10 Август 2011 – 18:58 | 44 пікір

Құрметті ИНФОРМАТИКТЕР!
Cайтымыз сіздердің арқаларыңызда, аз уақытта Қазақстандағы ең танымал сайттардың біріне айналып келеді. Кейбір қазақ тілді сайттар өз контенттерін біздің сайтқа қарап өзгертіп қолданушыларын да көбейтті. Біздің үлгімізбен біршама жаңа сайттар ашылды. Соған қарағанда Информатик …

Толығырақ »
Информатика

Бәрі информатикаға байланысты

Педагогика

Тәлім-тәрбиеге байланысты материалдар

Басқа пәндер

Ұстаздар шығармашылығы

Оқушылар шығармашылығы

Басты бет » Информатика

Информатика. «Тапқыр информатик»

Опубликовал Имангазиева Жулдыз в 20 Май 2012 – 13:10Пікір жоқ
Бұл мақала 1072 рет оқылды, 18 рет бүгін

№3 орта жалпы білім беретін қазақ мектебінің  информатика пәнінің мұғалімі Имангазиева Жулдыз Калиоллақызы

Сыныбы: 7,8

Тақырыбы:

Мақсаты:
1. Информатика сабағында алынған білімді бекіту; алгортимдік ойлау машықтарын қалыптастыру; логикалық ойлауды дамыту;оқушылардың информатикаға деген қызығушылықтарын арттыру; оқушылардың білімін тереңдету; компьютермен дұмыс машықтарын меңгерту;

2.Ой еңбегін қалыптастыру; жүйелі жұмыс жасауды қалыптастыру және өз ойын нақты әрі сауатты білдіруге үйрету; ұжымда жұмыс жасау машықтарын дамыту;

3.Ойлау әрекеті бойынша жұмысты қалыптастыру; салыстыру; жүйелендіру, талдау және алынған білімді пайдалану.

Түрі: қайталау, жарыс

Әдісі: топтық, жеке

Пәнаралық байланыс: математика, ағылшын, сурет

Көрнекілігі: компьютер, интерактивті тақта, планшет, Activstuduo бағдарламасы флипчарт, FrontPade бағдарламасы.

 

Барысы:

 

1.Кім білгір / сұрақ жауап/

2. Уақытты үнемдей білейік

3. Қиял әлемінде / сурет салу/

4 Балдырғанның бал тілі.

5. Тапқырлар /Қаталерді анықтап мәтінді теру/

6. Финал. «Тапқыр болсаң шешіп көр»

 

Әділ – қазылар алқаларымен таныстыру.

  1. Аты бар байттар тізбегі? (файл)
  2. Қағаздағы көріністі экранға түсіруші? (сканер)
  3. Калькулятордың неше түрі бар? (2)
  4. Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынас? (интерфейс)
  5. Дүниежүзілік желі? (интернет)
  6. Windows дегеніміз не? (операциялық жүйе)
  7. зиянкес программа? (вирус)
  8. Келесі жолға өту пернесі? (enter)
  9. компакт-диск оқу құрылғысы? (CD-ROM)

10.  Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрал? (компьютер)
11.  Объектілер қоймасы? (қапшық)
12.  Латынның  «information» сөзі нені білдіреді? (ақпарат)
13.  Адам көзі мен монитор арасындағы арақашықтық қанша болуы керек? (70 см)
14.  Жақтаулармен шектелген экрандағы тіктөртбұрышты аймақ (терезе)
15.  Бір килобайт қанша байтқа тең? (1024 байт)
16.  Меңзердің сол жағындағы символды өшіретін перне (BackSpace)

