10 Август 2011 – 18:58 | 40 пікір

Құрметті ИНФОРМАТИКТЕР!
Cайтымыз сіздердің арқаларыңызда, аз уақытта Қазақстандағы ең танымал сайттардың біріне айналып келеді. Кейбір қазақ тілді сайттар өз контенттерін біздің сайтқа қарап өзгертіп қолданушыларын да көбейтті. Біздің үлгімізбен біршама жаңа сайттар ашылды. Соған қарағанда Информатик …

Толығырақ »
Информатика

Бәрі информатикаға байланысты

Педагогика

Тәлім-тәрбиеге байланысты материалдар

Басқа пәндер

Ұстаздар шығармашылығы

Оқушылар шығармашылығы

Басты бет » Информатика

Бабалар мұрасы – ұрпаққа байлық.

Опубликовал inust в 24 Апрель 2012 – 09:46Пікір жоқ
Бұл мақала 95 рет оқылды, 3 рет бүгін

Гүлмира Түгелбаева.

I.Тәрбие сағатының тақырыбы:

II.Тәрбие сағатының мақсаты:

1.Білімділік мақсаты: Кешегі өткен қариялардың, ғұлама, ойшылдар мен сал-серілерден мұра ,мирас болып қалған ғибрат аларлық даналық сөздерді оқушыларға ұғындыру, сол сөздерден өнеге алуға баулу

2.Тәрбиелік мақсаты: Осы ұлағатты сөздерді оқушыларға ұғындыру арқылы, олардан өнеге ала отырып, оқушылардың бойына ізгі адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру . Имандылыққа, ізгілікке, инабаттылыққа тәрбиелеу.

3.Дамытушылық мақсаты: Осы халқымыздың ұрпақтан – ұрпақты шешен сөйлеуге баулу. Ой өрістерін дамыту. Дүниетанымдарын кеңейту.

III.Тәрбие сағатының көрнекілігі: Ұлы ғұламалардың суреттер арқылы жасалған буклет, би-шешендердің суреттері, плакаттар, қазақы бұйымдар «Даналардан шыққан сөз», «Шешендік шымырлар», «Қазақтың би—шешендері».

IV.Тәрбие сағатының жүрісі:

Жоспары:

1. Ата тәлімі.

2. Ескірмейтін ескі сөз.

3. Сен білесің бе?

 

1. Мұғалім сөзі:

Жұмыр жерді мекендеген халықтардың, ел-жұрттардың қай-қайсысының да ғасырлар бойы сұрыпталып, інжу-маржандай асыл, ұлағатты, шешендік, даналық сөздері болады. Тіл байлығының алтын қоры саналатын осынау ғибратты сөздер өмір шындығын, халықтың тұрмыс салты мен тіршілігін, психологиясын тайға таңба басқандай дәл шебер етіп бейнелейді. Бізүлкен болайық, кіші болайық, бәріміз - талай-талай тәлімнің тәліміміз. Бағзы заманда көз жұмған арғы бабаларымыз, үлкен әкелеріміз бен әжелеріміз мәңгі өшпес ізгі дәстүрдің өнегесімен біздің баулып жатыр,баули да береді. Тіршілік етуші әрбір жан тәжірибе жияды, оны топтан саралап түйіндейді, осы қазыананы өзгелерге таратады,игілігіне асырады. Ең берекелі, ең парасатты тәжірибе – әрине, халық түйген тұжырымдар, шешендік сөздер, дамыған даналық дәстүрлер, ұстаздық ойлар.

Қазақ жұрты жаратылысынан шешендік өнерге бейім халық. Халық арасында от ауызды, орақ тілді, қара қылды қақа жара әділ билік айтатын Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, Едіге би, Тайкелтір би, Сырым, Малайсары сияқты беделді, би –шешендеріміз болған. Ендігі кезекте бірінші бөліміміз «Ата тәліміне тоқталамыз.»

1 – бөлім. І. ата тәлімі.

Билерауылынан көрініс:

«Бірлігі кеткен ел жаман»

1.Шешендік сөздер: а) «Дүниеде не өлмейді?»

ә) «Жерден ауыр не?» (Бала би туралы)

б) «Төле бидің шешендік сөздері.»

