10 Август 2011 – 18:58 | 40 пікір

Құрметті ИНФОРМАТИКТЕР!
Cайтымыз сіздердің арқаларыңызда, аз уақытта Қазақстандағы ең танымал сайттардың біріне айналып келеді. Кейбір қазақ тілді сайттар өз контенттерін біздің сайтқа қарап өзгертіп қолданушыларын да көбейтті. Біздің үлгімізбен біршама жаңа сайттар ашылды. Соған қарағанда Информатик …

Толығырақ »
Информатика

Бәрі информатикаға байланысты

Педагогика

Тәлім-тәрбиеге байланысты материалдар

Басқа пәндер

Ұстаздар шығармашылығы

Оқушылар шығармашылығы

Басты бет » Информатика

“Алгоритм” ұғымы. Алгоритмнің қасиеттері.

Опубликовал Мұқаметжан Жақаев в 3 Октябрь 2011 – 16:46Пікір жоқ
Бұл мақала 2178 рет оқылды, 8 рет бүгін

Жамбыл облысы Сарысу ауданы Саудакент ауылы Байқадам атындағы орта мектебі Математика, информатика пән мұғалімі Сейтқазиев Жанат Тұрарұлы.

Сабақтың мақсаты:
білімділік: - Оқушылардың “алгоритм” ұғымын талдау
және оның қасиеттеріне мысал келтіру, қарапайым алгоритмдерді құру дағдысын қалыптастыру.
- Алгоритмнің өрнектелу жолдарын салыстыра отырып, блок схема құру.
дамытушылық: - Оқушылардың ойлау қабілетін, сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру, шығармашылыққа баулу.
- Оқушылардың ақпараттық мәдениетін арттыру.
тәрбиелік: - Оқушыларды жүйелілікке, жауапкершілікке тәрбиелеу.
- Адамдармен қарым-қатынас жасау
қабілеттерін арттыру.
Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, оқулық, блок схема көрсетілген
плакат.
Сабақтың типі: Қорытындылау сабағы.
Пәнаралық байланыс: Математика
Сабақтың әдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап, демонстрациялап түсіндіру, есеп шығарып, жауабын алу.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Оқушыларды түгендеу.
ә) Сынып тазалығына назар аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Сыныпқа сұрақ:
• “Алгоритм” ұғымы.
• Алгоритмдерге мысал келтіру.
• Алгоритмнің қасиеттері.
• Алгоритм түрлері.
• Алгоритмді өрнектеудің тәсілдері.
• Блок схема туралы не білеміз.

ІІІ. Алгоритм құруға есептер шығару.

Балалар, біз өткен тақырыптар бойынша біраз нәрсені еске түсірдік енді сабағымыздың негізгі бөліміне келейік. Сендерге 6 сыныптан математика пәнінен Пропорция тақырыбы таныс. Кәне, пропорция дегеніміз не ?

Жауап:  Пропорция деп екі тең қатынасты айтамыз.
Енді балалар осыған алгоритм құрып көрелік.

Бір оқушы тақтаға орындайды, қалғандары дәптерге жазады.
алг Пропорция
басы
егер екі қатынас тең болса
онда пропорция деп аталады
әйтпесе аталмайды
бітті
соңы

Балалар осы есептің блок схемасы қалай болар екен. (Бір оқушы тақтаға орындайды)

Бір оқушы есепті Паскаль тілінде осы есепті орындайды.

Жауабы: (11/4)/(3/2-2/5)+(3/4+5/6)/(19/6) :

Бұл мысалдарда алгоритм, аргумент (арг) пен нәтиже (нәт) ескерілмей (күрделенбеу үшін) жазылып тұр. Бірақ меншіктеу командасын, аралық шамаларды пайдаланып тұрмыз .

Бұл шаманы жүзеге асыруда блок-схеманың көп көмегі бар деп есептеймін. Жалпы геометрия курсын оқытуды көрнекіліксіз жүзеге асыру мүмкін емес. Мысалы, 8-ші сынып геометриясындағы «Төртбұрыштар» тақырыбын алайық. Осы тақырыпты схема түрінде салсақ оқушыларға ұғынуға жеңіл екені түсінікті .

Бір оқушы есепті Паскаль тілінде осы есепті орындайды.
Жауабы: (11/4)/(3/2-2/5)+(3/4+5/6)/(19/6) :

Бұл мысалдарда алгоритм, аргумент (арг) пен нәтиже (нәт) ескерілмей (күрделенбеу үшін) жазылып тұр. Бірақ меншіктеу командасын, аралық шамаларды пайдаланып тұрмыз .

Бұл шаманы жүзеге асыруда блок-схеманың көп көмегі бар деп есептеймін. Жалпы геометрия курсын оқытуды көрнекіліксіз жүзеге асыру мүмкін емес. Мысалы, 8-ші сынып геометриясындағы «Төртбұрыштар» тақырыбын алайық. Осы тақырыпты схема түрінде салсақ оқушыларға ұғынуға жеңіл екені түсінікті .

Бұл схеманың өзі блок-схема жазуға сұранып тұрғанын көреміз. Ал әрқайсысын бір көмекші алгоритм түрінде жазуға болады.
Мысалы:

алг Ромб
басы
егер
параллелограмның  барлық қабырғалары тең болса
онда Ромб деп аталады
әйтпесе аталмайды
бітті
соңы

алг Квадрат
басы
егер
тік төртбұрыштың барлық қабырғалары тең болса
онда Квадрат деп аталады
әйтпесе аталмайды
бітті
соңы

Үшіншіден, жоғары сыныптарда (10-11) көптеген есептерді бірден алгоритм тілінде шығарып, қосымша ЭЕМ-ге есептеу үшін Бейсик тілінде программа (бағдарлама) жазып кетуге болады.

Осындай мысалдарды көптеп келтіруге болады. Олай болса заман талабына орай математика мен информатика оқулығын біріктіріп жазу керектігі қажет екендігі дәлелдеуді қажет етпейді.

Сабақты қорытындылау.
Оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма.

Ұқсас тақырыптар:

Оставьте комментарий

Добавьте комментарий ниже или обратную ссылку со своего сайта. Вы можете также подписаться на эти комментарии по RSS.

Всего хорошего. Не мусорите. Будьте в топе. Не спамьте.

Вы можете использовать коды HTML:
<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

На сайте используются Gravatar. Чтобы его получить зарегистрируйтесь Gravatar.