“Теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу” қолданбалы курсы 11-сынып
Бұл мақала 559 рет оқылды, 25 рет бүгін
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Қыраш ауылы, №180 «Қызылмақташы» орта мектебінің математика пәні мұғалімі Таласбаева Меруерт Жалдықарақызы
«Теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу» қолданбалы курсы 11-сынып
Түсінік хат
«Теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу» қолданбалы курсы жоғары сынып оқушыларын таңдау сабақтарымен қамтамасыз ету үшін құрылған. Осы курс жоғары сынып оқушыларының кәсіби дайындық міндеттерін жүзеге асыруға көмектеседі.Курс 34 сағатқа есептеліп, 11-сынып оқушыларына арналған.
Курс мазмұны математикалық анализ және алгебра курсының бағдарламасына тереңдей ене отырып мектеп математикасы курсындағы «теңдеу » туралы білімін тереңдетуге арналған. Сондықтан бұл курсты оқу кезінде жоғары сынып оқушыларының математикалық білімге қызығушылығын және сұранысын неғұрлым толық қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Курс ҰБТ-ке даярлық негізінде құрылған. Тест есептерінде ең жиі кездесетін теңдеулер мен теңсіздікке арналған есептер. Әсіресе «Квадрат теңдеулер » мектептегі алгебра курсының маңызды тақырыптарының бірі. Себебі көптеген құбылыстар квадрат теңдеулер арқылы сипатталады. Мәтінді есептердің көбісінің шешуі квадрат теңдеуді шешу арқылы шығарылады. Функцияны зерттеу, логарифмдік, көрсеткіштік теңдеулер шешкенде көбіне квадрат теңдеу шешуді талап етеді. Геометрия мен физика пәндерінде бұл білік қажет болады.
Дәстүрлі емес жағдайларда алған білімдерін қолдана білуге, өмірлік жоспарларын іске асыруда жоғары сынып оқушыларының білім алуында «Теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу» маңызды орын алады.
Басқа жағынан алғанда, бұл курс орта мектептері түлектеріне теңдеу шешуге қажетті және жеткілікті білім жинақтауға мүмкіндік бере отырып, математика негізгі пән болып келетін ҰБТ есептерін шығаруға дайындық болып табылады.
Кәсіптік курсты енгізу мақсаты, курс мазмұны , оқуды ұйымдастыру, практикалық сабақтар арқылы оқушыға өз қабілетін , білім алу жолындағы көзқарасын бағалай білуге және оған жоғары деңгейде жұмыс жасауға жол ашады.
Қолданбалы курс жоғары сынып оқушыларының ой-өрістерін мазмұнын дамытады., жаратылыстану-математикалық циклына жататын пәндердің оқу мазмұнының маңыздылығын арттыра түседі.
Бағдарламада ұсынылып отырған тапсырмалар, зерттеуге бағытталған және ұтымды ойлау дағдыларын дамытуға әсер етіп, нәтижесін болжай білу қабілетін қалыптастырады.
«Теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу» курсы тарауларға бөлінген, олардың әрқайсысы арнайы теңдеулер және теңсіздіктер түрлерін қамтиды. Берілген курста «теңдеулер » бойынша теориялық және практикалық білім, білік негіздері жүйеленіп, кіріспе ретінде әр түрлі өрнектерге түрлендірулер, формулалар қарастырылады.
Барлық тапсырмалар мәселелі және өзіндік жұмыстарды қамтуы тиіс. Курстың жақсы меңгерілгені оқушының өзіндік шығармашылық жұмысымен анықталады. Ойдағыдай ұйымдастырылған сабақтар курс мақсатын іске асыруға көмектеседі. Курс тақырыбы бойынша өз жобасын қорғау не болмаса сынақ жұмысы, қорытынды тест тапсыру тексеру түрі бола алады.
Оқытылатын курс бағдарламасы
І тарау. Сызықтық теңдеулер мен теңсіздіктер,олардың жүйелері (5 сағ)
Сызықтық теңдеулер. Сызықтық теңсіздіктер мен олардың жүйелері.
Сызықтыққа ұласатын теңдеулер мен теңсіздіктер
ІІ тарау. Квадрат теңдеулер мен теңсіздіктер (7 сағ)
Квадрат теңдеулер және олардың түрлері. Квадрат теңдеуді шешу формуласы.
Квадрат теңдеуді екімүшенің квадратын айыру тәсілімен шешу. Виет теоремасы.
Квадрат теңдеуге келтірілетін теңдеулер. Квадраттық теңсіздіктер.
ІІІ тарау.Тригонометриялық теңдеулер мен теңсіздіктер, олардың жүйелері (6 сағ)
Тригонометриялық түрлендірулер. Тригонометриялық теңдеулерді шешу. Тригонометриялық теңсіздіктерді шешу. Тригонометриялық теңдеулер жүйесі
IV тарау. Рационал теңдеулер мен теңсіздіктер (6 сағ)
Алгебралық өрнектерді түрлендіру. Алгебралық рационал теңдеулерді шешу.
