Өткен жылдар жемісі. Тәуелсіз Қазақстаның тарихи кезеңдері (ТС материалдары).
5 Ноябрь 2013 – 09:32 | Нет комментариев

Саирова Назира К. Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы білім бөлімінің әдіскері.
1990- 25 қазанда Қазақстан Егемендігі туралы Декларация қабылданды.
1991-Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты республикамыздың Президенті етіп сайлайды.
16-желтоқсанда Қазақстан республикасы жоғарғы сессиясы «Тәуелсіз демократиялық және құқықтық мемлекет»-деп …

Читать запись полностью »
Информатика

Бәрі информатикаға байланысты

Педагогика

Тәлім-тәрбиеге байланысты материалдар

Басқа пәндер

Ұстаздар шығармашылығы

Оқушылар шығармашылығы

Главная » Информатика, Таңдаулы

9 сынып. “Тармақталу және таңдау командалары”

Опубликовал в 15 Февраль 2013 – 15:39Нет комментариев

Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Бірік орта ЖББМ,  информатика пәнінің мұғалімі Қабашева Г.Б.

Сабақ  тақырыбы:   Тармақталған алгоритмдер  және  таңдау    командаларын  қайталау

Білімділік мақсаты:  Паскаль тілінде программа құра білу дағдыларын   қалыптастыру

Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды  ұжыммен  қарым-қатынас  жасауға  дағдыландыру,  жауапкершілікке,  тез ойлай білуге, еңбекке, бірлесіп  жұмыстана  білуге тәрбиелеу
Дамытушылық мақсаты:   Оқушылардың білімді практикада  қолдана білу дағдыларын қалыптастыру,ойлау қабілеттерін арттыру
Сабақ  міндеттері:
1 .Оқушылар өтілген тақырыптар бойынша   білімдерін практикада жетілдіре білуі керек;
2. Қарапайым өрнектерді Паскаль программалау тілінде өрнектей білуі керек ;
3. Есептерге программа  құра білуі керек
3. Паскаль ортасында жұмыс жасай білуі керек
Сабақ  типі:   Білімді бекіту, қайталау сабағы
Сабақ түрі:   Сайыс  сабақ
Бағдарламалық-    дидактикалық    қамсыздандыру:  ЕТ,  интерактивті тақта, PowerPoint-та дайындалған   сабақ  жобасы,Visual Basic-те дайындалған     электронды тест,  ТurboPasсal   ортасы , бағалау парағы
Сабақ  барысы: 1. Ұйымдастыру бөлімі  а) Оқушыларды топқа бөлу ә) психологиялық дайындық

Құрметті оқушылар! Алдымызда еліміздің тәуелсіздік мейрамы тойлалғалы   отыр. Елімізге деген  сүйіспеншілігімізді   білдіре отырып,    отанымыздың өсіп өркендеуіне  қандай тілек айтар едік?

Топ жетекшілерін сайлау.     Топ жетекшілері  бағалау кестесін  толтырып отырады.

2.  Негізгі  бөлім.

Оқушылар  біз  бүгінгі  сабағымызда Паскаль  шыңына  өрмелейміз. Паскаль шыңына шығу үшін 5 белдемнен  өту керек, әр белдемде тапсырмалар  жасырылған,. Белдем тапсырмасын орындаған топ  әр белдемге  өз  туын   тігеді

«Signal»  тобының  туы:             «Pascal»  тобының  туы:

.  Әрбір кедергіден өткен кезде  білімімізді көрсете отырып ұпай жинаймыз.  Сәт- сапар!

1 белдем «Сөзжұмбақ » деп аталады.  Әрбір жауап 10 балл //презентациядан көрсетіледі/

  1. Real  типті шама қалай аталады?
  2. Егер тармақталуда else командасы болса ол қандай тармақталу деп аталады
  3. If командасының алгоритмдік тілде аталуы
  4. Read операторының алгоритмдік тілде айтылуы
  5. If командасынан  кейін қандай сөз жазылады?
  6. Айнымалының аты және … болады?
  7. -32768 бен +32768 арасындағы бүтін тип қалай аталады?
  8. Char қандай шама?

2. белдем «Синонимдер» деп аталады. Тапсырмалар жауаптарының  бірінші сөзінің басқы әріптерінен  құралатын сиқырлы сөзді табу арқылы  белдемнен өте аламыз. /презентациядан көрсетіледі/

3 белдем «Қателер» деп аталады .  Программаға түзетулер енгізе отырып, бұл белдемді де аламыз . Бір қатені тапқан оқушыға 10 балл /презентациядан көрсетіледі/

4 белдем  «Сынақтар» деп аталады. Күн ыстық, тест тапсырмасының әрбір сұрағын дұрыс тапсақ, бұл сиқырлы сөздер суға шомылығандай әсер қалдырады. 10 сұрақтан тұратын тест тапсырмасын орындай отырып, бұл белдемнен де өтеміз. /презентациядан көрсетіледі/

5 белдемді алған топ Паскаль шыңына өз туларын тігеді. Бұл белдемнен өту үшін ең қиын тапсырманы орындауымыз, яғни  есептерге программа құра білуіміз керек /презентациядан көрсетіледі/

5 кедергіден өтіп жеңген топ Паскаль шыңына өз туын тігеді. Есепке программа құрған оқушы  20 баллдан – 40 баллға дейін ұтып алды

4 оқушыдан кезектесіп тақтаға орындайды, қалған оқушылар өз орындарында тапсырманы орындап, программаны компьютерге енгізіп есептерді шығарады.

Бағалау парағы

І  топ  ІІ топ

Оқушының а.ж І Б. ІІ Б ІІІ Б ІV Б V Б барлығы бағасы

60 ұпайдан артық жинаған оқушының бағасы-5,  50 ұпайдан артық жинаған оқушының бағасы -4, 50 ұпайдан кем жинаған оқушы – 3 бағасын алады.  Бағалау кретерийлеріне жетпеген оқушыларға үйге қосымша тапсырмалар беріледі.

Қорытынды сөз.

Үйге тапсырма. 1. 7 тақырып,  44 б  8,9,17 тапсырма 49 б 8,10 тапсырма

Сабақтың көрнекілігін (прз+тест) көшіріп алыңыз.

Автордың тағы бір ашық сабағы:  Фаилдар, қапшықтар, таңбашалар. Қапшық  иерархиясы.

 

Ұқсас тақырыптар:

Оставьте комментарий

Вы должны войти , чтобы оставить комментарий.