3 Март 2014 – 20:08 | Нет комментариев

 Тютеева Салтанат Жуманязовна. г. Тараз. сш.  №13
Цели:     
Обучающая:          познакомить учащихся со способами создания рисунка  и отработать его на практике;
Развивающая:        развить познавательный интерес учащихся, навыки и  умения работы с графическими примитивами;
Воспитательная: воспитать информационную культуру учащихся, внимательность, творчество, …

Читать запись полностью »
Информатика

Бәрі информатикаға байланысты

Педагогика

Тәлім-тәрбиеге байланысты материалдар

Басқа пәндер

Ұстаздар шығармашылығы

Оқушылар шығармашылығы

Главная » Информатика

Қаржы есептерін Excel көмегімен автоматтандыру. Практикалық жұмыс (іскерлік ойын)

Опубликовал в 5 Февраль 2013 – 17:55Нет комментариев

Управление образования Костанайской области Костанайский гуманитарный колледж Искакова Гайни Каратаевна, преподаватель высшей категории. Отличник образования РК.

Пән:  Экономикалық информатика және ақпараттық технология.

Мамандық: Экономика бухгалтерлік есеп және аудтит.
Мақсаты:
Танымалық - Электронды кестелер Wordмәтіндік редакторы,Power point презентациясы, тақырыптары  бойынша білімдерді жинақтау және жүйелеу.
Дамыту - ақыл-ой қызметін (жинақтау ,синтездеу, талдау, салыстырыру) есте сақтауды(қиындықпен байланысты жағдайлар есте жақсы сақталады), логикалық ойлауды, шығармашылық белсенділікті дамытады.
Тәрбиелейтін-оқушылардың қызығушылығын, коммуникативті қарым- қатынас негіздерін, өз мүмкіндіктеріне деген сенімді нығайтуды дамыту.
Сабақтың түрі: Практикалық жұмыс (іскерлік ойын)

Дәрежелік талаптар.
Білу:
1.бағдарламаның бағытталуы.
Үйрену:

  1. түрлі бағдарламалармен жұмыс істеу.

Сабақтың жабдықталуы:
Жұмыс орындары: кабинет.
Үлестіріліп берілетін құралдар:тапсырмалары бар дидактикалық материал.

Әдебиеттер:
Негізгі:  1.Е.К Балафанов,Б.Бөрібаев,А. Дәулетқұлов  информатикаға арналған 30 сабақ
2. А.Н Морозевич Экономикалық информатика негіздері .Минск,БГЭК,1998ж,
Қосымша-1.А.Д.Хомоненко  Қазіргі компьютерлік технологиялардың негіздері
2.П.В. Конюховский.Д.Н.Колесов Экономикалық информатика  2001ж .14-32 беттер.

Пән аралық байланыстар:
1.математика
2. информатика
3. экономикалық математика.

Сабақтың мазмұны.

Уақыт

Мұғалімнің іс-әрекеті.

Оқушылардың іс-әрекеті.

2 мин. 1.Мұғалімнің ұйымдасуы.
Оқушылармен  амандасу, аудиториияның даярлыған тексеру, журналды толтыру.
Мұғаліммен амандасу,кезекшінің сабаққа қатыспағандар туралы баяндау.
3-5 мин. 2.Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекеттерін баяндау:мұғалімнің сөзі, сабақтың мақсыты мен өткізу жоспарын баяндау. Ұңып тыңдайды,сабаққа дайындалады.
3.практикалық жұмысты өткізу.
1.тестілеу.
2 тапсырма №1
3.тапсырма №2
4.тапсырма №3
5.тапсырма №4
Практикалық жұмысты атқарады, сұрақтарға жауап береді.
4.Сабақты қорытындылау.
1.оқушылардың жұмысын бағалыу.
2.сабақты жинақтау
Тыңдау, қорытындылау.
5.Үй жұмысы.
1. сабақ туралы ой-пікірлермен ата-аналармен , сыныптастармен бөлісу.
Тыңдау және жазып алу.

