Информатика-10. Power Point 2003. Презентанция.
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Эльмира Саткенова
Сыныбы: 10 Жаратылыстану бағыты.
Сабақтың тақырыбы: Power Point 2003. Презентанция.
Сабақтың мақсаты:
Біліміділік: PowerPoint программасының қолданылу мақсатын, оны іске қосу мен жұмысты бастауды үйрету;
Тәрбиелік: PowerPoint программасын қолдану аймағын анықтауды, программаны іске қосу мен
компоненттерін ажырата білуді қалыптастырып оқушыны білімділікке, сауаттылыққа тәрбиелеу ;
Дамытушылық: Презентация құруда слайдтармен жүйелі жұмыс жасау дағдыларын қалыптастырып ойлау ұшқырлығын дамыту;
Сабақтың түрі: аралас сабақ;
Сабақтың көрнекілігі: компьютер, экран, видеопроектр, MS Power Point бағдарламасы, слайд, флипчарт, карточка (пркатикалық жұмыс);
Оқыту формалары: жеке, топтық, ұжымдық, практикалық;
Сабақтың барысы:
а) ұйымдастыру
ә) үй тапсрмасын тексеру (Мысыр еліне саяхат)
б) өткен сабақты қайталау арқылы жаңа сабаққа көшу
в) жаңа сабақ
г) сабақты бекіту (практикалық жұмыс «ПИРАМИДА»)
ғ) бағалау
д)үйге тапсырма
е) қорытынды
а) ұйымдастыру бөлімінде оқушылармен амандасау, оқушыларды түгелдеу, журнал толтыру.
ә) үй тапсрмасын тексеру (Мысыр еліне саяхат) Үй тапсырмасын тексермес бұрын. Мысыр елінің тарихымен, пирамидалар жөнінде қысқаша мәлімет беру.
Мысыр пирамидалары - Мысыр жерінде орналасқан ежелгі пирамидалар кешені. Осынау зор тас құрылыстары ежелгі Египет перғауындарының сағанасы болып саналды. Сағаналар осыдан 5 мың жыл бұрын салынған.
Ең үлкен пирамида Хеопс перғауынның әмірімен тұрғызылған. Оның биіктігі - 147 м. Ежелгі грек тарихшысы Геродоттың жазбасында пирамиданы 100 мың адам 20 жыл бойы салғандығы айтылады. Пирамидалардың салынуы, Құрылысы жөнінде айтылған пікірлер сан алуан.
Дегенмен аптапты Египет аспаны астында мыңдаған құл тас қарумен дәу тастарды бөліп алып, оны құрылыс орнына арқанмен сүйретіп жеткізген, пирамида биіктеген сайын тас блоктарды қолмен жоғары көтерген деген пікірлер басым.
Алып құрылыстар осы күнге дейін көрушісін қайран қалдырады. Осы пирамидалар Әлемнің жеті кереметінің біріне кіреді.
Енді біз бүгінгі сабағымызыда өз пирамидамызды тұрғызайық. Осы пирамидаларды құрастырушы Операциялық жүйе деген перғауын бар, оның бірнеше жұмысшылары бар екен. Оқушылардан сұралады осы жұмысшыларын атап беріңдер және олардың өздерінің атқаратын қызметтері бар. (Операциялық жүйе түрлері)
(сурет бар)
Аталғаннан кейін тақтада Операциялық жүйе түрлері шығады. Оқушылар Windows операциялық жүйе қызметтерін, Операциялық жүйе компьютерге орнатылғаннан кейінгі жұмыс үстелін, олардың атқаратын қызметтерін және ОЖ-нің Стандартты программаларын атап береді.
Сабақтың толық нұсқасын көрнекіліктерімен көшіріп алыңыз.
Ұқсас тақырыптар:
- Информатика-10. “Microsoft Power Point–та графикалық файлдарды ендіру”
- И-10. Графикалық файлдарды ендіру (ашық сабақ).
- PowerPoint- та көрмелерді демонстрациялау.
- Информатикадан 6-сыныпқа арналған аралық тест (жаратылыстану).
- Информатика. «Үздік информатиктер сайысы» (Сабақтан тыс іс – шара, Сайыс).
- Внеклассное мероприятие по информатике и математике. “Галерея Великих - ученых”
- Информатика. Операциялық жүйе түрлері.
- Бастауыш 1-сынып. Қазақстан картасы
- Информатика 10-сынып. Тақырыптық-күнтізбелік жоспар (бағдарлы курс) 2011-2012.
- Информатика. «Үздік информатик» (стс).