10 Август 2011 – 18:58 | 40 пікір

Құрметті ИНФОРМАТИКТЕР!
Cайтымыз сіздердің арқаларыңызда, аз уақытта Қазақстандағы ең танымал сайттардың біріне айналып келеді. Кейбір қазақ тілді сайттар өз контенттерін біздің сайтқа қарап өзгертіп қолданушыларын да көбейтті. Біздің үлгімізбен біршама жаңа сайттар ашылды. Соған қарағанда Информатик …

Толығырақ »
Информатика

Бәрі информатикаға байланысты

Педагогика

Тәлім-тәрбиеге байланысты материалдар

Басқа пәндер

Ұстаздар шығармашылығы

Оқушылар шығармашылығы

Басты бет » Бейнематериалдар, Таңдаулы, Қазақ тілі мен Әдебиеті

7 сынып. Қазақ тілі орыс сыныптарында: Сан есім. Қазақстан жері.

Опубликовал inust в 13 Апрель 2012 – 09:32Пікір жоқ
Бұл мақала 381 рет оқылды, 3 рет бүгін

Бегалиева Гүлжан Тастанқызы. Жамбыл облысы, Шу қаласы, «Жібек жолы» мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.

Қазіргі таңда білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгере отырып, мұғалім жаңадан жаңаны шығарып, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастырады. Педагогикалық технологияның тиімді әдіс-тәсілдерін пайдалана білсек өз мақсатымызға жетеміз. Сабақта әдіс-тәсілдерді жүйелі пайдаланып, оқушыны дамыта оқыту мұғалім қолында.

Сабақтың тақырыбы:

Білімділік  мақсаты: Оқушылардың сан есім туралы түсініктерін кеңейту , мағыналық түрлерімен таныстыру. Дамытушылық: Оқушының жүйелі ойлау, ойын тиянақты, әсерлі жеткізу, шығармашылық ізденістерін арттыруға ықпал жасау.Тәрбиелік: Туған жерін, елін сүюге, Отанына деген патриоттық сезімін жандандыруға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан жері туралы бейне материалдар,компьютер, интерактивті тақта, сан есімнің сызбасы.
Ашық сабақтың толық нұсқасын көрнекіліктерімен бірге көшіріп алыңыз
Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап,оқулықпен жұмыс, талдау, жинақтау.
Сабақтың барысы:
Білім 2ұпай

Сабақтың мақсатын іске асыру үшін, оқушының оқудағы іс-әрекетін,ойлау дағдысын жетілдіру арқылы мақсат қою технологиясын- Блум жүйесімен жүргіземін.
-          Амандасу
-          Балалар, назарымызды интерактивті тақтаға аударып,берілген бейне материалды тамашалайық.
Мұғалім сөзі: Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, түнін сүйем.
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем.
Интеракивті тақтадан Қазақстан жері туралы бейне материалды тамашалату./музыканың сүйемелдеуімен/
- Балалар, экраннан сендер нені тамашаладыңдар?
- Қазақстанның тамаша табиғаты мен көрнекті жерлерін.
- Қалай ойлайсыңдар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы не туралы болмақ?
- Қазақстан туралы деп ойлаймыз.
- Дұрыс айтасыңдар бүгінгі сабағымыздың лексикалық тақырыбы: «Қазақстан жері»
- Ал енді назарымызды тақтаға аударайық, не көріп тұрмыз?
- Қазақстан картасын
- Қазақстанда қанша облыс бар? Кім атап береді?
- Он бес
- Біздің облыс қалай аталады?
- Жамбыл облысы
- Облысымызда неше аудан бар?
- Облысымызда он төрт аудан бар.
- Мен сабақ барысында  қандай сұрақтар қойдым?
- Қанша? Неше?
- Балалар, қанша? неше? деген сұрақтарды орыс тілінде қалай атайды?
- Сколько?
- Какая часть речи в русском языке  отвечаеть на этот вопрос?
- Чеслительное
- Чеслительное қазақ тілінде сан есім деп аталады . Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Сан есім. Бүгінгі сабағымызға өздерің қандай мақсат қоясыңдар?
- Сан есімнің мағыналық түрлерімен танысу. Қазақстан жері туралы көп мәліметтерді білу./оқушылар ойларын айтады/
- Жақсы, олай болса сабақтың барысында мына міндеттерді орындаймыз,танысып алайық..

