10-сынып. Visual Basic программалау тілі бойынша практикалық жұмыстар (ЭО).
Надирова Фарида Кенжебекқызы
Н. Илялетдинов атындағы №169 орта мектебі
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы информатика пән мұғалімі
Электрондық онлайн-сабаққа өту
Электрондық оқулықты көшіріп алу бетіне өту Сабақтар - 2011
Практикалық жұмыс №1
Тақырыбы: Visual Basic ортасымен танысу. Форма (Пішін) объектісімен танысу.
«Пішінді шерту» программасын құру
Мақсаты: Пішін объектісімен таныстыру, онымен жұмыс жасауды үйрету.
Пішін қасиеттерін баптау. Жұмыстың орындалу реті:
1. Visual Basic ортасын іске қосыңдар.
2. Пішін қасиетін келесідей өзгертеміз:
Объект
Объект аты
Қасиеті
Орнату
Пішін
Form1
Caption
Менің бірінші қосымшам
3. Пішінді екі рет шертіп, программалық код терезесіне көшеміз. Мұнда Click процедурасын таңдап, келесі программалық жолдарды тереміз:
Form1.Print “Пішінді шерту”
4. Қосымшаны іске қосып (F5 басамыз), пішінді тышқанмен шерткенде пішінде «Пішінді шерту» деген хабарлама пайда болады.
Пішінді әрбір шерткен сайын осы хабарлама шығады.
5. Жобаны сақтап қойыңдар. Тапсырма №1.
Пішіннің Font (Қаріп) қасиетін өзгерту арқылы терезе бетіне шығатын хабарламаның шрифтін, көлемін өзгертіңдер.
Қосымшаны қайта іске қосыңдар. программаны қарап шығу
Электрондық оқулықты көшіріп алу бетіне өту Сабақтар - 2011
Электрондық онлайн-сабаққа өту
Ұқсас тақырыптар:
- Visual Basic-те бағдарламалау негіздері (тамыз-2008-09).)
- И-10.Horizontal Scroll Bar, Vertical Scroll Bar, Shape базалық элементтері.
- VB. 2.11-практикалық жұмыс. Сан факториалы.
- 10 – сынып курсы бойынша берілген есепке қосымша құрудың қарапайым 3 тәсілі 3 тапсырма ретінде.
- VB. Басқару элементтері.
- Сабақтар көшіру-2010.
- Инф. 10-сынып. Тақырыптық-күнтізбелік жоспар (жаратылыстану бағыты) 2011-2012.
- И. Іскерлік ойын ( Деловая игра ). Тақырыбы : «Жеке тұлғаны қалыптастырудағы ақпараттық технологияны оқытудың рөлі».
- Информатика, матемтаика. «Жыл - информатигі» (стс).
- VB. Меню құру және бағдарламалау
Бұл мақалада айтылған сабақтың олайн-нұсқасы жақында салынады.
ИИЕБ.