Рационал теңсіздіктерді шешу. Модуль таңбасы бар теңдеулерді шешу.
Модуль таңбасы бар теңсіздіктерді шешу
V тарау. Әр түрлі типтегі теңдеулер мен теңсіздіктер (10 сағ)
Логарифмдік өрнектерді түрлендіру. Логарифмдік теңдеулер мен теңсіздіктер.
Көрсеткіштік теңдеулер мен теңсіздіктер. Логарифмдік және көрсеткіштік теңдеулер жүйесін шешу. Параметрлері бар теңдеу.
Курстың мақсаттары: “Теңдеулер және теңсіздіктерді шешу» тақырыбы арқылы әлем құрамы бейнелерінің математикалық тұтастығының дамуы жөнінде білімдерін тереңдету және кеңейту.
Курс міндеттері:
- «Теңдеу және теңсіздіктерді шешу» тақырыбы бойынша білімдерін жүйелеу және тереңдету.
- Әртүрлі әдіс –тәсілдерді пайдалана отырып, оқушылардың есеп шығаруда практикалық дағдыларын дамыту және қалыптастыруға жағдай жасау.
- Шығармашылық және логикалық ойлауларын дамыту.
- Өздігінен білім алу және алған білімдері мен дағдыларын орынды пайдалана білу.
- Оқушының математикалық мәдениетін көтеру.
Курсты оқу нәтижесінде оқушылар мыналарды үйренеді:
Дүниетанудағы математиканың ролі, математикалық зерттеу әдістері туралы көзқарастарын қалыптастырады.
Есеп шығарудың әртүрлі әдіс –тәсілдері, негізгі алгоритмдері туралы білім алады.
Білуі керек:
- әртүрлі ақпарат көздерімен жұмыс жасауға;
- қорытынды ой жасау және нәтижені сараптауды;
- пікірталасқа қатысу , өз қызметінің нәтижесін көре білуге ;
- параметрлері берілген теңдеулерді әртүрлі әдістермен шешуге;
- есеп шығарудың ұтымды жолын таңдауды;
- нәтижесін график арқылы көрсетуді.
Курс мазмұнын меңгеру деңгейіне қойылатын талаптар:
Курсты оқу нәтижесінде оқушылар келесі білім, білік және әдістерді меңгереді:
- Математика нақтыны тану және бейнелеу әдісі екендігі туралы көзқарастары қалыптасады;
- Саралау, салыстыру, теңестіру, жүйелеу,қорытындылауды үйренеді;
- Математикалық әдебиеттермен өздігінен жұмыс жасай алады;
- Стандарттық емес теңдеулер шешудің негізгі әдістерін біледі, теңдеу шешу әдістерінің теориялық негізін түсінеді;
- Әртүрлі әдістермен стандартты емес теңдеулерді шеше алады;
- Пікірталасқа қатысып, өз қызметінің нәтижесін болжай алады;
- Өз қызметіне анализ жасап, жұмыс нәтижесін бағалай алады.
Пән мұғалімі: Таласбаева М.Ж.
Пәнаралық байланыс: физика, сызу, география, тарих т.б.
Курстың оқу -тақырыптық жоспары ( барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағат)
р/с | Тақырыптың атауы
|
сағ | Ұйымдас- тыру түрі |
Бағалау түрі |
мерзімі |
І тарау. Сызықтық теңдеулер мен теңсіздіктер,олардың жүйелері (5 сағ) | |||||
1 | Кіріспе: Теңдеулер тарихынан | 1 | баяндама | Пікір алысу | |
2 | Сызықтық теңдеулер | 1 | Жеке жұмыс | өздік жұмыс | |
3 | Сызықтық теңсіздіктер мен олардың жүйелері | 1 | Топтық жұмыс | өздік жұмыс | |
4 | Сызықтыққа ұласатын теңдеулер мен теңсіздіктер | 1 | Прак-тикум | өздік жұмыс | |
5 | Тест тапсырмалары | 1 | Прак- тикум | тест | |
ІІ тарау. Квадрат теңдеулер мен теңсіздіктер (7 сағ) | |||||
6 | Квадрат теңдеулер және олардың түрлері
|
1 | лекция | өздік жұмыс | |
7 | Квадрат теңдеуді шешу формуласы
|
1 | Прак-тикум | тест | |
8 | Квадрат теңдеуді екімүшенің квадратын айыру тәсілімен шешу | 1 | Топтық жұмыс | өздік жұмыс | |
9 | Виет теоремасы
|
1 | Ақпарат жинау | реферат | |
