Өткен жылдар жемісі. Тәуелсіз Қазақстаның тарихи кезеңдері (ТС материалдары).
5 Ноябрь 2013 – 09:32 | Нет комментариев

Саирова Назира К. Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы білім бөлімінің әдіскері.
1990- 25 қазанда Қазақстан Егемендігі туралы Декларация қабылданды.
1991-Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты республикамыздың Президенті етіп сайлайды.
16-желтоқсанда Қазақстан республикасы жоғарғы сессиясы «Тәуелсіз демократиялық және құқықтық мемлекет»-деп …

Читать запись полностью »
Информатика

Бәрі информатикаға байланысты

Педагогика

Тәлім-тәрбиеге байланысты материалдар

Басқа пәндер

Ұстаздар шығармашылығы

Оқушылар шығармашылығы

Главная » Тәрбие сағаттар

Ана - өмір, ана - бақыт, ана - гүл!

Опубликовал в 19 Декабрь 2012 – 08:38Нет комментариев

Атырау қаласы, №34 лингвистикалық мектеп - гимназиясы Нұрғалиева Бибігүл Жомартқызы информатика пәні мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: Ана- өмір,ана-бақыт,ана-гүл!

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды ананың еңбегін ақтауға, анаға деген сүйіспеншілікке, ананы құрметтеп, сыйлауға тәрбиелеу

Сабақтың көрнекілігі: Нақыл сөздер,презентация, шарлар.
Сабақтың барысы:
1-жүргізуші:
Ана-өмір қолдаушысы әлемнің
Шаңырақтың шаттығы мен шуағы
Сейілмесін жанарынан ананың
Тіршілікке төккен нұрлы шуағы
Аялайық аналарды әрдайым
Қуанышқа бөлейікші өздерін
Әжелердің,аналардың,қыздардың
Мұң шалмасын күлім қаққан көздерін –дей отырып 6 «б» сыныбының «Ана-өмір, ана-бақыт, ана-гүл» атты тәрбие сағатымызды ашық  деп жариялайыз!

 

2-жүргізуші:

Ана- барлық өмірдің бастауы. Ол адамды өмірге әкеледі, оны тәрбиелейді,өсіреді. Адам бойындағы барлық асыл қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен дариды. Ана -ұлы адам, Ана-құдіретті жан ,ендеше бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын,
1-жүргізуші:

Аяулы аналар!!

Арулар!
Сіздерді әйел жанымен байланысты тамаша көктем мерекесі – 8 Наурызбен шын жүректен құттықтаймын! Алғашқы көктем мерекесі Жер бетіне өмір сыйлаушы нәзік, ақылды, сымбатты, мейірімді жандарға арналғаны қандай тамаша мереке !
2-жүргізуші:

Тәуелсіз еліміз тұрғындары ертеңгі күнге сеніммен қарайды. Бұл сенімділік қойылған мақсаттарға қол жеткізуге және ауқымды жоспарларды іске асыру мүмкіндігіне көмектеседі. Әлемдегі ең асыл жан ол – Ана десек , жүрегімізде сүйікті жанға деген маххабат сезімі оянады. Ана бұл аяулы да мейірімді жан. Баланың тілі шыққаннан –ақ бірінші сөзін ана деп айтады. Өмірдің есігін ашқаннан соң осы өмірдегі өзіңнің жан анаңды көресің.

1-жүргізуші:
Осы бір «АНА» деген үш әріптің аясында адамзат баласын қуаныш сыйлар қаншалықты қасиет бар десеңші! Ару-ана, Ару-асыл жар, Ару – көңілдің гүлі,
Ару - өмірдің жыры, тіпті айта берсең сөз жетпейді. Әйел бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді деген екен бір ғұлама. Қандай нақты айтылған ой десеңізші! Расында бар әйел қауымынсыз мына әлемді елестету мүмкін емес! Иә, Құдайдан кейін құдірет иесі – ана. Мына жарық дүниеге әкелген Ана алдында бәріміздің де бас иетініміз сондықтан десек, бүгінде ұрпақ өсірумен қатар, ел еңсесін көтеріле түсуіне өз үлесін қосып келе жатқан қазақ әйелдері қандайда болмасын құрметке лайық. Бүгінде қоғам өмірінің әйелдер араласпайтын саласы жоқ десе болады. Бірі ғалым , бірі саясаткер, енді біреулері дәрігер, кәсіпкер тізе берсең жалғаса береді. Солардың бірі аяулы ұстаздар. Аналар өмірдің барлық саласын меңгергеніне шүбә жоқ бас иеміз.
2-жүргізуші:
Той пердесін ашайық
Аналарды құрметтеп
Ән маржанын шашайық
І-оқушы:
Құтты болсын ардақты анам
Асыл анам мерекең
Құтты болсын ұстаздарым
Қуанышты берекең
1-жүргізуші:
1910 жылы Данияда Копенгаген қаласында революционер әйелдердің халықаралық конференциясы өтті.
Мінбеге Клара Цеткин шықты. Ол ақ шашты қара көзді орта жастағы адам еді.
Біз күреспен қол жеткізген осы мерекені жыл сайын 8 наурыз күні атап өтейік. Бұл барша әйел қауымының мерекесі болсын деген ұсыныс айтты. Ұсыныс бір ауыздан қабылданып, 8 наурыз халықаралық әйелдер күні болып қабылданды.
2-оқушы:
Өзіңе еліктеп өсермін
Борышты өтермін қалайда
Тым нәзік, жұтаңдау жырымды
Жүректе жылытшы, жарай ма?
Мөлдірдің  орындауында: «Ана өмір шырағы»әні.