 Іскерлік ойын “Компьтердің мамандықтары”

Сабақтың тақырыбы: Қаржы есептерін Excel көмегімен автоматтандыру
Мұғалім үшін сабақтың мақсаты:

  1. “Электронды кестелер”,  “Word мәтіндік редакторы” тақырыптары бойынша оқушылардың білімдерін жүйелеу.
  2. Оқушылардың “Экономикалық информатика және АТ” пәнінен және осы пәнге байланысты мамандықтарға қызығушылық туғызу.
  3. Оқушылардың өзара байланыстарын ынталандыру
  4. Оқушыларға өздері таңдаған ақпараттық мәдениет үшін жауапкершілік сезімін баулу.
  5. Ерекше тапсырмаларды шешу барысында логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін қалыптастыру.

Оқушы үшін сабақтың мақсаты:
Оқушылар мыналарға сенімді болу керек:

  1. Өз таңдауын өзі еркін жасай алу.
  2. Барлығын білу мүмкін емес, ал ойлауды үйрену – қажет.
  3. Интеллектуалды меншік бұл – тауар.
  4. Білім мен шығармашылық – табыс кепілі.

Сабақтың мақсаты:
Оқытатын “Электронды кестелер”, “Word мәтіндік редакторы”, алдын ала “Power Point”  презентациясы тақырыптары бойынша білімдерді жалпылау және жүйелеу.
Дамытатын -  ақыл-ой қызметін (жинақтау, талдау, синтездеу, салыстыру) есте сақтауды (бөгеттермен, қиындықтармен байланысты жағдайлар есте жақсы сақталады) логикалық ойлауды , шығармашылық белсенділікті дамытады.
Тәрбиелейтін - оқушылардың қызығушылықты, коммуникативті қарым-қатынас негіздерін, өз мүмкіндіктеріне деген сенімді нығайтуды дамыту.
 
Сабақтың типі: білімдерді, тәжірибелерді, әдістерді жинақтау және жүйелеу  сабағы .
Сабақтың түрі:
“Информатика” және “Экономикалық информатика және                              ақпараттық технология”  пәндері бойынша интегралды сабақ.
 
Сабақты өткізу нысаны:
Сабақта ойынның жағдайы қалыптасады: оқушылар компьютерлік фирма қызметкерлері жұмысына үміткерлер болып табылады. Барлық қызметтер -клипмейкерлер, бухгалтерлер, хатшылар компьютермен байланысты. Әрбір оқушы берілген “Электронды кестелер”тақырыбы бойынша және Word мәтіндік процессор, Power Point презентациясы бойынша білімдерді көрсете алады.
Білім деңгейіне байланысты оқушылар өздеріне тапсырмаларды таңдайды және де “жұмысқа орналасады”.
 
Кабинетті әзірлеу:
Компанияның әкімшілігі үшін жеке үстел
Жобалау үшін үстел (процессормен, пернетақтамен,тышқанмен)
“Президент ”
“Жетекші экономист”
“Бас менеджер”
Жазулары бар тақтайшалар
 
Жабдықталу

  • Компьютер;
  • Компанияның жарнамалық проспекті
  • “Жаңаны тану” мәтіндік тесті
  • тапсырма үшін кестенің үлгісі
  • Тапсырма карточкалары
  • Квалификацияны иелену туралы ескерту

Тақтаны әзірлеу

Еңбек ақыны колледж валютасына

аудару

Сабақтың мақсаты:

мамандықтар тізімі:

бухгалтер

клипмейкер

хатшы

(кестені жобалаушы көмегімен бейнелеу)

Сабақтың жоспары

  1. Ұйымдастыру кезеңі – 5 мин.
  2. Экономикалық ойын – 30 мин.
  3. Сабақты қорытындылау – 5 мин.
  4. Үй жұмысы – 2 мин.
  5. Рефлексия – 3 мин.

Сабақтың барысы.

