауаттылық негiздерiн үйретумен шектеледi. Сөйтiп? Компьютерлiк технологиядағы ең ауқымды шығармашылық потенциалдың информатика пәнiн теориялық және технологиялық бағыттарда оқытуда жатқанын ескермейдi. Соның салдарынан оқушының шығармашылық қабiлетi төмендеп, пәнге деген қызығушылығы кемидi, өйткенi, қазiргi дайын қолданбалы бағдарламалардың барлығы да бiрдей “Қос та, жұмыс iстей бер” принципiмен жасалған, оқушылардан көп ойлауды, еңбектенудi талап етпейдi.

Қазiр бүкiл дүние жүзi бiртұтас денеге айналып – ғаламдасу құбылысы жүрiп жатқанда, әр түрлi байланыс жүйелерi сол дененiң нерв, қан тамырларының рөлiне айналған мына заманда интернеттiк жүйенi меңгермеген ел ерте ме, кеш пе дүние жүзiнен келетiн байланыс нәрiн жоғалта бастайды. Түрлi елдерде болып жатқан жаңалықтармен танысуда, ақпараттар ағымынан қалыспауда интернет, электронды пошта құралдарын пайдалануға болатыны белгiлi. Сондықтан бiлiм берудi ақпараттандырудың тағы бiр басты бағыттарының бiрi оқушылардың интернет жүйесiнде жұмыс iстей бiлуiне жағдай жасау.

Интернет жүйесiнде жұмыс iстеу оқушыларымызға әлемдiк бiлiм мен ғылым жетiстiгiнен хабардар болып, оны игеруiне шексiз мүмкiндiктер ашатыны хақ. Интернеттi пайдалану арқылы оқушылар өздерiне керектi мәлiметтер алу арқылы бiлiмiн жетiлдiре түсетiнi сөзсiз.

Алайда, интернетпен жұмыс iстеу үшiн ауылда  жоғары жылдамдықты  интернет  желісі  жоқ.

Мектептерге түгел компьютер берiлiп, жағдай бiршама жақсарғандығы шындық. Сонда да қазiргi уақытта көптеген мектептерде компьютер жетiспеушiлiгi байқалуда.

Мектептердi қуаттылығы күштi компьютерлермен қамтамасыз ету немесе ескi компьютерлердi жаңа талаптарға сай модернизациялау керектiгi туындайды.

Ал ауыл мектептерiнде компьютер болғанымен, олардың барлығы бiрдей оны өз деңгейiнде пайдалана алмайды.

Себебi: 1.Ауыл мектептерiндегi мұғалiмдердiң кейбiреуiнiң бiлiктiлiгi жеткiлiксiз. 2. Оларда интернетпен байланысу мүмкiндiгi жоқ  болған  жағдайда  жоғары айтылған  мегалайн  желісінің  бүкіл  ауылдарда  болмауы.

Информатика пәнiн оқытуда тағы бiр кездесетiн кедергi сағат санының заман талабына сай бiлiм беруге  аздығы.

Мектептегi оқыту жүйесiн толық ақпараттандыру үшiн компьютердi тек информатика пәнi мұғалiмi бiлуi жеткiлiксiз. Ақпараттандыруды толық қоғамдық деңгейге көтеру үшiн әрбiр пән мұғалiмi информатиканы қолданумен жеңiл қарапайым бағдарлама құруды меңгеруi қажет. Бұл бiрiншiден мұғалiмнiң компьютерлiк сауатын көтерсе, екiншiден оның ұшан-теңiз мүмкiндiктерiн ашып, компьютердi пәнге қолдана отырып оқушылардың пәнге деген қызығушылығын оятады.

Бұл iс қазiр аздап болса да қолға алынуда. Соның бiрi мұғалiмдер бiлiмiн жетiлдiру институтының тыңдаушыларына арнайы компьютерлiк курстар жүргiзiлiп келедi. Жоғарыда айтылған ой-пiкiрлердi тұжырымдай келе, мектептегi информатиканы оқытуды жетiлдiре отырып, компьютердi қолдану негiзiнде мектеп пәндерiн оқыту сапасын арттырып, бiлiм берудi ақпараттандыру жүйелi түрде iске асады деуге болады.

Мектептi ақпараттандыруға осылай мемлекет тарапынан үлкен экономикалық қолдау көрсетiлiп, оны оқыту, үйрету мәселесi бүкiл халықтық деңгейге көтерiлсе ғана бiздiң елiмiз өндiрiстiң жоғарғы психологиясын меңгерген дүниежүзiлiк бәсекеге төтеп беретiн, өндiрiс өнiмдерiн өндiре алатын алдыңғы қатарлы мемлекетке айналады.

Ол дәрежеге жетуге қажеттi бiлiм алуына бiздiң жас ұрпақтың қабiлетiнiң жететiнiне сенiм мол.

Ұқсас тақырыптар:

Один комментарий »

Оставьте комментарий

Вы должны войти , чтобы оставить комментарий.