Бастауыш сынып. «Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер»
Қызылорда облысы Шиелі ауданы №127 Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Рахманбергенова Айнұр
Мақсаты:
1. Оқушыларға мәтіндегі негізгі ойды жеткізу.Үлкендердің қадір-қасиетін ұғандыру.
2. Өз ойларын толық айта алуға, сұраққа дұрыс,нақты жауап беруге дағдыландыру. Сөздік қорын байту.
3.Үлкенді сыйлауға, қамқорлық жасауға, оларға қол ұшын беруге тәрбиелеу.
Әдісі: Әңгімелесу, топтау, түсіндіру, көрнекілік, тест.
Түрі: Аралас сабақ.
Көрнекілігі: Интербелсенді тақта.
Өтілетін орны: Информатика бөлмесі.
Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың назарларын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Оқушылардан үй тапсырмасы тізбектей айту арқылы сұралады. Әр болған оқушы тақтада тұрған суреттердің бірін таңдайды. Ол суреттің артында сұрақтар жасырынған. Сұрақ үнтаспада оқылады және дұрыс жауабы тыңдалады.
1.Халық жігіт адамның неше жұрты бар дейді? Оларды ата.
2. «Өз жұрты» деп кімдерді айтады?(Өзінің ата-әжесі, әке-шешесі, әпкес, іні-қарындасы)
3. «Нағашы жұрты» деп кімдерді айтады?(Өз шешесінің төркін жұрты)
4. «Бөле» деген кім? Сенің бөлең бар ма?(Апалы-сіңлілі қыздардың балалары)
5. Сенің анаңның анасы әкеңнің анасына кім болады?(Құдағай)
6. Анаңның сіңлісі әкеңе кім болады?(Балдыз)
7. Сен нағашыларыңа кім боласың? (Жиен)
8. Апалы-сіңлілі қыздарға үйленген жігіттер бір-біріне кім болады? (Бажа)
ІІІ. Үй тапсырмасымен байланыстыра отырып, жаңа тақырыпты түсіндіру.
Дәптермен жұмыс.
Күн реті мен тақырып жазылады.
Бала- ата-ананың ұрпағы, өмірінің жалғасы. Олар бізге өмір сыйлады.Сондықтан да біз оларға қарыздармыз. Қазақта «Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да парызың өтелмейді» деген сөз бар. Өткен тақырыпта айтылған, «Біз адамдарға ата-аналарына жақсылық жасауды бұйырдық» деген Құран Кәрімнен алынған, «Кәмелетке толған, еңбекке қабілетті балалар еңбекке жарамсыз та-анасына қамқорлық жасауға міндетті» деген Ата Заңымыздан алынған сөздер әр баланың жүрегінен орын алуы керек.
Ата-ананы, жалпы үлкендерді сыйлау- қазақ халқының ата-салты. Үлкенді сыйлау өз отбасындағы үлкендерді сыйлаудан басталады. Оны білмейтін бала басқа адамдарды да сыйлай алмайды.
Үлкендер амандасқанда «Бала-шағаң аман ба?Үлкен жігіт болды ма?» - деп сұрайды. Адамның тек жасына қарап емес, ісін бағалап та жігіт қатарына қосады. Ол егер ата-анасына қамқорлық жасаса, оның жігіт болғаны. Әке-шеше қартайғанда олардың бойынан күші кетеді. Бірақ олардың ақылы басқаларға көп көмегін тигізеді. Себебі олардың көрген-білгендері, іс-тәжірибелері мол. Сондықтан олардың ақылын тыңдап, пікірлескен жөн.
Осыған байланысты аңыз айтып берейін. (Аңыз суреттері интербелсенді тақтада көрсетіле отырып үнтаспада айтылады)
– Аңыз ұнады ма?
– Не ұқтыңдар?
– Үлкеннің көмегінсіз, ақылынсыз дұрыс шешім қабылдай аламыз ба?
Біз бәрін үлкендерден үйренеміз. «Атаға қарап ұл өсер, анаға қарап қыз өсер» деген осыдан шығады. Ата-анасын сыйлдаған жастардың өз балалары да кейін соны қайталайды. «Ана сүтін ақтамағанды,ешкім мақтамайды» деген сөз бар.
Тағы қандай отбасына қатысты мақал-мәтелдер білесіңдер?
Дәптермен жұмыс:
Дәптерлеріне оқулықтағы мақалдарды жаздыру.
Ана сүтін ақтамағанды,
Ешкім мақтамайды.
Атаға қарап ұл өсер,
Анаға қарап қыз өсет.
Әр мақалдың мағынасын оқушылардан сұрау және толықтыру.
Оқушылар мәтінді тізбектей оқиды.
ІV. Қорытындылау.
Тест тапсырмасын орындау.
1.Сөздерді оқып, бір сөзбен ата: ата, әже, әке, шеше, бала…
А) Адамдар;
Ә) Отан;
Б) Отбасы.
2. Мақалды жалғастыр.Анасын сыйламағаннан … .
А) без.
Ә) Жақсы адам шығады.
Әр тапсырма интербелсенди тақтада шығады. Оқушылар дұрыс жауабын таңдайды. Үнтаспадан дұрыс немесе бұрыс екендігі айтылад.
– Сонымен, балалар, бізді өмірге әкелуші, асыраушы, қамқоршымыз, оқытатын, үлкен азамат болғанша демеп жүретін кім екен? Әрине ата-ана.
Қазіргі кезде үлкен қалаларда «Қарттар үйі» деп аталатын үйлер пайда болуда. Қалай ойлайсыңдар, онда кімдер болады және не үшін? Ол үйде асыраушысы жоқ қарттар немесе өз баласы тастап кеткен қарттар өмір сүреді. Бұл дұрыс па?
Міне, кейбір ата-анасының қадірін түсінбейтін жастар осындай іске барады. Олар ата-аналарының бар еңбегі мен қадірін түсінбеген жандар.Мұндай жаман әдеттен сақ болайық!
V. Үйге тапсырма: Мазмұнын айту. Оқушыларды екі топқа бөліп тапсырма беру.
І. Өз өміріңмен байланыстыра отырып, ата-анаңың сенің өмір жолыңдағы еңбегін түсіндір.
ІІ. Ата-анаң қандай қызмет атқарады? Сен оларға қандай көмек көрсетесің?
VІ. Бағалау.
Сабақтың презентациясын көшіріп алу
Ұқсас тақырыптар:
- Мейірімділік- бала игілігі үшін
- Бабалар мұрасы – ұрпаққа байлық.
- Ана тілі. 4–сынып. А.Халимулдина, Ә.Халимулдин «Мәншүктің жұлдызды сәті»
- Салт-дәстүрге арналған сабақтар: №1 «Салтын сүйген-халқын сүйер». №2 «Сәндік құрақ құрау».
- Ашық тәрбие сағаты: Рәміздерім мақтанышым, 5-сынып.
- Сенсорлық тәрбиеге арналған дидактикалық ойындар /2-3 жасар /
- Ұсынсақ жүрек жылуын. Тәрбие сағаты.
- Сайс: «Тапқыр достар»
- Тақырыбы: «Желтоқсан шежіресі – елімнің мәртебесі»
- ТАҚЫРЫБЫ: “ХАЛЫҚ ӨНЕРІ- АСЫЛ ҚАЗЫНА” (колледжде өткізідген топ тс).