  1. Компьютердің миы. (Процессор).
  2. Компьютердің ішкі жады. (Жедел жад)
  3. Компьтердің экранына ақпарат қандай құрылғының көмегімен шығады? (Монитор)
  4. Принтердің неше түрі бар? (3 түрі)
  5. Қағаздағы кескінді түсіріп дисплей экранына шығаруға арналған құрылғы. (Сканер)
  6. Іске қосу- батырмасын ата. (Пуск)
  7. Әр түрлі графикалық кескіндерді салуға, редакциялауға мүмкіндік беретін бағдарлама. (Paint)
  8. Баспа құралы. (Принтер)
  9. Бүкіл жер шарын қамтитын көптеген әр түрлі компьютерлер және компьютерлік желілердің жиынтығы. (Интернет)
  10. Әр түрлі қорларды, мысалы, бағдарламаларды, құжаттарды  және принтерлерді брігіп пайдалану үшін бір-бірімен жалғастырылған компьютерлер тобы. (компьютерлік желі)

1.  Жалған немесе ақиқат болуы мүмкін қандай да бір пайымдау. (Пікір)
2.  Есептеуіш машиналар неше түрге бөлінеді? (4 түрге)
3.  Дербес компьютер неше топқа бөлінеді? (3 топқа)
4.  Процессор қандай қызмет атқарады? (Қозғалтқыш)
5.  Компьютер іске қосылған кезде жүктелетін және оның барлық құрылғыларының жұмысын басқаратын арнайы программа. (Операциялық жүйе)
6.  Көбейтілуге және басқа компьютерге жұғуға қабілетті, өлшемі шағын арнайы компьютерлік бағдарлама.    (Компьютерлік вирус)
7.  Вирустарды жоюға және табуға мүмкіндік беретін программа.  (Антивирустық программа)
8.  Компьютерге мәтін енгізу құрылғысы.   (Пернетақта)
9. Интернетке телефон арқылы шығу құрылғысы.   (Модем).

2. Уақытты үнемдей білейік

Өсу ретімен орналастыр

Мегабайт                    010

Байт                           111

Килобайт                  100

Бит                            101

Гигабайт                  110

011

3. Қиял әлемінде / сурет салу/ Paint бағдарламасынан сурет салу

4. «Балдырғанның бал тілі» ойыны.

Тереземен басқару батырмаларына байланысты  «Балдырғанның бал тілі» ойыны.

  1. Үш отау ауылдың шетінде орналасқан, олар сол ауылды басқарады.
  2. Бірінші отаудың есігін қақсаң, ауыл түгел оранып жатып алады.
  3. Екінші отаудың есігін қақсаң, жайылып қалпына келеді.
  4. Үшінші отаудың есігін қақсаң, есіктерін тіпті тас қылып жауып алады.

Принтерге байланысты «Балдырғанның бал тілі» ойыны.

  1. Оның үш түрі бар.
  2. Оның кейбіреулері инемен жұмыс істегенді ұнатады.
  3. Оның істеген жұмысының нәтижесін тек қағаздан ғана көруге болады.

Күшейткішке байланысты «Балдырғанның бал тілі» ойыны.

  1. Оларды компьютердің қосымша бөліктері деп атайды.
  2. Олар ағалы-інілі.
  3. Олар сыбырлап та, айқайлап та сөйлейді.

5. Қателерді анықтау.

Бір бала компьютерде қалай жұмыс істегені жайлы әңгіме жазыпты.Сол әңгімені оқып, оның неше қате жібергенін анықтаңдар.

1)    Мен компьютерде жұмыс істегенде, міндетті түрде монитор мен сканерді іске қосамын. Тышқанмен әріптерді теріп, сурет салу керек болса, сканерді пайдаланамын.Компьютерге дайын мәтінді қолдан енгізбеу үшін джойстикті қолданамын.Ал мәтінді басып алу үшін жүйелік блокка қағаз саламын.Принтер арқылы әндерді тыңдап, динамик деп аталатын плоттерде құжаттарымды сақтаймын.

Жауабы:     9 қате жіберілген.

  1. монитор мен жүйелік блокты іске қосу қажет;
  2. әріптер пернетақта арқылы теріледі;
  3. сканер сурет салу үшін емес, оны енгізу үшін қолданылады.
  4. компьютерге дайын мәтінді жылдам енгізуде сканер пайдаланылады.
  5. мәтінді басып алу үшін принтерге қағаз салады.
  6. ән тыңдау үшін динамик немесе құлаққалқан керек;
  7. құжаттар компьютердің сыртқы жадында сақталады;
  8. плоттердің екінші аты – графиксызғыш құрылғы.

