И-11. сж. Жасанды интеллект жүйесінің ұғымы.
Рәзия Қонақбаева.
Қызыл-Орда облысы
Информатикадан 11-сыныпқа арналған сабақ жоспарларының толық нұсқасын мына беттен көшіріп алыңыз: Сабақтар көшіру 2010. 11-сынып
Сабақтың мақсаты:
А) Білімділік: жасанды интеллект жүйесінің ұғымы туралы мәліметті оқушыға игерту
Ә) Тәрбиелік: есептеуіш техника кабинетінде қауіпсіздік ережесін сақтауды қамтамасыз ету
Б) Дамытушылық: оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың барысы
І.Ұйымдастыру кезеңі
Психологияялық дайындық
ІІ. Үй тапсырмасын бекіту
Ақпараттық жүйенің құрылымы туралы оқушыларға сұрақ қою арқылы пысықтау
ІІІ. Жаңа сабақ
ЖИ бұл модель мен тиісті бағдарламалық құралдар жасайтын ЭВМ көмегімен семантикаға жүгінуді талап етілетін үдерісте есептеу сипатындағы шығармашылық міндеттерлі шешуге мүмкіндік беретін ғылыми¬ зерттеу бағыты. ЖИ саласындағы зерттеу 30 жыл бойы жүргізуде.
ЖИ саласында жұмыстың басталуын эектронды есептеуіш машинаның жасалуынан деп есептейді, ол адамзаттың ойлау қабілетінің үдерісінің қайталауы тиіс болды.
Алпысыншы жылдардың аяғында жасанды интерелектінің міндеттерін әдістемелік шешу өзгерді, яғни адамның ойлау тәсілдері имитациясының орнына адамзат міндеттерін шешуге қабілетті бағдарламалар әзірлеу басталды, бірақ бұл машиналық бағыттаушы әдістердің базасында жүзеге асты.
Бұл кезеңнің сынақ полигоны шешімі қиын түйіндер мен ойындар болды. Бұл шешімдерді іздестірудің тұйықтығымен және шешімді іздестірудің өте күрделі стратегиясын модельдеу мүмкіндігімен түсіндіріледі.
Сонымен, бір мезгілде жасанды интелектіні жасанды ортадан ақиқатқа алып шығуға талпыныс жасалады. Сыртқы дүниені модельдеу проблемасы пайда болады. Бұл интегралды роботтардың пайда болуына әсерін тигізді. Роботтардың пайда болуы жасанды интелектіге зерттеулердің екінші сатысы деп аталады.
Жетпісінші жылдардың басында жасанды интелектіге символдық тәсіл негізінде нақты пәндік салалар шеңберінде шешімдер жасаудың эвристикалық әдістері негізінде кешенді мүмкіндік беретін адам машина жүйелерін жасау қолға алынды. Сол кезде сараптама жүйелері ерекше қарқынмен дамыды. Сараптама жүйелері әртүрлі салалардан білімді анықтауға, жинауға, түзетуге және осы білімдердің негізінде белгілі бір жағдайларда егер оңтайлы болмағанның өзінде барынша тиімді болып есептелетін шешімдерді қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Жасанды интелект пайда болуымен байланысты жаңа ғылыми пән инженерлік білім пайда болды, бұл білімдерді беру және қалыптастыру саласында зерттеулермен, оларды өңдеу эжәне жасанды интелект қолданумен айналысады.
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту
1. Жасанды интеллект жүйесінің ұғымы
2. Роботтардың пайда болуы
3. Сараптама жүйелері
Ү. Оқушыларды бағалау
Сабаққа өте жақсы қатысып отырған оқушыларды бағалау
ҮІ. Үйге тапсырма
Жасанды интеллект жүйесінің ұғымы
Информатикадан 11-сыныпқа арналған сабақ жоспарларының толық нұсқасын мына беттен көшіріп алыңыз: Сабақтар көшіру 2010. 11-сынып
Ұқсас тақырыптар:
- VST - жоба жасау.
- “Алгоритм” ұғымы. Алгоритмнің қасиеттері.
- VB. Меню құру және бағдарламалау
- Ұстаздар шығармашылығы: Оқу процесін ұйымдастыруда әрекеттілікті жүзеге асыру – оқушылардың өздігінен білім алуын қалыптастырудың маңызды жағдайы.
- Білім беруді ақпараттандыру және информатиканы оқыту әдістемесі
- Информатика 9 класс. Календарно-тематический план (блочный вариант).
- 2-сабақ Алгоритмді график түрінде кескіндеу. «Орындаушы» ұғымы. Орындаушының командалар жүйесі.
- Информатика 7-сынып. Айлық тест (жауаптарымен).
- «Pascal тілінде программалау» таңдау пәні бойынша авторлық бағдарлама
- Гольдбах жорамалы. Паскальда программалау.