Өткен жылдар жемісі. Тәуелсіз Қазақстаның тарихи кезеңдері (ТС материалдары).
5 Ноябрь 2013 – 09:32 | Нет комментариев

Саирова Назира К. Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы білім бөлімінің әдіскері.
1990- 25 қазанда Қазақстан Егемендігі туралы Декларация қабылданды.
1991-Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты республикамыздың Президенті етіп сайлайды.
16-желтоқсанда Қазақстан республикасы жоғарғы сессиясы «Тәуелсіз демократиялық және құқықтық мемлекет»-деп …

Читать запись полностью »
Информатика

Бәрі информатикаға байланысты

Педагогика

Тәлім-тәрбиеге байланысты материалдар

Басқа пәндер

Ұстаздар шығармашылығы

Оқушылар шығармашылығы

Главная » Бастауыш сынып, Тәрбие сағаттар

Бастауыш. Тәрбие сағатының тақырыбы: «Ғасыр дерті»

Опубликовал в 2 Декабрь 2012 – 19:47Нет комментариев

Атырау облысы Индер ауданы «Көктем» қазақ орта  мектебі Бастауыш сынып мұғалімі А. Жайшигулова.

Мақсаты:
1. Есірткі заттарының, ішімдік ішу мен темекі тартудың, нашақорлықтың жас ағзаға  тигізер зиянды әсері, өкінішке  ұрындырар, келешек  өмірлеріне келтірер кесапаты  туралы түсінік беру. Ғасыр дертіне айналып отырған кеселдің залалын жан-жақты меңгерту.
2. Зиянды әдеттерден аулақ болып, өзін де, өзгені де зиянды әдеттердің қасіретінен  қорғай  білуге, салауатты  өмір   сүруге тәрбиелеу.  Нашақорлықтың алдын алу.
3.Оқушылардың бойында салауатты  өмір  салтын  берік  қалыптастыру, жеке тұлғаның   санасын дамыту, өмірге деген көзқарастарын қалыптастыру.Көрнекіліктері: интерактивті тақта, плакаттар, суреттер, нұсқаулық-кітапшалар, нақыл сөздер.
Дайындық барысы: Оқушыларға тақырыпқа сай материалдарды оқып, жинастыру және «Темекінің», «Ішімдіктің», «Нашақорлықтың», адам өміріне зиянды әсері тақырыптарына шығарма жаздыру, қабырға газеттерін шығару, сурет салу, сыныпты безендіру.
Өту барысы: 

  • Психологиялық  тренинг:   «Мен  өзіме сенемін!»

(Оқушылардың  арасында   жағымды орта,  көңіл- күй  қалыптастыру)
Еңбек етсем ертеңгі бақытыма сенемін!
Мақсатыма жеткізер уақытыма сенемін!
Достық пенен қасты да жеңеріме сенемін!
Ақыл сана білім мен өнеріме сенемін!
Арым таза ақкөңіл адалдыққа сенемін!
Абыройлы ақ ниет адамдыққа сенемін!

Мұғалім сөзі: Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Қазақстан -2030» стратегиялық даму бағдарламасындағы халқына жолдауында «Қазақстанның әрбір азаматының денсаулығы мықты, хал-ахуалы жақсы болуы тиіс» деп атап көрсеткен болатын. Яғни, мемлекетттің  бірінші кезектегі  атқаратын шараларының бірі халық  денсаулығын нығайту.

ХХІ ғасырда қоғам тек жалаң  адамдар тобынан ғана емес, сонымен бірге денсаулығы мықты, рухани дүниесі бай,  жаны мен тәні  кіршіксіз таза , танымдық  белсенділігі мен өздігінен білім алуға деген  ынтасы мен шығармашылық қабілеті ерекше тұлғалардан тұруы тиіс.

Олай болса, біз  «Салауатты өмір салтын» насихаттау, келеңсіз жағдайлардың алдын алып «ХХІ ғасыр – салауатты қоғам ғасырын» құруымыз керек. Бүгінгі  ұсынылып отырған «Ғасыр дерті» атты тәрбие сағатымыз салауатты өмір салтын сақтауға шақырады.

І жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі біздің «Ғасыр дерті» атты тәрбие сағатымызға шақырылған қонақтармен таныстырып өтейін:

  1. Мектебіміздің психологы Құсайынова Гүлзада апай.
  2. Мектебіміздің медбикесі Базарбаева Сания апай.
  3. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Есқалиева Толқын апай.
  4. Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімдері Рауелова Нұрлыбек, Қапезов Алмат  ағай.
  5. Жасөспірімдер ісі жөніндегі ішкі істер бөлімінің қызметкері Мұратов Руслан ағай.

Осы отырыста өз ойларыңызды, мазалап жүрген сұрақтарыңызды қойып, қатысып отырған қонақтарымыздан жауап алуға болады.

ІІ жүргізуші: Қадірменді көрермендер,енді назарымызды бейнематериалға аударайық.

-Біздің болашағымыз неге байланысты? Бұл  залалдан  құтылатын  ем, жолы  бар ма?

( «Ғасырдың  өлім тұзақтары» слайд-шоу көрсетіледі).

І жүргізуші: ХХІ ғасырда  адам  баласының   басына  төнген қауіпті  эпидемия – нашақорлық  қанатын  кең  жайды. Оның  ауқымды  мөлшері  әрлі – берлі  Қазақстан  арқылы  өтеді. Қаншама бейкүнә адамдар осылардың құрығына түсіп, дүние салып, талай ауруларға ұшырады

ІІ жүргізуші: Есірткі – бұл адамның көңіл-күйін, сана-сезімін, мінез- құлқын бұзатын қауіпті, тиым салынған химиялық зат. Ол адамның есін алып, құмарлық жиілігіне ұшыратады. Нашақор есірткісіз өмір сүре алмайтын бейшара халге түседі.

Грек тілінде ұйқы мағынасын білдіретін «nаrke» сөзі, ағылшын тілінде «narkotik» деген сөзге айналып, ұйықтау, жансыздандыру, сезімсіздендіру деген мағынаны береді.

І жүргізуші: Маскүнемдік – алкоголь ішімдіктерін үнемі қолданудан және шектен тыс үйір болудан қанға сіңіп кететін дерт. Ағзаның бірқатар қызметін бұзатын және тереңдей беретін кесел.   Алкоголь ішімдіктеріне тым үйір адамдардың өмір ұзақтығы – халықтың орташа өмір ұзақтығымен салыстырғанда 15-20 жас кем.

ІІ жүргізуші: Шылым құрамында никотин және 4 мыңға жуық улы зат бар. Дүние жүзілік «Денсаулық сақтау» ұйымының мәліметі бойынша 2027 жылы темекінің зардабынан қайтыс болатындар саны 10 миллионға жетеді деген болжам бар. Темекі шоғының қызыуы 300 градусқа жеткенде, оны сорған адамның аузының температурасы 60 градусқа дейін барады. Бұл ауыз, өңеш, кеңірдек, тыныс жолдарымен, асқазан қабығының нәзік жасушыларын күйдіреді.

І жүргізуші:

Ей, ұрпағым, есіңді жи, азбаңдар
Қиыршық құмдай үгітіліп тозбаңдар.
Бойыңдағы қуатыңды жоғалтып
Жақсы үмітпен, сеніміңнен таймаңдар
Салауатты өмір салтын сақтаңдар
Болашаққа нық қадам бастаңдар!-деп  ендігі кезекте  жастарды салауатылыққа шақыратын   үш   топ  мүшелерімен   таныс болайық.

І кезең: «Таныс  болайық!»
1.«Болашақ»тобы 

Ұстанымы: «Шылымқорлыққа қарсы»
Ұраны:  Денсаулықты қорғауға
Шықтық біз де топ құрап.
Кілең сайдың тасындай
Бес  ұланнан тұрамыз.
Сөз сөйлейміз жасқанбай,
Осындай топ боламыз.

2.«Денсаулық»тобы.   Ұстанымы:   «Ішімдікке  қарсы»

Ұраны:
Денсаулықты сақтаймыз,
Спортты біз жақтаймыз.
Барша  топ алдында,
Салауатты өмірді мақтаймыз!

Сабақтың толық нұсқасын көрнекіліктерімен бірге көшіріп алыңыз.

Ұқсас тақырыптар:

Оставьте комментарий

Вы должны войти , чтобы оставить комментарий.