3. Мен компьютерде жұмыс істегенді ұнатамын. Меңінше, суреттер салу үшін ең ыңғайлы программа Word графикалық редакторды шығар. Ол арқылы мен тек сурет салып қана қоймай, оның кез келген бөлігін бояймын.Оған қосса осы программа арқылы мәліметтерді есте сақтаймын. Өз жұмысымның нәтижелерін мен векторлық  bmp форматында сақтаймын.Жауабы: 3 қате жіберілген.

  1. Word графикалық редактор емес.
  2. Word – та суреттің кез келген бөлігін бояу оңай емес.
  3. Графикалық bmp форматы векторлық форматқа жатпайды.
  4. 5. Финал. «Тапқыр болсаң шешіп көр»

Ал, енді тапқыр болсаң, мына есепті шеш.

1 тапсырма. Мен 10001 жасымда мектеп бітірдім,

ал 10110 жасымда академия бітіріп,

электронды сарайды қызмет еттім.

Ол кезде сендер бар болғаны 111 жастасыңдар.

11110 жасымда ғылыммен айналысып, 11 жылдан кейін ВИРУС атанып сиқырға ұшырадым.Мені сиқырдан құтқару үшін осы есепті шешу керек.

Шешуі:

10001 - 17 жас

111 - 7 жас

10110- 22 жас

11110- 30 жас

11- 3жыл.

Сонымен 17 жасында мектеп бітірген. Ол кезде  сендер 7 жастасыңдар. 22 жасында академия бітіріп, 30 жасында ғылыммен айналысқан. 3 жылдан кейін Вирус атанған. Сонда 33 жасында ВИРУС атанған.

2 тапсырма:

  1. Автобуста 4 жолаушы бар.1аялдамадан 2 жолаушы мінді, 2 аялдамадан 1-еуі түсіп 3-еуі мінді, келесі аялдамадан 4-еуі мініп 2-еуі түсті, келесіден 3-еуі мініп 1-еуі түсті, сонан соң 5-еуі түсіп 4-еуі мінді.Автобус неше аялдама жүрді?
  2. Әртіс Сұлтанның мойнына оның әйелі Майра, екі ересек қыздары – Айман мен Шолпан және үш кішкентай ұлдары – Алдияр, Мадияр және Шадияр отырады.Цирк әртісінің мойнында қанша адам отыр.
  3. Мұраттың 10 қойы бар. Тоғызынан басқасы өліп қалды.Қанша қойы қалды.
  4. Сіз Астанадан Анкараға ұшатын ұшақтың ұшқысысыз.Ұшақ Астанадан Анкараға 2 ауысым жасап ұшады.Ұшқыштың жасы нешеде?
  5. Әдетте ай 30 немесе 31 сандарымен аяқталады.Қай айда 28 саны бар?
  6. Қолдарыңда он саусақ бар.10 қолда неше саусақ бар?
  7. Австралияда 7 қазан күні бар ма?
  8. Таяқты 12 бөлікке бөлу үшін, неше рет кесу керек?

Жауабы:

1 5 аялдама; 5 Барлық айда 28 саны бар;
2 6 адам; 6 50 саусақ;
3 9 қой; 7 әрине бар;
4 Жауап берушінің жасына тең; 8 11 рет кесу керек;

Қорытынды марапаттау.

Батыс Қазақстан облысы

Жаңақала ауданы

Жаңақала ауылы

 

 

Ұқсас тақырыптар:

Оставьте комментарий

Добавьте комментарий ниже или обратную ссылку со своего сайта. Вы можете также подписаться на эти комментарии по RSS.

Всего хорошего. Не мусорите. Будьте в топе. Не спамьте.

Вы можете использовать коды HTML:
<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

На сайте используются Gravatar. Чтобы его получить зарегистрируйтесь Gravatar.