10 Август 2011 – 18:58 | 44 пікір

Құрметті ИНФОРМАТИКТЕР!
Cайтымыз сіздердің арқаларыңызда, аз уақытта Қазақстандағы ең танымал сайттардың біріне айналып келеді. Кейбір қазақ тілді сайттар өз контенттерін біздің сайтқа қарап өзгертіп қолданушыларын да көбейтті. Біздің үлгімізбен біршама жаңа сайттар ашылды. Соған қарағанда Информатик …

Толығырақ »
Информатика

Бәрі информатикаға байланысты

Педагогика

Тәлім-тәрбиеге байланысты материалдар

Басқа пәндер

Ұстаздар шығармашылығы

Оқушылар шығармашылығы

Басты бет » Информатика, Педагогика, Сыныптан тыс жұмыстар, Таңдаулы, Ұстаздар шығармашылығы

“Оқыту-тәрбиелеу үрдісінде интерактивті оқыту құралдарын тиімді қолдану жолдары және оның пайдасы”

Опубликовал Galiakhmet в 6 Ноябрь 2012 – 23:14Пікір жоқ
Бұл мақала 449 рет оқылды, 1 рет бүгін

Астана қаласы, «Асу» гуманитарлық-техникалық колледжінің информатика пәнінің оқытушысы Шакиров Ғалиахмет Ришатұлы, 03.08.1986,[email protected]

Сабақтың мақсаты: сабақ беру  барысында  оқыту  тәсілдері мен дағды  қалыптастыру  жолдары,  интерактивті  тақтамен  жұмыс  жүргізу және интерактивтік тақтаның тиімділігі мен артықшылық мүмкіндіктеріне көз жеткізу.
Керекті құрал-жабдықтар: интерактивті тақта, проектор, компьютер

Сабақтың барысы:

Заман талабына сай ғылым мен техниканың жетістіктерін білім беру саласында жүзеге асыру бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Жаңа заманғы білім беру жүйесі жаңа міндеттерді жүктейді. Сондықтан қазіргі білім берудің жаңа ақпараттық технологияларын игермейінше, сауатты, жан-жақты, білімді маман болу мүмкін емес.

ХХІ ғасыр ақпарат ғасыры болғандықтан адамзатқа компьютерлік сауаттылық қажет. Білім берудің негізгі мақсаты – білім мазмұнын жаңартумен қатар, окытудың әдіс-тәсілдері мен әр түрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Осы мақсатты жүзеге асыруда ақпараттық технологияны пайдалану әдісі зор рөл атқарады. Осы орайда ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауындағы «оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды білім беру саласын жақсартуда қолданыс аясын кеңейту керек» деген сөзін басшылыққа ала отырып, сабақта жаңа ақпараттық технологияларды пайдалануға жаппай көшуіміз керек. Ақпараттық технологияларды сабақта пайдаланудың негізгі мақсаты: Қазақстан Республикасында біртұтас білімдік ақпараттық ортаны құру, жаңа ақпараттық технологияны пайдалану Қазақстан Республикасындағы ақпараттық кеңістікті әлемдік білім беру кеңістігімен сабақтастыру болып табылады.

Білім берудің негізгі мақсаты – білім мазмұнын жаңартумен қатар, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып,  белсенділігін арттыру мақсатында интерактивті тақтаны пайдаланып сабақ өткізудің көптеген мүмкіншіліктері бар:

ü біріншіден, интерактивті тақта арқылы электронды оқулықтарды қолдануға және оны көшіріп алып, белсенді жұмыс істеуге болады;

ü екіншіден, қосымша материалдарды да көшіріп енгізіп, онымен белсенді жұмыс істеуге болады;

ü үшіншіден, тақта ретінде жазуға, сызуға, өшіруге, дайын сызбаны жасап қоюға, жартылай жауап кезінде қолдануға т.с.с. көптеген іс-әрекеттерді жасауда уақытты үнемді пайдалануға болады.

Оқыту үрдісін компьютерлендіру мақсатында  интерактивті тақтамен жұмыс жасау тиімді.

Көптеген жаңа технологиялармен қатар соңғы кездері информатика пәні  сабақтарында ақпараттық технологиялар жиі қолданылуда. Осыған байланысты  күнделікті сабаққа:

-мультимедия (видео, аудио қондырғылары мен теледидарды, электрондық оқулықтарды);

-компьютер (компьютерлік бағдарламалар, интерактивті тақта

-интернет және т.б. көрнекі материалдарды пайдалану айтарлықтай нәтиже береді.

Ақпараттық технологиялардың бірі – интерактивтік тақта, мультимедиялық және он-лайн сабақтары. Оқыту үрдісін компьютерлендіру мақсатында интерактивті тақтамен жұмыс жасау тиімді.

Мысалы:   информатика пәнін оқытуда интерактивті тақтамен жұмыс жасауда студенттердің қызығушылығын танытып қана қоймай, шығармашылық қабілеттерін дамыту мен қатар жаңа ақпараттық технологияны меңгеруге, оны пайдалана алуына мүмкіндік береміз. Сабақта интерактивті тақтаның элементтерін пайдалану, дайындалған арнайы тапсырмаларды тыңдап қана қоймай, көздерімен көріп, оны жетік түсінуге, дағдыланады.

Жалпы  студенттердің  ақпараттық технология негіздерінен алған білімі арқылы:

1. Студенттің пәнге деген қызығушылығы артады, құлшынысы оянады.

2. Шығармашылық қабілеттері артады.

3. Жылдам ойлауға машықтанады, білім сапасы артады.

