Сан есім туралы түсінік. Дара және күрделі сан есімдер.
Ақмола облысы Бұланды ауданы Никольск орта мектебі Ережепова Гауһар Тұрлыбекқызы.
Сабақтың мақсаты:
1. білімділік:
А. Оқушыларды сын есімді қалай меңгергенін тексеру (оларды құрамына және мағынасына қарай ажырата білу) сөйлем мәнерлеріне жете көңіл бөлу.
Б. Сан есім және оның құрамдық түрлері жайлы теориялық білім беру.
2. дамытушылық:
Ұлағатты сөздердің мәнін түсіндіре отырып шешендік өнерге, алғырлыққа, тез ойлауға, оқу дағдыларын жетілдіріп, шығармашылық ізденістерін арттыруға ықпал жасау
3.тәрбиелік:
Халқымыздың ұлттық салт-дәстүрлерін, ұлттық өнерді бағалай білуге баулып, адамгершілікке,имандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа білім беру.
Сабақта қолданылатын әдіс: түсіндіру, сұрақ-жауап, ой қорыту, ойын ойнату, тест т.бПәнаралық байланыс:әдебиет,математика,ән күй.
Сабақтың көрнекілігі:
1. Эпиграф
2. Үлестірмелі қима қағаздар.
3. Сөз жұмбақ.
4. Шолуға арналған «кәмпит» сұрақтар.
5. Мақал-мәтел,жаңылтпаштар.
6. Тест сұрақтары.
7. Сан есімнің құрамдық түрлері жазылған тірек-сызба.
8. Шешендік сөздер,жұмбақтар.
9. Қосымша материалдар,рефераттар.
Сабақ барысы:
Жаңа сабақ.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Оқушылармен сәлемдесу.
2. Кезекшінің мәлімдеуі
ІІ.Есіңе түсір.(қайталау сұрақтары)
Біздің өткен сабағымыз-қуаныш.Әр қуанышқа кеңпейіл халқымыз шашу шашқан.Шашу–тілек,береке.Ендеше, біз де сендердің нұрлы келешектеріңе қуаныш тілеп,шашу шашайық.(шашу «кәмпит» шашылады)Сұраққа дұрыс жауап берген оқушы шашудан ауыз тиген болып саналады.
1.Сын есім дегеніміз не?
2.Сын есімнің маңызды белгілерін ата.
3.Сын есім құрамына қарай неше топқа бөлінеді?
4.Негізгі сын есім дегеніміз не?
5.Туынды сын есім дегеніміз не?
6.Күрделі сын есім дегеніміз не?
7.Дара сын есім дегеніміз не?
8.Есім сөздерден сын есім тудыратын жұрнақтарды ата.Мысал келтір.
9.Етістіктен сын есім тудыратын жұрнақты ата.Мысал келтір.
10.Сын есім мағынасына қарай неше топқа бөлінеді.
11.Сапалық сын есім дегеніміз не?
12.Қатыстық сын есім дегеніміз не?
13.Сын есім сөйлемде көбінесе қандай қызымет атқарады?
ІІІ.Сынап көр.
А.Оқушыларға қашқын қылмыскер туралы хабарландыру оқып,балалардың көңілін аудару.
Хабарландыру.
Кеше сағат 11-лерде,сабақ уақытында бір оқушының қымбат күртешесі жоғалды,қашқын ұстатпай кетті.Қылмыскердің кескіні жасырын камераға түсіріліп қалыпты.Кескіні кейін газетке жарияланды.
Орта бойлы,дембелше,топ-толық,жуан бел,қысық көзді,мұрны шолақтау,шошайған құлақты,быртиған саусақты,тар маңдайлы,жалпақ табанды,мығым келген жас жігіт.(тыңдап болған соң тақтаға немесе дәптерге қылмыскердің портреті жазылады).
Орта бойлы
Дембелше
Топ-толық
Қысық көз
Быртиған саусақты
жас жігіт
Тар маңдайлы
Жалпақ табанды
Жуан бел
Ә.Тақтада мынадай алты сын есім жазулы тұрады.
мейірімді | қатал | сабырлы | жеңілтек | сыпайы | Дөрекі |
6 сын есімге 6 үлестірмелі қима қағаз дайындалады да, мазмұны сызбадағы көрсетілген мінездің қайсысына тура келетінін айтады.
№1.Қабағы түйілген,сұсты,өзінің айтқанын ғана орындатады.
№2.Жылы сөйлейді,жылы сөзді,қабағы ашық,барлық адамға өзінің шуағын шашады,ақкөңіл.
№3.Сөзінде,уәдесінде тұрмайды,жұмысын аяғына дейін жеткізіп орындай алмайды,тұрақсыз,заржақ.
Сабықтың толық нұсқасын көшіріп алыңыз.
Ұқсас тақырыптар:
- Қазақ тілі. Сан есім.
- Қазақ тілі. Сан есім туралы түсінік. Дара және күрделі сан есімдер.
- «Тіл білгірі» лингвистикалық ойын (үлгерімі төмен оқушылар арасында ( 6, 7 -сыныптар)
- Сабақ тақырыбы: С.Сейфуллин «Бақыт жолына» пьесасы,11 сынып
- «Ғұлама ақын, данышпан – Шәкәрім Құдайбердіұлына 154 жыл»
- Тақырыбы: «Жас тілші» қызықты грамматикалық сайыс
- Термин сөздер. Автомобильдердің даму кезеңдері.
- Қазақ тілі. Сын есім
- М.Әуезовтың «Абай жолы» роман – эпопеясынан «Біржан сал Абай ауылында» тақырыбын қорытындылау.
- Қазақ әдебиеті пәнінде қолданылатын тапсырмалар.