Сабақтың міндеттері:
1. Білім 2  ұпай
Сұрақтарға жауап беру
2.Түсіну   4 ұпай

Жаңа сабақ
Сөздік жұмысы.
3.Қолдану  6 ұпай
Цифрлы диктант
Мәтінмен жұмыс.

4.Талдау  8 ұпай
Грамматикалық жұмыс.

5.Пайымдау 10 ұпай
Мақалды толықтыру
Сөздерді топтастыру

6. Бағалау  12 ұпай
Сандарды сөйлет.

Түсіну 4 ұпай
Сызба арқылы оқушыларға жаңа тақырыпты түсіндіру, орыс тіліндегі сәкестігі мен ерекшелігін байқату.

Сөздік жұмысы / Бұл жұмысты орындау барысында оқушыларға дұрыс жауабымен сәйкестендіруді ұсынамын. Одан кейін олардың дұрыс жауаптарымен таныстырамын. Бұдан олардың жаңа сөздердің ішіндегі қаншасы бұрыннан таныс екенін байқаймын/

Жалпы               общая
Шың                   вершина
Сүтқоректі         мелкопитающие
Ұсақ                    мелкий
Алуан түрлі        разнообразный
Бұлақ                   родник

Қолдану 6 ұпай

Мәтінде кездесетін сандардың дұрыс жазылуын байқау мақсатында цифрлы диктант жазуды ұсынамын

Цифрлы диктант
17000, 2700, 90, 7,5, 40000, 158, 445, 150

Мәтінмен жұмыс
1.мәтінді оқып аудару
2. Әр бөлімнің не туралы екенін әңгімелеу

Талдау 8 ұпай.

Талдау- табыс кілті. Интерактивті тақтамен жұмыс.

Грамматикалық  талдау жұмыстарының бірнеше түрлерін ұсынамын, ол талдаулар көк тудың астында жасырын тұрады. Оқушы өз таңдауымен тақтаға шығып орындайды.

1.Сегізінші деген сан есімді сөз құрамына лексика- грамматикалық мағынасына қарай талдау

2. Сөйлем мүшесіне қарай талдау
Қазақстанда емдік қасиеті анықталған үш жүз жиырма төрт өсімдік түрі бар екен.

3. Фонетикалық талдау
Тоғыз деген сан есімге фонетикалық талдау.

Жинақтау 10 ұпай.
1- тапсырма
Көп нүктенің орнына тиісті сан есімді қойып, мақалды толықтыру.
Мағынасын ашу.

  1. Батыр ……. өледі, қорқақ …….. өледі.
  2. ……. саусақ бірдей емес.

2-тапсырма.
Берілген сөздерді сан есімнің мағыналық түрлеріне қарай топтастыр.
Он бір, оныншы, бесеу, жиырма бес, елуінші, екеу, жетеу, қырық..

Пайымдау 12 ұпай
- Балалар, 3 ,5, 7 деген қандай сандар?/ тақтадан 3.5.7 деген сандар көрінеді/
-  Есептік сан есім.
- Жақсы,жалпы адамның өмірі санмен байланысты, сондықтан кейбір сандарды халық киелі сандар деп есептеген.Ал сендер осы сандарға байланысты кездесетін қандай ұғымдар мен түсініктерді білесіңдер, осыны жазып шығайық.
/оқушылар осы сандар бойынша білгендерін жазып шығады/. 3 саны – Үш жүз, Үш би . Үш арсыз  Үш байтерек. т.б   7 саны- Жеті ата. Жетікүн . Жеті су . т.б  5 саны- Бес парыз. Бес дұшпан. Бес асыл. Бес арыс т.б.

Оқушылар жазған жұмыстарын оқиды.

Сабақты қорытындылау
- Балалар,бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңдар?
- Нені білдіңдер? Нені үйрендіңдер?

Үй тапсырмасы:
Мониторинг  бағалауы.
Ашық сабақтың толық нұсқасын көрнекіліктерімен бірге көшіріп алыңыз

Ұқсас тақырыптар:

Оставьте комментарий

Добавьте комментарий ниже или обратную ссылку со своего сайта. Вы можете также подписаться на эти комментарии по RSS.

Всего хорошего. Не мусорите. Будьте в топе. Не спамьте.

Вы можете использовать коды HTML:
<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

На сайте используются Gravatar. Чтобы его получить зарегистрируйтесь Gravatar.