І жүргізуші:
-Рауан, менің таң қалатыным, анам үйде барлық тірлікті істеп, одан қала берсе жұмысқа да барып үлгереді ғой.
ІІ жүргізуші:
-Иә, мен мектептен келсем, тамағым да дайын , үй де жинаулы мұның бәрін қалай үлгереді екен?
І жүргізуші:
-Біздің аналарымыз бәрін өз қамқорлығына алады , олар барлық шаруаны бітіреді,сонымен қатар олар біздің әр ойымызды айтқызбай табады, біздің бар сырымыз оларға әрқашан да белгілі.
ІІ жүргізуші:
Ахметжанның орындауындагы коркем соз кабыл алыңыздар. «Анажан»

3-оқушы
Адамзат қуат алар ақ сүтіңнен,
Мәпелеп әлдилеген пейілі кең.
Аналық махаббатың кәусәр-бұлақ,
Сөнбейтін ақ жүрегің мәңгі шырақ.
4-оқушы:
Дүниенің жарық күні анамыз
Дана болсақ анаменен данамыз
Тыңдаңыздар, көңіл қойып ағайын
Анаға арнап тағы бір ән саламыз
ІІ жүргізуші:
-Ерте заманның бірінде қазақ даласына шабуыл жасаған дұшпанның қалың қолы бір қаланы қоршап алады. Қалаға келетін ауыз суды тоқтатып қорғаннан өте алмаған жау халықтың берілуін күтіпті. Бірнеше күн өтсе де, қала берілмепті.
Сонда дұшпанның әскер басы мынадай бұйрық шығарыпты.
- Қаладан көтергенше жүк алып, әйелдердің кетуіне рұқсат етемін,- дейді
Әйелдер бір-бір қапшық арқалап қаладан шығып кетеді.
Дұшпан қалаға кіріп қараса, бір де бір еркек жоқ.
Әйелдер ер азаматтарын қапқа салып көтеріп кетіпті.
Кішкене қыздар ұл балаларды,кемпірлер шалдарды көтеріп қаладан шығып кетіпті.
І жүргізуші:
-Осылай бір халықты әйелдер аман алып қалған екен.
Кішкене қыздар ұл балаларды көтеріп шығарыпты.
Сен осылай жасай алар ма едің?
ІІ жүргізуші:
- Мүмкін мен тек біреуін ғана алып шығар ма едім?
І жүргізуші:
-Ол бақытты жан кім екен ?
І жүргізуші:
- Білмеймін. Тек күшімнің келері сол болар дегенім ғой.                                                                                         2 жүргізуші:
І ж -Менің анам алтын
ІІ ж -Менің де анам алтын
І ж -Аналарды құрметтеп
ІІ ж -Қол соғыңдар жалпың
І жүргізуші:
Біздің аналарымыздың құрметіне сынып ер балалары әзілдерін ұсынады.
5-оқушы:
Алтын анам жасымнан аялаған,
Мен үшін игілікті аямаған.
Сабақтан шаршап үйге келгенімде,
Бал сөзі жаным деген сая маған.

ІІ жүргізуші:
-Мұсылман қауымы анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да парызынан құтылмайсың деген екен.
І жүргізуші:
-Бәріміз де ана алдында борыштармыз. Сол борышты өтеу бізге міндет.

Хор: «Ана туралы жыр»

Әрқашан да аналар беделі биік болсын!-дей отыра ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Көңіл бөліп тыңдағандарыңызға алғыс білдіреміз!!!

Ендігі сөзімізді мектебіміздің психологы Үміт апайға, ұйымдастырушы Айман апайға, ата-аналар төрайымы Айгүл апай және сынып жетекшіміз Бибігүл апайға береміз.

Ұқсас тақырыптар:

Оставьте комментарий

Вы должны войти , чтобы оставить комментарий.