10 Август 2011 – 18:58 | 40 пікір

Құрметті ИНФОРМАТИКТЕР!
бұрынғы сайтымыз сіздердің арқаларыңызда, аз уақытта Қазақстандағы ең танымал сайттардың біріне айналып еді. Кейбір қазақ тілді сайттар өз контенттерін біздің сайтқа қарап өзгертіп қолданушыларын да көбейтті. Біздің үлгімізбен біршама жаңа сайттар ашылды. Соған қарағанда …

Толығырақ »
Информатика

Бәрі информатикаға байланысты

Педагогика

Тәлім-тәрбиеге байланысты материалдар

Басқа пәндер

Ұстаздар шығармашылығы

Оқушылар шығармашылығы

Басты бет » Бастауыш сынып, Бейнематериалдар

Ана тілі. 4–сынып. А.Халимулдина, Ә.Халимулдин «Мәншүктің жұлдызды сәті»

Опубликовал inust в 24 Апрель 2012 – 10:09Пікір жоқ
Бұл мақала 237 рет оқылды, 14 рет бүгін

Сенгалиева Самал Жеңісханқызы, Астана қаласы, №38 мектеп-лицейдің бастауыш сынып мұғалімі.

Сабақтың тақырыбы:
Білімділік мақсаты: Мәтін мазмұны арқылы Ұлы Отан соғысы жылдарындағы жан аямас қиян-кескін соғыс тауқыметін бірге көрген қаруластар достығын, ондағы ер азаматтармен қатар күрескен батыр қыз Мәншүктің ерлігін үлгі ету
Дамытушылық мақсаты: Мәнерлеп, түсініп оқу дағдысын, мәтін мазмұнын әңгімелей білуге жетелеу;
Тәрбиелік мақсаты: Ұлы Отан соғысы жылдары елі үшін жанын қиған ерлер өмірін дәріптеп, батырларға құрметтепен қарауға тәрбиелеу, мақтаныш және патриоттық сезімдерін дамыту.
Көрнекілігі: Флипчарт, Мәншүк Мәметованың суреті, соғыс суреті, карта, видео-ролик. Сабақтың флипчартын (көрнекілігін) көшіріп алыңыз.
Сабақ түрі: Танымдық – ізденіс сабақ
Сабақ типі: Білім, білік, іскерлік қалыптастыру
Әдіс-тәсілдері: баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, ой туғызу, қызығушылығын ояту, сахналау
Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі Оқушы назарын сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
М. Ғабдуллин кім?
Төлеген Тоқтаровтың ерлігі
Тағы да басқа қандай батырларды білесіз? Әңгімелеңіз (Зерттеу жұмыстары бойынша)

ІІІ. Жаңа сабақ
М. Мәметованың соғысқа дейінгі өмірімен таныстыру
Мәтінді оқу
Сөздік жұмыс
Оқушыларлың тізбектей оқуы
Cұрақтарға жауап алу

ІV. Топтық, жекелеме жұмыс
1-топ: Тақырыпты үш оқушыға бөліп әңгімелету
2-топ: Генерал Галицкий мен Мәншүктің арасында болған әңгімені рөлге бөліп оқыу, сахналау
3-топ: «Мен зерттеушімін» айдары бойынша Мәншүк туралы өзі білетін деректермен ой бөлісу

V. Сабақты бекіту.
- Мәншүк нешінші дивизияда болды?
- Бөлімше пулеметшілері қандай бұйрық алды?
- Генерал Галицкий Мәншүкпен қалай кездесті?
- Осы мәтінді оқу барысында қандай сезімде болдыңыз?

VІ. Сабақты қорытындылау
Отан ана жылағанда шерленіп,
Тапжылмаған шөгеді екен жерге бұлт.
Қара бұлтты қақ жарайық дедік те,
Қолымызға қару алдық ерленіп.

Халқымыздың қаһарман қыздары Әлия мен Мәншүк ерліктің, батырлықтың, отансүйгіштіктің тамаша үлгісін көрсетті. Қазақтың қаһарман қыздарының ерліктері жоғары бағаланып, Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Үйге тапсырма: Мәтінді әңгімелеу. Мәтін бойынша сурет салу.

Сабақтың флипчартын (көрнекілігін) көшіріп алыңыз.

Ұқсас тақырыптар:

Оставьте комментарий

Добавьте комментарий ниже или обратную ссылку со своего сайта. Вы можете также подписаться на эти комментарии по RSS.

Всего хорошего. Не мусорите. Будьте в топе. Не спамьте.

Вы можете использовать коды HTML:
<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

На сайте используются Gravatar. Чтобы его получить зарегистрируйтесь Gravatar.