10 | Квадрат теңдеуге келтірілетін теңдеулер
|
1 | Топтық жұмыс | өздік жұмыс | |
11 | Квадраттық теңсіздіктер
|
1 | Жеке жұмыс | өздік жұмыс | |
12 | Тест тапсырмалары | 1 | Жеке жұмыс | тест | |
ІІІ тарау.Тригонометриялық теңдеулер мен теңсіздіктер, олардың жүйелері (6 сағ) | |||||
13 | Тригонометриялық түрлендірулер | 1 | лекция | ||
14 | Тригонометриялық теңдеулерді шешу | 1 | Прак-тикум | өздік жұмыс | |
15-16 | Тригонометриялық теңсіздіктерді шешу | 2 | Прак-тикум | өздік жұмыс | |
17 | Тригонометриялық теңдеулер жүйесі | 1 | Прак-тикум | өздік жұмыс | |
18 | Тест тапсырмалары | 1 | Жеке жұмыс | тест | |
IV тарау. Рационал теңдеулер мен теңсіздіктер (6 сағ) | |||||
19 | Алгебралық өрнектерді түрлендіру | 1 | лекция | ||
20 | Алгебралық рационал теңдеулерді шешу | 1 | Прак- тикум | өздік жұмыс | |
21 | Рационал теңсіздіктерді шешу. | 1 | Топтық жұмыс | өздік жұмыс | |
22 | Модуль таңбасы бар теңдеулерді шешу | 1 | Прак- тикум | өздік жұмыс | |
23 | Модуль таңбасы бар теңсіздіктерді шешу | 1 | Топтық жұмыс | өздік жұмыс | |
24 | Тест тапсырмалары | 1 | Жеке жұмыс | тест | |
V тарау. Әр түрлі типтегі теңдеулер мен теңсіздіктер (10 сағ) | |||||
25 | Иррационал теңдеулер,теңсіздіктер | 1 | Топтық жұмыс | Өз.жұм. | |
26 | Логарифмдік өрнектерді түрлендіру | 1 | Лекция | ||
27-28 | Логарифмдік теңдеулер мен теңсіздіктер
|
2 | Топтық жұмыс | өздік жұмыс | |
29-30 | Көрсеткіштік теңдеулер мен теңсіздіктер | 2 | лекция | өздік жұмыс | |
31-32 | Логарифмдік және көрсеткіштік теңдеулер жүйесін шешу
|
2 | Топтық жұмыс | өздік жұмыс | |
33 | Параметрлері бар теңдеу.
|
1 | лекция | реферат | |
34 |
Қорытынды тест тапсырмалары |
1 | Жеке жұмыс | тест |
Қолданылған әдебиеттер:
Мұғалім үшін:
- Данилюк С.Н. МАТЕМАТИКА: Кәсіптік оқыту. «Келешек-2030» 2008ж
- Данилюк С.Н «Сборник решений задач повышенной сложности по математике » . «Келешек-2030» 2008ж
- «Ұстаздық жолмен қырық жыл» обл. Педоқу. Қызылорда 2010
- KATEV- шың 2009-2010 ж. Алматы 2009
- Рустюмова И.П., Рустюмова С.Т. «Тренажер по математике… ЕНТ»Алматы 2009
- «Математика» журналдар жинағы №5-6, 2009 ж,№4-2008
- «Репетитор» журналы, №4-2010
- Жанпейісова М. «Модульдік оқыту технологиясы»
- Интернет мәліметтері
Оқушы үшін:
- KATEV- шың 2009-2010 ж. Алматы 2009
- Рустюмова И.П., Рустюмова С.Т. «Тренажер по математике… ЕНТ»Алматы 2009
- «Математика» журналдар жинағы №5-6, 2009 ж,№4-2008
- Тест есептері жинағы 2005-2010 жж
- Байқау сынақтары кітапшалары
- Интернет мәліметтері
Ұқсас тақырыптар:
- Физика 11. Линзалар. Жұқа линзаның формуласы.
- Күнтізбелік жоспар алгебра, геометрия11 сынып
- Математика 3 сынып. Қосындыны санға бөлу.
- Математика-6. «Біздің сәті күніміз» сайысы (стс).
- 5-сынып математика пәні бойынша жылдық сабақ жоспарларының жинағы.
- Математика. 6 сынып. (Аптасына 5 сағат, барлығы 170 сағат)
- 5 сынып математика (аптасына 5 сағат). Күнтізбелік жоспар.
- Информатика 5-сынып. Ақпарат, оның түрлері.
- География 6 сынып - Жанартаулар, ыстық бұлақтар, гейзерлер
- Информатика-3. Есептеуіш техника кабинетінде қауіпсіздік техника ережесін сақтау. Электр тогы зақымдалған жағдайда алғашқы көмек көрсету. Көзге жаттығу жасау. ДК-ді қолдану салалары және маңызы. Тінтуірмен жұмыс.