Бастауыш. Ауа. Ауаның қасиеттері.
БКО Каратөбе ауданы Жусандыой ауылы, Жамбыл орта жалпы білім беретін мектеп-балабақшасы Бастауыш пән бірлестік жетекшісі Касимов Казбек Рыскалиевич.
Сабақтың тақырыбы :
Сабақтың мақсаты :Ауаның қасиеттерімен таныстыру.
Міндеттері :
1. Ауаның серпімді , сығымды екенін дәлелдеу және тәжірибе арқылы оқушыларға ғылыми түсінік беру.
2. Оқушылардың ой – өрісін, танымдық белсенділіктерін арттыру, сөйлеу тілін дамыту.
3. Оқушыларды экологиялық тәрбиеге баулу.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезені.
1.психологиялық дайындық
Қоршаған орта табиғат,
Жануар ,өсімдік ,адамзат.
Сүю,қорғау-парасат,
Білейік мұны жамағат.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Тест. Дүниетану. 2 сынып «Жапырақ жинау» ойыны.
1. Адам өміріне не қажет?
А. доп,ән,киім.
Ә. ауа,су,тамақ. +
Б. кітап,велосипед
2.Егістікті баптаушы адамды кім деп атаймыз?
А. комбайншы
Ә. наубайшы
Б. диқаншы.+
3. Көкжиек дегеніміз не?
А. Жай көзбен қарағанда көз жеткен жерге дейінгі кеңістік.+
Ә. Аспан мен жердің астасқан жері.
Б. Көзің жететін жерге дейін қарау.
4. Құбылнама деген не?
А.Бейтаныс жерлерді зерттейтін құрал.
Ә.Көкжиек тұстарын анықтайтын арнаулы құрал.+
Б.Дәрігер құралы.
5.Заттың үстінен қарағандағы көрінісінің сызбасы қалай аталады?
А.Сұлба.
Ә.Масштаб.
Б.План +
6. Көкжиектің негізгі неше тұсы бар ?
А. 5
Ә. 4 +
Б. 3
ІІІ. Жаңа тақырып:
1. Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Ауа дегеніміз не?
-Ауа қабаты бізді және біздің ғаламшарымыз-Жерді қоршап тұр. Осы қабатты атмосфера деп атаймыз. Бар болғаны 2 ғасыр бұрын ғалымдар ауаның-көптеген газдың қоспасы,негізінен азоттың -78 % , ауаның-21% , және көмір қышқыл газының- 1%, қоспасы бар екенін білді.
Ауаның құрамы
2.Ауаның қандай қасиеттері бар?
Ауа-мөлдір. Бұл туралы ол арқылы барлық қоршаған заттарды көретініміз айғақ ( салыстырып қарайық: есік,кітап, мөлдір емес. Оларарқылы басқа заттарды көруге болмайды.)
Ауа – түссіз. Шындығындада,сөре-саары, сынып тақтасы-жасыл, бөлме өсімдігі-жасыл, ал ауада бұл түстерде басқа түстерде болмайды.
Ауаның иісі жоқ.
Сен түрлі орындарда түрлі иіс болатынын байқадың ба?
Асханада, шаштаразда, дәріханада иәсә бар заттардың бөлшектері ауа бөлшектерімен араласады,және біз әр түрлі иістерді сеземіз. Бірақ таза ауада иіс болмайды. Жылытқан кезде ауа кеңейеді,ал суытқанда қысылады.
Бұларға көз жеткізу үшін тәжірибелер жасап көреміз.
3. Тәжірибе :
А) Допты екі бүйірінен қысайын. Доп сыңылады, кішірейеді. Жібере қалсақ қайтадан орнына келеді. Яғни ауа сығылады.
Ә) Допты жерге ұрып, оның секіргенін байқау. Допты секіртіп тұрған не? Ауа. Олай болса ауа серпімді.
4. Қорытынды: Ауа сығылады. Ауа серпімді.
5. Ауаның бұдан басқа да маңызды қасиеті бар. Жіңішке май шамның біреуін үшке тең етіп бөліп, әрқайсысын жағып үстел үстіне қою.
А) Оның біреуін стақанмен жабу. Ә) Май шамның екіншісін банкімен жабу.
Б) Үшіншісін ашық қалдыру.
6. Байқау : Қай май шам сөнер екен ? Қорытындыны оқушыларға жасату.
7. Сұрақ : Май шамдар неліктен әртүрлі деңгейде жанғанын балаларға айтқызу.
8. Күнделікті өмірмен байланыстыру. Егер пештегі ағаштың , көмірдің жануын күшейту керек болса, оған ауаның мол кіретіндей ету керек.
Мысалы ,ақырын жанып жатқан отты үрлесен , ауа мол кіріп, жану күшейеді. Егер жанып тұрған отқа ауа жібермесен , ол сөнеді. (Көрсету.)
Бөлмеде өрт бола қалса, оның үстіне көрпе жаба салу керек, не су құю керек.
9. Сергіту сәті. 10. Кестені толтыру.
Білемін | Білдім |
Ауа түссіз, мөлдір. Ауа орын алады. | Ауа сығылады, серпіледі. Ауа жануды қолдайды. |
11. Сұрақ . От жанғанда не шығады ? Түтін.
12. Бес жолды өлең.
1. Не? Ауа.
2. Қандай ?Түссіз, мөлдір.
3. Нестейді? Сығылады, серпіледі, көрінбейді.
4. Сөйлем: Ауа бізді қоршап тұр.
5. Синонимі: Оттегі.
***
Сабақтың толық нұсқасын, көрнекіліктерімен (плф, прз) бірге көшіріп алыңыз.
Ұқсас тақырыптар:
- Қазақ тілі_Бастауыш 4-сынып. Уақыт. Сағат неше?
- Бейнелеу өнері-3сынып. «Сәндік қолданбалы өнер. Сырмақ.»
- Ана тілі 4-сынып. Әзиза Нұрмаханова «Шығыс шынары».
- Бастауыш 1-сынып. Қазақстан картасы
- Бастауыш. Етікші. 2 сынып әдебиеттік оқу.
- 92* 4 және 368:4 түріндегі көбейту және бөлу.
- Математика 4 класс. «Умножение и деление вида 242*4, 968:4»
- Авторлық әдістеме: Бастауыш сыныптың қазақ тілі сабағында «Дамыта оқыту технологиясы» арқылы оқушылардың жалпы қабілетін дамыту тәжірибесінен»
- Математика:3 сынып. Сандарды 3 есе арттыру, 3 есе кеміту.
- Биология. Ауыз қуысында астың қортылуы.