Алтын күз мерекесі
Бұл мақала 13322 рет оқылды, 66 рет бүгін
Мақсаты: Күз мезгілінің қыр- сырын жете меңгере білу. Күзгі еңбек және табиғатты сүю, қорғау.
Жүргізуші: Құрметті, оқушылар, ұстаздар , ата-аналар!
Сіздерді Алтын күз мерекесімен құттықтаймыз, сіздерге зор денсаулық, молшылық тілей отырып, бүгінгі мерекелік концертімізді ашуға рұқсат етіңіздер!
Қоңыр күз келдің бе,
Қабағың түйіліп.
Қауындар, жемістер
Қалыпты жиылып.
Сарғайып жапырақ,
Сыр тартқан өзгеден,
Суынып атырап,
Салқындық көздеген.
Ботакөздің орындауында «Құстар қайтып барады» әні. Құттықтау сөзді мектебіміздің директоры Мусин Т Қ беріледі.
Құрметті халайық бүгінгі ертеңгілігіміз 3 бөлімнен тұрады.
І бөлім: Мерекелік ертеңгіліктің ашылу салтанаты
ІІ бөлім: Бар сыйымыз сізге, «Алтын күз!» сайысы.
ІІІ бөлім: Күзгі жәрмеңке
1. Таныстыру (қорғау)
2. Мәнерлеп оқу
3.Білімін тексеру 2-3-ке тыйым сөз 4-ке мақал
4. Тамақ әзірлеп әкелу және оны дай. жолын айту
5. Кепкен жапырақтардан бір затты бейнелеу
6. Өз өнерін көрсету.
7. Кім епті? ( 2-3-ке картоп аршу, 4-ке қияр мен қызанақты тарелкаға әдемілеп турап, салу
1-оқушы: Қуандырып біздерді
Мерекелі күз келді
Кел жемісті алтын күз
Кемелденсін халқымыз
Ортаға себет толы жемістері бар Күз келеді (қол соғып қарсы алу)
Күз: Сәлем өрен достарым
Өмірге көп қосқаным
Қымбатты сый алыңдар
Молайтыңдар шаттықты
Ән айтыңдар бақытты..
2-оқушы: Астық жеміс жиылды
Қамбамызға құйылды
Ардақты күз мың алғыс
Алдық өнім сыйыңды
Хормен: Ардақты күз мың алғыс.
Күз: Мен күзбін, өте еркемін, сәл нәрсеге ренжіп бұртиып, қабағымды түйе қаламын. Кейде болмашыға өкпелеп, көз жасымды аямай төгіп- төгіп жіберемін. Әйтсе де менің жомарттығым мен ақкөңілділігім үшін бәрі де ұнатады.
1-оқушы: Иә, біз сізді дархан алтын күз деп байлық, молшылық, дархан алтын күз деп білеміз.Біздің сізге аранаған сыйымыз бар .Қыздарымыз сізге арнап өз өнерлерін көрсетпек
2-оқушы: Көбейді құт- береке
Астық толы қоймамыз
Құтты болсын мереке
Алтын күзді тойлаймыз.
Күз: Барлығыңды қимаймын
Барымды мен сыйлаймын
Бір айға бір демім
Өздеріңмен біргемін.
Жүргізуші: Уа, халайық, халайық!
Мұнда назар салайық.
Мерекесі халықтың,
Алтын күзді бастайық
Алтын күзге арналған
Сайысты біз бастайық.
Жемістер жүр қадамын аңдап басып,
Келеді міне ортаға толқып –тасып.
Бөбектерін өбектеген халқым менің
Көңілді қошеметпен қарсы алайық!
Ортаға жемістерді шақырайық!
-Ендеше сайысымызды бастамас бұрын әділ- қазылар алқасын сайлап алсақ.
Енді жемістер өз орындарын білу үшін реттік номерлерін алсын.
Жүргізуші: Жемістер келіп жетті танысуға
Бойындағы бар дарынды дарытуға
Қорықпастан сахнаға келіп жетті,
Әдеппен, ізетпен танысуға.
І Өзін таныстыру (Жемістер өздерін таныстырып шығады)
ІІ Мәнерлеп оқу
Жүргізуші: Табиғат – Ана ғой,
Тағдыр ғой күз деген
Тыныштық бұзылма
Үмітті үзбеген.
«Білімді мыңды жығар, білекті бірді жығар» демекші , сайысымыздың келесі кезеңінде қыздарымыздың білімін сынайық. ІІІ Білім сайысы
Жүргізуші. Өңі қашқан бәрінің,
Оңып кеткен атырап.
Қолдарындай кәрінің
Қалтырайды жапырақ
Соңғы кезде жерге күн
Қырын қарап алыпты
Қара бұлттар жөргегін
Кептіре алмай қалыпты.
IV «Ас адамның арқауы» демекші, келесі кезеңде дайындап әкелген тамақтарын қорғап, оны тапсырады.
Жүргізуші:
Жұрттар үйде суықта,
Жұмыс біткен істеліп.
Өз билігін жуықта
Жүргізеді қыс келіп
Жапырақпен жаматып
Тастағандай үстіміз.
Листовка таратып,
Жамандайды қысты күз
V Келесі сайысымыз кепкен жапырақтан бір заттың бейнесін жасау (балапан, көбелек, гүл, балық)
Жүргізуші:Жайып салып алдыңа қалағанды,
Жемісті күз кезінде келе қалды.
Жоқ еместің бәрі бар қоржынында,
Жаратпайды бірақ ол тонағанды
VI Өнерлі өрге жүзер - демекші, келесі сайысымыз өнер сайысы, Жемістер өз өнерлерін көрсетеді.
Жүргізуші:
Күтіп жүрек біз оны әуел баста – ақ,
Жәрмеңкені жібердік дереу бастап.
Астық, мақта, Миуасын – бар байлығын
Алып қалдық еңбекке айырбастап.
VII Келесі кезеңде, қыздардың өз аналарына көмектесе -тіндіктеріністерімен дәлелдейді.Кім епті? Жылдам?
- Енді әділ- қазылар алқасы дайын болғанша мына балалардың өнерін тамашалайық.
Күз: Рахмет, балалар өнеріңе
Уақыт өтпес бірліксіз
Бақыт келмес тірліксіз.
Талмай еңбек етіңдер
Қыстан аман өтіңдер
Жарайды мен енді қайтайын. Келесі жылы келермін.Мені қуандырып қарсы алыңдар, риза етіп шығарып салыңдар. Қош сау болыңдар, келесі жылы амандықпен кездесейік!
Жүргізуші: Қош сау болыңыз, Алтын күз!
Күздің соңғы қызығын
Өстіп, достым, қарайсың.
Қурайлардың ызыңын
Марш – күйге балайсың.
Құрметті қонақтар, келесі бөлім күзгі жәрмеңкеге шақырамыз.
Ұқсас тақырыптар:
- Мұғалімдердің аттестациясына арналған тест-сұрақтары (барлық пәндерден-2012).
- Инф-8 «Дыбыстық ақпаратты кескіндеу».
- Инф-9. Паскалда есеп шығару.
- Сабақтар көшіру
- Информатикадан мемлекеттік білім стандарттары
- Информатика кабинетіне қойылатын талаптар
- Паскалдан жиі қолданыстағы тақырыптық есептер (40 есеп+шешуі).
- Файлдар көшіру
- Информатика 7-11. Оқу бағдарламасы, барлық сыныптар бойынша толық түсіндірмелерімен (екі бағыт).
- 7-8 сыныптарға арналаған «ФизМат» интеллектуалдық марафоны