10 Август 2011 – 18:58 | 43 пікір

Құрметті ИНФОРМАТИКТЕР!
Cайтымыз сіздердің арқаларыңызда, аз уақытта Қазақстандағы ең танымал сайттардың біріне айналып келеді. Кейбір қазақ тілді сайттар өз контенттерін біздің сайтқа қарап өзгертіп қолданушыларын да көбейтті. Біздің үлгімізбен біршама жаңа сайттар ашылды. Соған қарағанда Информатик …

Толығырақ »
Информатика

Бәрі информатикаға байланысты

Педагогика

Тәлім-тәрбиеге байланысты материалдар

Басқа пәндер

Ұстаздар шығармашылығы

Оқушылар шығармашылығы

Басты бет » Сыныптан тыс жұмыстар, Тәрбие сағаттар

Бастауыш. Ертеңгілік.Тақырыбы: «Заман тозбайды-ұрпақ азбайды.»

Опубликовал inust в 24 Сентябрь 2012 – 08:24Пікір жоқ
Бұл мақала 638 рет оқылды, 10 рет бүгін

БКО  Каратөбе ауданы Жусандыой ауылы, Жамбыл орта жалпы білім беретін мектеп-балабақшасы Бастауыш пән бірлестік жетекшісі Касимов Казбек Рыскалиевич.

Осы автордың басқа да методикалық жұмыстары.

Мақсаты:
БМ:
Оқушыларға дәл қазір адамзат ұрпағына төніп тұрған әр түрлі жаман аурудың, әсіресе нашақорлықтың зиянын, оның пайда болуын, қоғамға, адамдарға келтіретін зардаптарын түсіндіру,ашып көрсету.
ДМ: Оқушылардың өмірге, әсіресе, адамзат ұрпағына деген аяушылық сезімін, аурудың алдын алуды үйрету, санитарлық-гигиеналық талаптарға сай болуын қалыптастыру дамыту.
ТМ: Жағымсыз әдеттерден аулақ болуға, жеке бас гигиенасын сақтауға, денсаулығын күтуге, спортпен шұғылдануға, салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Плакаттар т.б.

Өтілу барысы:
І-ж: Құрметті ұстаздар, оқушылар, қонақтар!
« Заман тозбайды-ұрпақ азбайды» атты бастауыш сыныптарға арналған ертеңгілігімізді назарларыңызға ұсынамыз.
Үшінші мыңжылдықтың түлегіміз,
Барысымын бай өлке гүл еліміз.
Қасиетті тұғырдың қыранымыз,
Жалған кеткен бабалар жүрегіміз.
Үрейлі нашақорлық қауіп дерті,
Айырылған сұлулықтан адам көркі.

ІІ-ж: - Олай болса, бүгінгі ертеңгілігімізде «Денсаулық» тобы, «Ептілер,күштілер» тобы,
« Тазалық-әдемілер» тобы өнерлерін тамашалаймыз.
І-ж: -Енді әр топтың таныстыру сәтіне кезек береміз.

Іт. Біздің топтың аты: «Денсаулық»
Ұранымыз : « Ауырып ем іздегенше, ауырматын жол ізде»

ІІт. Біздің топтың аты: « Ептілер, күштілер»
Ұранымыз : « Шынықсаң шымыр боларсың»

ІІІт. Біздің топтың аты: « Тазалық»
Ұранымыз : « Тазалық-денсаулық кепілі»

ІІ-ж: «Бірінші байлық-денсаулық» деп халқымыз айтқандай, қазіргі заманда ең бірінші алға қойған мақсат-міндеттердің бірі әр адамның халахуалы «Қазақстан-2030» бағдарламасында көрсетілгендей, өркениетті елдің әрбір азаматы дені сау, салауатты болуы шарт. Олай болса адам ағзасына кері әсер ететін жаман әдеттің бірі шылым шегу туралы не айтар екен. «Денсаулық» тобына кезек берейік

Іт: - Алғашқы кезде темекі өсімдік ретінде Испанияда өсірілген деген болжам бар. Темекі түтінінің құрамында ағзаға зиянды 1200-дей зат бар. Оның ең зияндысы-Никотин. Кей балалардың темекі тартуды есею деп санауына мен қосылмаймын.

-         темекі тарту денсаулыққа зиян. Ол адам ағзасына, өкпеге, тыныс жолдарына зардабын тигізеді. Темекі тартатындар жиі жөтеледі. Ағзаға никотинге әуестенеді де уланады. Темекі тартпаса, тұра алмайды. Өзін жағымсыз әрекеттерге тәуелді етеді.

І-ж: - Иә, құрметті оқушылар 21 ғасыр қасіреті есірткі құмарлықтың біздің елімізде етек жеңін жайып салып, жас өмірді уландыруда. Есірткі-жас өмірді уландырушы. Ендеше, « Ептілер,күштілер» тобы есірткі туралы неайтар екен, құлақ түріп тыңдап көрелік.

ІІТ. – Қазіргі нашаның көп тараған түрі-героин, ақ ұнтақ. Одан адам санасы тез уланады. Ол адам ағзасының жүйке жүйесін улайды. Есірткінің зардабынан адам қалай тез өліп кететінін білмейде қалады.

-         Нашақорлықты басқаша « мидың қатерлі рагы» деуге болады. Есірткі –грекше наркоз, ұйықтату, ұйқымен ұмыттыру, жансыздандыру деген мағына береді.

Есірткі дегеніміз- бұл адамның көңіл күйін
Толық нұсқасын көрнекіліктерімен бірге көшіріп алыңыз.

Ұқсас тақырыптар:

Оставьте комментарий

Добавьте комментарий ниже или обратную ссылку со своего сайта. Вы можете также подписаться на эти комментарии по RSS.

Всего хорошего. Не мусорите. Будьте в топе. Не спамьте.

Вы можете использовать коды HTML:
<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

На сайте используются Gravatar. Чтобы его получить зарегистрируйтесь Gravatar.