2. Дәлеткереәдің күй. Орындайтын Мархабаева Гүлжамила

2 – бөлім. ІІ Ескермейтін есті сөз.

Бұл бөлімде даналардан шыққан небір нақыл өсиет сөздер айтылады.

Адамзат тарихының түрлі кезеңдерінде әр өлке, әр елде өмір сүрген атақты білімпаз, ақылгөй даналар, ғұламалар айтып, жазып қалдырған, уақыт елегінен өтіп, ұрпақтар зердесіне ұялаған ұлағатты нақылдар ұшан теңіз.

Нақыл сөздер атадан балаға сонау ерте замандардан бері айтылып, ұрпақтан - ұрпаққа сұрыпталып, беріліп келеді.Құмнан шайып алған алтын түйіріндей тарих сүзгісінен шыққан сол асыл ойлы, айшықты сөздерді әрқайсысымыздың білуіміз керек.

Енді сол даналарымыздың қалдырған нақыл сөздерді айтып көрсек.

1 – оқушы: Адамда жақсы қасиет болмаса оған бақ та, бақытта қонбайды.

Жүсіп Баласағұни.

2 – оқушы: Бас аман болса, бөрік табылады. Қорқыт ата

3 – оқушы: Жігіттің дені сау болса,сол – дәулет. Құтып.

4 – оқушы:Сау адам біреудің жарасы ауырып отырғанын білмейді. Саир Сараии

5 – оқушы: Түсіне қарама, ісіне қара. Махмуд Қашқари

6 – оқушы: Шешен кісі сөзбастар

Адал кісі – ел бастар. Жамбыл Жабаев

7-оқушы: Өмірде құны ескірмес,

Бағасы құндыасылсөз. Сүйінбай Аронұлы.

8 – оқушы: Жаманға айтқан ақылың

Ағып жатқан селмен тең. Шал ақын

9 – оқушы: Жаман жігіт езбе болады. Сүйінбай Аронұлы.

10 – оқушы:Адамды дәреже жеткізбейді, білім жеткізеді. Әбдірахман Жәми.

3 - бөлім. III. Сен білесіңбе?

Бұл бөлімге дайындалу балалардың өздеріне тапсырылған еді. Күнделікті өмірде ата – әжелерің айтып отыратын ырым – тыйым сөздер, ненің жақсы, ненің жаман екенін білдіретін сөздерді, мақал – мәтелдерді кім көп біледі екен.

Ырым- тыйым сөздер.

1. Уйге қарай жүгірме.

2. Айға қарап қолыңды шошайтпа.

3. Күлді баспа.

4. Тізеңді құшақтама.

5. Итті теппе.

6. Жұма күні кір жума.

7. Кемтар адамға күлме.

8. Дастарханды баспа.

9. Бос бесікті тербетпе.

10. Үйді айналып жүгірме.

 

1.Үш жұрт,үш даусыз, үш арсыз, үш қуат, үш жүз, үш көз.

2. Төрт қылыш, төрт кітап.

3. Бес асыл, бес дұшпан, бес парыз, бес қару.

4. Жеті жоқ, жеті жұт, жеті қазына, жеті ата.

 

II. Қандай мақал – мәтелдер білеміз?

Ү. Қорытынды:

Мұғалім сөзі.

Көп жасаған қария

Ақылы теңіз дария

Көп өнеге сөзі бар

Сөзі соқпақ, өзі нәр.

Міне оқушылар сендер тәлім – тәрбие аларлықтай даналық сөздер мен шешендік сөздер мен таныстыңдар. Бүгінгі тәрбие сағатымызда қамтылған осындай мол мұраны өзімізге байлық етіп, қолымызға құрал етіп, ұлттық қасиеттерін дәріптеп, тіліміздің ту болып көтерілуіне қолдан келгенше үлес қосуымыз керек. Осымен бүгінгі болып отырған « Бабалар мұрасы – ұрпаққа байлық » атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

Соңы.

Ұқсас тақырыптар:

Оставьте комментарий

Добавьте комментарий ниже или обратную ссылку со своего сайта. Вы можете также подписаться на эти комментарии по RSS.

Всего хорошего. Не мусорите. Будьте в топе. Не спамьте.

Вы можете использовать коды HTML:
<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

На сайте используются Gravatar. Чтобы его получить зарегистрируйтесь Gravatar.