10 Август 2011 – 18:58 | 46 пікір

Құрметті ИНФОРМАТИКТЕР!
Cайтымыз сіздердің арқаларыңызда, аз уақытта Қазақстандағы ең танымал сайттардың біріне айналып келеді. Кейбір қазақ тілді сайттар өз контенттерін біздің сайтқа қарап өзгертіп қолданушыларын да көбейтті. Біздің үлгімізбен біршама жаңа сайттар ашылды. Соған қарағанда Информатик …

Толығырақ »
Информатика

Бәрі информатикаға байланысты

Педагогика

Тәлім-тәрбиеге байланысты материалдар

Басқа пәндер

Ұстаздар шығармашылығы

Оқушылар шығармашылығы

Басты бет » Информатика, Таңдаулы

Информатика 7. Word Pad Құжатына суреттерді кірістіру.

Опубликовал inust в 16 Ноябрь 2012 – 10:551 пікір
Бұл мақала 161 рет оқылды, 8 рет бүгін

Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Мөңке би ауылы М.Тәжин атындағы орта мектебінің Информатика пәнінің мұғалімі Гулсамал Нұрымбетова Сағынғалиқызы.

«Адам мақсатына өзін-өзі жетілдіру арқылы жетеді»

(Әбу Нәсір Әл-Фараби)

Қазіргі білім беру ісінің басты шарттарының бірі болып оқушының     өзіне керекті мәліметті өзі   іздеп табуына  үйретіп,  олардың  өз оқу  траекторияларын өзінің таңдай білуі есептеледі. Менің ойымша, ақпараттық-білім беру ортасын жобалаудағы басты мақсат - оқушының өздігінен оқуға талаптандыру, яғни ізденімпаздыққа үйрету болып саналады.

Ақпараттық-коммуникациялық технологияны оқу-тәрбие үрдісіндегі қолдану оқушының құзіреттілігін, өз мамандығына қызығушылығын арттырып, шығармашылық шабытын шыңдап, ғылыми көзқарасын қалыптастырып, мамандық сапасын арттырып, еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеті мамандар дайындауда үлесі мол.

Қазіргі білім жүйесінің ерекшелігі – тек біліммен қаруланып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру.

Бұл мынадай фактілерге байланысты:

-          Оқытудың әр алуан түрлері мен әдістерін қолдану;

-          Топтық жұмыс дағдыларын дамыту;

-          Әрекеттерге үйрету;

-          Нақты ситуациялар талдау;

Осы мақсатты жүзеге асыруда  7 сыныпта өткізген «Word Pad Құжатына суреттерді кірістіру» тақырыбындағы сабағыма тоқталып өтейін.

Word Pad Құжатына суреттерді кірістіру тақырыбын өткенде оқушыларға Word Pad программасын қалай жұмыс жасау керектігін,оның мүмкіндіктері туралы оқушыларға жақсы мағлұмат беріп оның практикада қолдана білуіне баса назар аудардым.Мазмұнға байланысты сабағымның міндеті: Word Pad программасын әдістерін, программалардың мүмкіншіліктерін  үйренді.Сабағымда СТО,АҚТ  технологиясын қолдандым.СТО ға байланысты айтатын болсам;оқушының ой-өрісі, құзіреттілігі, дүниетанымы кеңейеді,шығармашылықпен жұмыс жасайдыал АҚТ да ақпараттық сауаттылығы қалыптасады.Адамда әлденені түсіну қажеттігі пайда болғаннан бастап, ол ойлануға кіріседі.Ойлау қай кезде де мәселеден немесе сұрақтан, таңқалу, түсінбеу, қарама қайшылықтан басталады.Жаңа материалды түсіндірер алдында оқушыларға қызықты, оларды ойландыратын сұрақтар қоямын, ал олардың жауабы сабақ соңында беріледі.Ал өзекті мәселе бойынша теориялық мазмұнды игеру жолындағы беосенді ізденушілік әрекет бүкіл сабақ барысында жалғасады.Топтық міндет: топта бірлесіп жұмыс істеуге үйренеді, тақырыптың түсініксіз жерлерін айқындайды, бір - бірін толықтырады, жолдастық қарым қатынасқа түседі:

Пайдаланытын әдістер:ой қозғау,топтастыру,сауалнама;пікірталас

Сабақтың барысы:

1 Қызығушылықты ояту (тақырыпқа дейін ой қозғау)

2 Мағынаны тану( тақырып)

3 Ой толғаныс (қорытындылау)

Содан соң бағалау парағы бойынша бағалап,жеңімпаз топты мадақтап,үйге тапсырма беріледі.Бағалау әр сабақтың құрылымына байланысты өзгеріп отырады.

Класы  7

Сабақтың тақырыбы: Word Pad Құжатына суреттерді кірістіру
Сілтеме: Күнтізбелік жоспар
Мақсаттары: Оқушыларға Word Pad Құжатына суреттерді кірістіруді меңгерту.Сабақта оқушылардың ұжыммен жұмыс жасауы,өз ойын еркін жеткізе білуге,шыдамдылыққа,құзіреттілікке тәрбиелеу. Шығармашылық қабілеттерін арттыру. Оқушылардың шеберліктерін, тапқырлықтарын бақылау;
Оқыту нәтижесі -АҚТ меңгерген  құзіретті жеке тұлға қалыптасады. 

-Топта жұмыс жасауды меңгереді;

- Өзін өзі бағалайды;

 

 

Түйінді идеялар

-Word Pad Құжатына суреттерді кірістіру программасымен жұмыс істеу; 

-жаңа ақпараттық технологияны қолдану арқылы бiлiмнiң сапасын көтеру;

- бiздiң елiмiздегi және шет елдердегi жинақталған ақпараттық ресурстарға жедел ену;

- отандық бiлiм беру жүйелерiн бiртұтас әлемдiк ақпараттық бiлiмдiк кеңiстiкке ену арқылы сабақтастыру;

-бiлiм берудiң телекоммуникациялық желiлерiн құру;

Сабақтың толық нұсқасын көшіріп алыңыз.

Ұқсас тақырыптар:

1 пікір »

  • Амиргалиева A пишет:

    Сабак жоспары унаты.Озимнин сабактарыма пайдаландым конилге конарлык.отеееее керемет.тамаша.сизге ризамын.

Оставьте комментарий

Добавьте комментарий ниже или обратную ссылку со своего сайта. Вы можете также подписаться на эти комментарии по RSS.

Всего хорошего. Не мусорите. Будьте в топе. Не спамьте.

Вы можете использовать коды HTML:
<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

На сайте используются Gravatar. Чтобы его получить зарегистрируйтесь Gravatar.