И-8. Мәтіндік процессор Microsoft Word.
Татбенова Алтын Ізбанқызы. Атырау облыстық Ж.Досмухамбетов атындағы лицей информатика пәні мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Мәтіндік процессор Microsoft Word.
Мақсаты:
Білімділік: Microsoft Word мәтіндік процессорында құжаттармен жан-жақты жұмыс істей алу мүмкіндіктерін меңгерту.
Дамытушылық: Ойларын жинақтай білуге үйретіп, компьютерлік сауаттылығын дамыту.
Тәрбиелік: Өз бетінше ізденуге, жауапкершілікке, өзін ұстай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілік құрал: интерактивті тақта, дербес компьютер, Activvote құрылғысы, қима қағаздары. Сабақтың толық нұсқасын көшіріп алыңыз:
Сабақтың типі: жаңа білім беру
Сабақтың әдісі: СТО әдістері: үш қадамды сұхбат, ЖИГСО ІІ әдісі
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
ІV. Сабақты қорыту.
V. Үй тапсырмасын беру.
VІ. Бағалау.
Күтілетін нәтиже:
- Оқушылар Microsoft Word мәтіндік процессорында еркін жұмыс істей алады.
- Оқушылар дербес компьютермен, интерактивті тақтамен, Activvote құрылғысымен еркін жұмыс істей алу дағдыларын қалыптастырады.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
а) Оқушылардың көңілін сабаққа аудару. б)оқушыларды 1,2 деп санатқызып екі топқа бөлу.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
О
- («Үш қадамды сұхбат» арқылы сұрау)
М Х
1 топ
- Архивтеу және архивтеуші программалардың түрлерін ата.
- Қандай Microsoft Office-тік программаларды білесіңдер?
- Office бойынша Көмекшінің іс-әрекетін баптау.
2 топ
- Мәтіндік құжаттар жасауға және олармен жұмыс істеуге арналған программалық өнімдер қандай топтарға бөлінеді?
- Компьютерлік вирус және антивирустық программаларды ата.
- Операциялық жүйе дегеніміз не?
ІІІ. Жаңа сабақ.Хабарландыру,анықтама,қолхат ,сынып журналы,күнделік . /ЖИГСО ІІ әдісі/
1. Жанұя мүшелеріне мәтіндер тарату, №1, 2, 3, 4
Екі топтың барлық мүшелерін 1, 2, 3, 4 деп санатып, 1-мәтінді 2 топтың №1 оқушыларына, 2-мәтінді 2 топтың №2 оқушыларына, 3-мәтінді 2 топтың №3 оқушыларына, 4-мәтінді 2 топтың №4 оқушыларына таратып беру.
2. Жұмысшы тобына барып талқылайды.
(1, 1), (2, 2), (3, 3), (4,4)
Ең маңызды жағдайды қағаз бетіне түсіріп, магниттік тақтаға іледі.
Сосын қорғау жұмысын практикамен ұштастырады. (Интерактивті тақтадан көрсету арқылы)
3. Жанұяға оралады.
Әрқайсысы көрген білгенін ортаға салады.
Жеке тапсырма: (оқушыларды компьютерге отырғызу)
Сабақтың толық нұсқасын көшіріп алыңыз:
Ұқсас тақырыптар:
- Инф-10. Мәтіндік процессор Microsoft Word. Excel кестелік редакторының графикалық мүмкіндіктері (екі сабақ).
- И-8. Microsoft Word –ты іске қосу. Мәтіндік құжат құру.
- Microsoft Word мәтіндік процессоры
- Информатика пәні 7-8-10-сынып бойынша жыл стандарты
- Microsoft Access бағдарламасымен танысу
- Кестелермен жұмыс (гимназия-7сын. мектеп-8сын).
- “Оқыту-тәрбиелеу үрдісінде интерактивті оқыту құралдарын тиімді қолдану жолдары және оның пайдасы”
- Информатика. «Үздік информатик» (стс).
- Үздік информатик (стс).
- Информатика-8. Құжатты пішімдеу §7.4
сабагыныз жаксы екен мааган оте унады
рахмет сизге