4.Студенттер өз бетімен жұмыс жасауға дағдыланды.

5. Компьютерлік сауатты болуға үйренеді.

Интерактивтік тақтасын қолдану барысында оқытушылар уақытты қалай үнемдейді?

Қарапайым тақта және компьютер проекторына қарағанда, интерактивтік тақта сабақ мазмұнын кеңінен ашуына мүмкіншілігі өте зор. Интерактивтік тақтаны пайдалану кезінде үлкен жетістікке қол жеткізу үшін, тек қана сауатты сабақ жоспарлап, керекті материалдарды дайындау керек.

Сабақта оқытушы интерактивтік тақтаны бір емес бірнеше рет пайдалана алады, қарапайым тақтаға қарағанда интерактивті тақта пайдалануға ыңғайлы, әрі уақыт үнемдейді. Сабақ дайындығына дұрыс уақытты қалай бөлу керек?

Интерактивті тақта оқытудың басқа тәсілдеріне қарағанда (салыстырғанда),  көптеген жетістіктері бар.

Бұл жетістіктер туралы өз сабағында интерактивтік тақтаны падаланатын оқытушылар ғана айта алады. Қызметтестер мен біріге отырып сабақта дайындалу арқылы жақсы әсерге қол жеткізуге болады, бұл тек қана міндеттерді бөліп беру мен уақытты үнемдеу ғана емес, сонымен қатар берілген материалдардың сапасын да арттырады.

Интерактивтік тақтаны дұрыс түсіну керек, ол сиқыршының таяғы емес. Неге десең сабақтағы барлық мәселелерді өзі шешіп және сабақты еліктендіретін болған.

Тағы да ойлау қажет емес. Интерактивті тақта барлық сабақта қолдану мүмкін, жоқ болмаса сабақтың әрбір сатысында. Басқа да заттар сияқты интерактивті тақтаны пайдаланудан ең көп тиімділікке сабақта қойылған мақсаттарға сәйкес қолдану арқылы жетуге болады.

Интерактивтік тақтамен бірге жүретін бағдарламалық нұсқаулықты жақсы біліп, оны сабаққа дайындалғанда қолданулары керек.

Интерактивті тақтаның үш режимінде де жұмыс жасауға болады. Сол режимдердің әр қайсысына тоқталайық.

Ақ тақта режимі- ең қарапайым режим, бұл режимді семинар сабақтарын жүргізгенде қолдануға болады. Ақ тақта режимін қолданғанда оны ақ бет қағазбен жұмыс жасағанда және тақырыпқа қажетті жерін бегілеудермен, негізгі ұғымдарын ерекшелеу үшін түрлі түсті қаламды қолдануға болады. Тақтаның бұл қасиетін мысалы географиядан, тарихтан, физика және т.б пандерден сабақ жүргізгенде ынғайлы. Фон ретінде географиялық картаны, физикалық аспаптардың суретін алуға болады  және сабақ барысында қажет болса картаға белгі салуға, жазуга мүмкіншілік  бар.

Екінші режим- Office режимі. Бұл режим сабаққа қажетті дайындық жұмыстарын, яғни материалдар даярлауға ыңғайлы. Сабаққа дайындық жұмыстары Word мәтіндік редакторының, Excel электрондық  кестесінің құжаттары, Power Point–презентациясы болуы мүмкін. Практикалық сабақты жүргізуде қайталаудың рөлі ескерледі. Қайталауды жүргізудің нұсқалары блиц – тестер, стандартты есептерді шығару екені белгілі. Практикалық сабақтың бұл бөлігін жүзеге асыру мақсатында сабаққа дайындық  материалдарын жақсы даярлау қажет, ол үшін интерактивтік тақтаны қолдану мүмкіншіліктеріне тоқталамыз.

Мысалы, Microsoft World құралдарымен төрт түрлі мәтіндік тапсырмаларды қамтитын құжатта тапсырмаларда қайталап, жауаптарының дұрыс нұсқаларының немесе амалдарының дұрыс тізбегінің көрсету керек. Қайталанған тапсырмаларды  сурет  салу панелінің ‘төртбұрыш’ ”овал” обьектілерімен жасырамыз. Сондай мүмкіншіліктерінің бірі құрылған құжатқа мәтінді қосуға болады, яғни экраннан түсірілген суретпен емес құжатпен тікелей жұмыс жасаймыз.

Үшінші режим –тақтаның интерактивті режимдегі жұмысы. Семинар сабақтарын жүгізуге өткен материалды қайталау қажет, сондай жағдайда интерактивті тақтаның сілтеме жасауға арналған компонентін қолдануға болады. Бұл компонент арқылы Microsoft Office құралдары арқылы

құралдары құрылған құжатарға, графиктік редакторлардың немесе программалау ортасының көмегімен құрылған файлдарға, интернет бетерінен сілтемелерді ұйымдастыруға береді. Объектідегі сілтеме  белгісі арқылы белгіленеді.

Сабақтың бұл формасын өткізуде сол сияқты әртүрлі пәндерге арналған галерея қорларын  пайдаланған тиімді. Қордан алынған материалдарды оқытушы өзіне ыңғайлап өзгерте алады.

Ұқсас тақырыптар:

Оставьте комментарий

Добавьте комментарий ниже или обратную ссылку со своего сайта. Вы можете также подписаться на эти комментарии по RSS.

Всего хорошего. Не мусорите. Будьте в топе. Не спамьте.

Вы можете использовать коды HTML:
<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

На сайте используются Gravatar. Чтобы его получить зарегистрируйтесь Gravatar.