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Мұғалім. Сәлеметсіндер ме, балалар! Біздің бүгінгі сабағымыз ерекше болып отыр. Ерекшелігі, бұл сабақты ойын түрінде өткіземіз. Ойын барысында сендер экономикалқ информатика, экономикалық ақпаратты автоматтандырудағы биыл және былтырғы жылы алған білімдеріңді көрсетесіндер. Сендер мұндай жұмыспен курстық және шығармашылық тапсырмаларды жасағанда таныстыңдар. Бүгін біз “ Экономикалық информатика және ақпараттық технология ” тақырыбын талқылауды жалғастырамыз және де бұл сабақты экономикалық ойын түрінде өткіземіз. Неге экономикалық десеңіздер, өйткені, сендердің болашақтағы табысты жұмыс орындарың бұл тақырыпты және де басқа тақырыптардағы білім деңгейіне байланысты.
Сонымен, біздің сабағымыздың мақсаты: оқушылар мыналарға сенімді болуы керек:
1. Өз таңдауын өзі еркін жасай алады.
2. Барлығын білу мүмкін емес, ал ойлауды үйрену – қажет.
3. Интеликтуалды меншік бұл – тауар.
4. Білім мен шығармашылық – табыс кепілі.

Біз ойынның келесі жағдайын қарастырамыз.
Сабақ мақсатының біреуі: Интеллектуалды меншік бұл – тауар екендігін ұмытпаңдар.
Сондықтан, сабақтың соңында сендердің тауарларыңның бағасының көлемі “ Экономикалық информатика және ақпараттық технология ” пәнінің бағасына айналады:
250 $ - 400$  дейін - бес
200$ - 250$  дейін – төрт
200$  -дан төмен – үш

ІІ. Экономикалық ойын.
Мұғалім. Енді, жұмысқа кірісеміз. Сендерге табыс тілеймін. Сендерді өз  мекемемде көремін деп үміттенемін.
Оқушылар “Жаңаны тану”  мәтіндік  тест сұрақтарына жауап береді. Әр бір дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.
Сабақтарда оқушыларда квалификацияны иелену туралы ескертулер болады, және де бұл ескерту жобалаушы көмегімен тақтада көрсетіледі, және мұғаліммен оқытылады.

Тарифтік тер

Мамандық Квалификация бойынша еңбекақы
Базалық Жоғарлатылған Жоғары Ең жоғары
Бухгалтер 50$ 200$ 300$ 400$
Клипмейкер 50$ 100$ 200$ 300$
Хатшы 50$ 100$ 200$ 250$

2. Жоғарғы квалификация үшін тапсырма.
Ойын қатысушыларына карточка түрінде тапсырмалар беріледі, бұл тапсырмалардың деңгейі қажетті лауазымға байланысты. Тапсырмаларды орындау барысында мұғалім оқушыларға көмектеседі және де бір топ оқушы (әкімшілік) өз “қызметкерлеріне” мүмкіндігінше көмектеседі.
Егер оқушы 1 тапсырманы орындаса, оған ең жоғарғы квалификация беріледі.
Егер оқушы 2 тапсырманы орындаса, онда оған жоғарғы квалификация беріледі.
Арықарай, егер оқушы 3 тапсырманы орындаса, онда оған жоғарлатылған квалифиция беріледі. Жетекшілер әр тапсырманы орындаған соң өз қызметкерлерінің квалификациясы жөнінде қорытындылайды.
 
IV.Үйге берілетін тапсырма
Оқушылар, осы сабақ туралы өз пікірлеріңізбен бөлісуге болады.
V. Рефлексия
         Оқушылар,
v Қандай киындықтар болды?
v Тақырып  актуалды ма?
v Сабақ қызықты ма?
v Тілектерің қандай?

Сабақтың толық нұсқасын көшіріп алыңыз

Ұқсас тақырыптар:

Оставьте комментарий

Вы должны войти , чтобы оставить комментарий.